kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қош бол балабақша".ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект выпускного бала в детском саду. Дети посвятили свои стихи своим воспитателям.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қош бол балабақша".ертеңгілігі»

№11 «Балдырған балабақшасы»

Жедел басқару құқығындағы

МКҚК-ның №12 «Гүлдер» тобының

тәрбиешісі: Сатаева Д.Т


«Қош бол, балабақша!» ертеңгілігі


Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері бүгінгі біздің мерекеміз ерекше, себебі бүгін бірнеше жыл тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз, әрине бұлда үлкен той тойларыңыз құтты болсын. Қадамдары құтты болып, жақсы оқып, таланты шәкірт болсын.


Балаларымыздың балабақшамен қоштасуына арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. №12 «Гүлдер» тобының балаларының өз ерекшелігіне сай тоқтала отырып ортаға шақырамыз.

1.Сұңғақ бойлы,ер мінезді Мадияр мен сүйкімді қызымыз М. Кәусар.

2.Салмақты ұлымыз Нұрәділ мен өнерлі қызымыз Жайнасын.

3.Жақсы да пысық баламыз Бағдәулет пен сүйікті қызымыз Гүлназ.

4.Ержүрек ұлымыз Ернар мен әдемі қызымыз Назерке.

5.Жан-жақты білімді ұлымыз Ерболат пен өнерлі қызымыз Ақтоты.

6.Мінезі темірдей қайсар баламыз Рамазан мен сүйкімді қызымыз Жұлдыз.

7.Салмақты ұлымыз Әсет пен алғыр да білімді қызымыз Арайлым.

8. Жақсы да пысық баламыз Жасұлан мен сүйкімді қызымыз Перизат.

9. Ержүрек ұлымыз Нұрғиса мен биші қызымыз Мадина.

10. Қайратты баламыз Нұртай мен сүйікті де сүйкімді қызымыз Бибатпа.

11. Сүйкімді қыздарымыз Аружан мен Арай.

12.Әнші қыздарымыз Айжанат пен А.Кәусар.

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер

Алты жастан өттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл ойларың,

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың, - дей отырып ортаға Жайнасын,

Нұрәділ, Ақтоты, Ерболат балаларымызды шақырамыз.

Жайнасын:Кітаптарда қаламда
Көп болатын ағамда
Мен де бұрын жоқ еді
Әкелді апам мағанда
Тазалап жуып басымды
Тарап қойдым шашымды
Бола қалдым лезде
Мен де ағам секілді.

Нұрәділ:Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз

Ақтоты: Әліпеден әріп танып
Алғаш рет оқимыз
Тәрбиешіден тәлім алып
Санамызға тоқимыз.

Ерболат: Кітаппен дос болып
Жалқаулықпен өш болып
Өседі ой мен санамыз
Біз мектепке барамыз
Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй –дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.

Ән: «Қош бол балабақша».

Жүргізуші: Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып тамсанып

Қимай кетіп барады –дей отырып ендігі кезекті

балаларымыздың тақпақтарына берейік. Айжанат,

Аружан, Нұртай, Рамазан

Аружан:Мектеп ертең барамыз
Тәртіпті бала боламыз
Үздік оқып сабақты
Үлгілі оқушы боламыз.

Айжанат:Іші толған әріпке,
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламыз
Мектепке біз барамыз.
Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым
Өзің ғана еңбегің
Бүгін де биік ұшқаным

Нұртай: Ойыншықтармен ойнадық
Тақпақты да жаттадық
Сурет салдық ән салдық
Уақыт бекер жоймадық
Рахмет деп айтмыз тәрбиеші апайға.

Рамазан:Ана тілін ардақдап
Ана тілді біз сүйдік
Сурет салып ән жаттап
Оқып жазып үйрендік.

Жүргізуші: Кіп кішкентай балалар

Барлығыда дара лар

Би билейді бұралып

Қуыршақтай құлпырып -дей отырып ендігі кезекті биге береміз.

Би: «Шарлар».

Жүргізуші: Өстің сендер мінекей

Жаттап талай тақпақты

Бала күнің бал дәурен

Ұмытылмас шақ тәтті –дей отырып ендігі кезекті

балаларымыздың тақпақтарына берейік. Жұлдыз, Гүлназ, Перизат, Әсет

Гүлназ: Әрбір сөздің мәнерін
Үйреткен көп өнерін
Адам етіп баптаған
Айтамыз тәрбиеші апайға мың алғыс

Жұлдыз: Біз де балауса баламыз
Жетісіп ой санамыз
Бақшамыз бен қоштасып
Мектепке енді барамыз.

Перизат: Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып ән жаттап
Оқып жазып үйрендік

Әсет: Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақтыКілең бестік аламыз.

Жүргізуші: Әнге толы қазағымның тірегі

Кіріп тұрса ынтымақтың тірегі

Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді

Сезіміңді сергітті жыр гүлі, –дей отырып Жайнасын қызымыз бен Арайлым қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Ән: «Қуырмаш».

(Сол кезде әліппе кіреді)

Әліппе: Сәлем гүлдей балғындар
Бақшадан әлім алдыңдар
Ата – анаңның тілегін
Ақтайтын бала болыңдар
Менің атым әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержетті
Бауыржан да мәлікте

Әліппе: Менің келген себебім сендердің мектепке дайындықтарынды тексеруге келдім. Дайынсыңдарма?

Балалар: Дайынбыз.

Әліппе: Ендеше мен сендерді тіл дамытудан тексеріп көрейін балалар мын буындардан сөз құрап беріңдерші.
А – на, Ба – ла, О – тан.

Жұмбақ: Қабат –қабат қаптама
Ақылың болса аттама
«Кітап»

Төрт қырлы өзі аппақ
Тақтадағы ізіде аппақ
«Бор»

Тілі жоқ өзінде
Сөзі бар озін де
«Қалам»
Альфавиттің А тұрады басында
Әрқашан да Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Осылардың сыры не де түсінші

Әліппе: Ал енді сендерді математикадан тексеріп көрейін.
Санамақ білесіңдерме?
Жеті атаңды ата,Жеті атаңды кім біледі.
Жеті қазынаны кім білет.

Әліппе: Балалар жарайсыңдар мен сендерге 5 деген баға қоямын. Мектепте жақсы оқуларыңа тілектеспін. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Мектеп құралдарын тез жинау»

Ойынның шарты: мектеп құралдарын тез әрі дұрыс жинау.

Жүргізуші: Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық күндерім
Естен кетпес үндерің, - дей отырып ендігі кезекті биге берейік.

Би: «Матрешка».

Жүргізуші: Ендігі кезекті тағы да балаларымыздың тақпақтарына берейік. Мадияр, М.Кәусар, Арайлым, Ербол

Арайлым:Тәрбиеші түлегіңмін
Шаттығыңсың жүрегімнің
Енді оқуға кетемін
Енді ұям мектебім
Жек көрмейді бір пенде
Тәрбиеші апайды
Бала түгіл үлкен де
Оны апай деп атайды.

Мадияр:Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер білім үйреткен
Бақшамызды қимаймыз.

М.Кәусар:Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамыз
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым
Мынау әйбат әліппем
Бәрін жинап сақтадым
Білімге жол аттадым.

Ербол: Мектепке енді бармыз
Оқимыз сауық құрамыз
Ашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз.

Жүргізуші: Әсем кештің ажары

Әсем әнсіз болама

Шырқатайық ән жырды

Шырқатайық бәріміз-дей отырып кезеті балаларымыздың әніне берейік.

Ән: «Білімің бұлағың»

Жүргізуші: Ендігі кезекті тағы да тақпақтарға береміз. Назерке, Ернар, Бибатпа.

Назерке: Сен үйреттің сөйлеуді
Сен де ойым есейді
Мектепке барам мен енді
Балабақшам қош енді

Бибатпа:Құшағыңда жарқылдап
Өтті сәби күндерің
Өсті талап талғамым
Көп нәрсені үйрендім

Ернар: Бүгін думан тойымыз
Отан қамқор анамыз
Елін сүйген баламыз
Біз мектепке бармыз.

Жасұлан:Қолға сөмке аламыз
Мектепке енді барамын
Беске оқып сабақты
Мен де оқушы боламын

Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той

Біз үшін біліп қой

Әнге салып би билеп

Жалғастырсын ойды-ой- дей отырып балаларымыздың биін

тамашалаңыздар.

Би: «Достық».

Жүргізуші:Ендігі кезекті тағы да тақпақ берейік. Назым, Арай,Бағдәулет, Нұрғиса, Мадина.

Нұрғиса: Әріптерді үйреткен
Жамандықтан жиреткен
Ұстаз біздің анамыз
Жарақыраймыз жанамыз.

Назым: Батыл бол деп өсірдіңіз
Балалық болса кешірдің
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймын өзіңізді

Бағдәулет:Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып
Біз мектепке барамыз.

Арай: Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз.

Мадина:Қош бол балабақшамыз
Қимай кетіп барамыз
Бал күндерді қиялдам
Сағынамыз әл і – ақ біз

Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларымыздың биіне берейік.

Би: «Вальс».

Жүргізуші: Мінеки, бүгін сендер үшін әрі қуанышты, әрі қимас мереке, ол балабақшамен қоштасу. Біздің балаларымыздың балабақша қызметкерлеріне арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.Ақтоты, Нұрәділ, Айжанат, Ерболат, Жайнасын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:Тәрбие берген бақшамыз
Тәртіпті баламыз
Алда үлкен белес бар
Сүрінбей өтіп барамыз , - дей отырып кезекті әнге береміз.

Ән: «Бақша туралы ән».

Жүргізуші:Құтты болсын тойларың
Сәтті болсын жолдарың
Айналайын гүлдерім
Ақшуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің
Сүйікті бала балғыншақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар
Біз сендерге тілейміз
Сәтті сапар ақ жолды!- дей отырып бүгінгі «Қош бол балабақша» атты ертеңгілігіміз аяқталды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Қош бол балабақша".ертеңгілігі

Автор: Сатаева Дамели Татибаевна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392337


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства