Құрметті ата – аналар, балабақша қызметкерлері, бүгін біз үшін қуанышты да салтанатты күн. Өйткені, сіздердің аяулы ұл – қыздарыңыз, біздің бірнеше жыл тәрбиелеген түлектерміміз балабақшамен қоштасып, жаңа өмір белесіне аттағалы отыр. Ендеше сол түлектерімізге ақ жол тілей отырып, қошеметпен қарсы алайық.Құрметті ата – аналар, балабақша қызметкерлері, бүгін біз үшін қуанышты да салтанатты күн. Өйткені, сіздердің аяулы ұл – қыздарыңыз, біздің бірнеше жыл тәрбиелеген түлектерміміз балабақшамен қоштасып, жаңа өмір белесіне аттағалы отыр. Ендеше сол түлектерімізге ақ жол тілей отырып, қошеметпен қарсы алайық.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қош бол, балабақша.»
Қош бол, балабақша.
Музыка әуенімен жүргізуші музыка залына кіреді.
Жүрг:-Құрметті ата – аналар, балабақша қызметкерлері, бүгін біз үшін қуанышты да салтанатты күн. Өйткені, сіздердің аяулы ұл – қыздарыңыз, біздің бірнеше жыл тәрбиелеген түлектерміміз балабақшамен қоштасып, жаңа өмір белесіне аттағалы отыр. Ендеше сол түлектерімізге ақ жол тілей отырып, қошеметпен қарсы алайық.
Музыка ойналып, балалар жұптарымен кіріп тұрады.
ВАЛЬС билейді.
Жүрг:-Айналайын балалар,
Өсті міне бойларың,
Тоды ақыл-ойларың,
Құтты болсын тойларың.
Көңілді де,қызықты,
Мерекеміз басталды.
Балалардың арнайы,
Жыр – маржаны шашылды.
Балалар балабақша туралы тақпақтар айтады.
ӘН: «Балдырғандар әні!» (әннен кейін орындарына отырады)
Көңілді әуенмен Білімпаз келеді.
Білімпаз:-Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен Білімпазбын. Мен сендердің балабақшада жүрген әр күндеріңді, «Балалақ шақ» кітабына жазып отырдым. Бұл кітапта сендердің қызықты оқиғаларың жазылған. Келіңдер, ендеше біз бүгін, балабақшадағы бір күнімізді еске түсірейік. Олай болса бірінші бетін ашайық не жазылғанын көрейік. (экраннан кітап ашылады, спорт залындағы зарядка жасап жатқан фотолар көрсетіледі.) – Балалар мынау, балабақшамыздың спорт залы ғой, сендер, мықты да шымыр болып өсу үшін таңғы жаттығуын жасап жатырсыңдар. Ал бүгін бізге көңілді жаттығуды жасауға, досымыз, Спортукс көмектеседі. Мен қазір ысқыруығымды ысқырайын, сол кезде Спортукс естіп бізге келеді. (мойнындағы ысқыруығын ысқырады,)
Көңілді музыка қосылып, залға Спортукс кіреді.
Спортукс:- Сәлеметсіңдерме,достар. Мен сендермен қайта кездескеніме өте қуаныштымын. Келіңдер, менімен бірге, денемізді шынықтырып,алайық. Бәріміз бірге «Көңілді жаттығуымызды» орындайық.
Музыкалық – ритмикалық қимыл «Көңілді жаттығу». Жаттығудан кейін Спортукс қоштасып кетеді.
Білімпаз:-(балаларды қзықтыра сөйлейді) Балалар, ал кітаптың келесі бетінде не жазыған екенін?
(экраннан кітап ашылады, таңғы ас кезіндегі фотолар көрсетіледі.)
Жүрг:-Олай болса, «Көңілді аспаздарымыздан» және қыздардан құралған «Конфетки» тобын қарсы алыңыздар.
Жүрг:-Білімпаз, әнде айтылды, биде биленді. Тағы қандай қызықты оқиғаң бар?
Білімпаз:-Менде бәрі жазылған,бәрі дайын. Әрі қарай тамашалайық, экранға назар салайық!(экраннан кітаптың келесі беті ашылып, топтағы сабақ кезіндегі фотолар көрсетіледі.)
Жүрг:-Балалар, мынау біздің жұмыс істеп,білімімізді көтеретін уақыт қой. Ал, қазір,сол алған білімдеріңді көрсететін кез келген сияқты. Келіңдер,қызық ойын ойнайық.
Логикалық және әріп құрастыру ОЙЫНДАРЫ.
Жүрг:-Осындай қызық ойыннан кейін әдемі ән айтайық.
Ән: «Балабақша үйіміз»
Білімпаз:-Балалар,келіңдер,кітапта ары қарай не жазылған екен көрейік?(экраннан кітаптың келесі беті ашылып, музыка залындағы ертеңгіліктердің фотолары көрсетіледі.)
Жүрг:-Білімпаз, сіз балалардың өте қызықты сәтін жазыпсыз.,рахмет. Балалар біз музыка залында көптеген әндер,билер үйрендік, солай емеспе? Сонымен қатар біз музыкалық – шуылдаақ аспаптарда ойнауды да үйрендік. Олай болса үйренгенімізді қонақтарға көрсетейік.
Шуылдақ аспаптар оркестрі.
Білімпаз қолындағы сағатына қарайап:-Балалар, серуенге шығатын уақытта болып қалыпты ғой. Ал біз серунде не істейміз, келіңдер көрейік.(экраннан кітаптың келесі беті ашылып, серуен кезіндегі фотолары көрсетіледі.)
Музыка қосылып, би – попурри: «Серуен» қыздар биі биленеді. (қолшатыр, обруч, рамалар мен түрлі түсті борлармен билейді)
Білімпаз:-Балалар,сағат 12 болып қойыпты,түскі астың уақыты. «Ас – адамның арқауы» . тамаққа отыру керек. Ал біз даладан келдік, тамақ ішпес бұрын не істейміз?
Балалар:-Қолымызды жуамыз.
Жүрг:-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса шеңберге тұра қалайықта, қолымызды жуайық.
Балалар шеңберге тұрады да, қимылдарымен көрсетеді: -
Мөлдір, таза суменен
Қолымызды жуамыз.
Хош иісті сабынмен
Алақанды ысамыз.
Сумен тағы шаямыз,
Таза болдық енді біз.
Дастарханда бәріміз
Әдепті бала боламыз.
Жүрг:-Балалар, Білімпаз қайда кеткен,оны көрмедіңдерме? (экраннан ұйықтап жатқан Білімпаздың, содан кейін балалардың фотолары көрсетіледі). Бұл біздің балабақшамыздағы түскі ұйқының уақыты екен гой. Білімпаз да дем алып жатыр.Бірақ қазір тұратын уақыт болды мен барып, Білімпазды оятып келейін. (экранның артына кетіп қалады.)
Экран қосылып, жүргізуші Білімпазды оятып жатқан видеосы көрсетіледі: -Білімпаз, тұр, уақыт болды. Мен басқа балаларды да оятайын. (экран қосылып, балалардың ұйқыдан кейінгі жаттығуы көрсетіледі.)
Білімпаз:-Бесін асымызды іштік,енді достарымызбен ойын ойнап, қызыққа бөленетін уақыт қой балалар.
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕР.
Жеке дауыста ән: «Әже жүрші мектепке» (артында балалар би билейді)
Жүрг:-Өлең де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Мың бұралған бишілер,
Би билейді біздерге.
БИ: «Лотос» (капронмен ұлдар-қыздар билейді)
Білімпаз көңілсіз болып шығады:-Ия балалар, кітаптың соңғы бетіне де келдік. Сендердің балабақшамен қоштасатын уақытарыңда болған сияқты.
Жүрг:-Сен неге мұңаясың Білімпаз, біздің балалар енді «Мектеп» деген үлкен білім ордасына барады.
Білімпаз:-Олай болса, мына қызықты оқиғалар жазылған «Балалық шақ» кітабын сізге балалардан естелік ретінде берейін. (кітапты жүргізушіге береді). Ал мен келесі кітапты жазуға кірісейін, сендерге, балалар Ақ жол тілеймін. Сау болыңдар. (кетеді)
Жүрг:-Айналайын балалар,
Алда мектеп - ана бар.
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар, даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер,
Алуға терең білімді
Мектепке бағыт алдыңдар.
ТАҚПАҚТАР.
Қоштасу көрінісі, ӘН: «Қош бол балабақша»
Балалар шарларын алып, далаға ұшыруға шығады.
«Келісілді»
Өскемен қаласы әкімдігінің
КМҚК «№100 балабақша - бөбекжайы»
Әдіскер Баелова А.Ә ________
«Қош бол, балабақша!»
ересек топтарға арналған ертеңгілік
Музыка жетекшісі: Жакупова Ж. А
Тәрбиеші: Рахымова Куляш Абеновна
Өскемен қаласы 2017ж
Алтын күз!
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, өлеңдегі бейне сөздерді табиғат ерекшелігімен салыстыра талдай білуге, үйрету ой-өрісін дамыту. Күзгі табиғат ерекшелігіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Балалар музыка әуенімен музыкалық залға кіреді. Екіден ән айтып орындарына тұрады.
Жүргізуші:
Сары жібек көйлегін желбіретіп
Жапырағын ағаштардың селбіретіп
Тойға бөлеп елімізді күзім келді
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп! –Балалар Алтын күз мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші балаларға қарап:
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман басады
Өңі тайып Дала нұры қашады
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалар жауабы: -Күзде болады!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар , ендеше күз мезгіл туралы әнімізді айтайық?
Ән: «Алтын күз» - орындарына отырады.
Залға музыка әуенімен Алтын күз келіп кіреді.
-Сәлеметсіңдерме балалар?
-Сәлеметсізбе Алтын күз!
-Жапырақ ұшты сарғайып
Күзде келді марғайып
Мерекені тойлауға менде келдім тамсанып.
Жүргізуші: -Хош келдіңіз Алтын күз, төрлетіңіз, балалардың өнерін тамашалаңыз! Төрдегі орындыққа отырады . –Балалардың орындауындағы биді тамашалаңыз!
Спорттық би
Алтын күз! –Өнерлерің өрге жүзсін, рахмет балалар! Ал менің сендермен ойын ойнағыс келеді. –Ал келіңдер, келіңдер,
Шеңбер құрып беріңдер! Балалар шеңберге тұрады
Балалар: -Күз келіпті тамаша
Айналаға қараса,
Алытн күз, алтын күз,
Не әкелдің сен бізге.
Алтын Күз: -Қамба толы ақ бидай.
Балалар: -Нан пісіреміз шаршамай.
Алтын күз, Алтын күз,
Не әкелдің сен бізге.
Күз: -Жеміс-жидек көкеніс.
Балалар:-Жинаймыз енді,
Біз көп күш.
Алтын күз,
Не әкелдің сен бізге.
Күз: -Жаңбыр толы бұлт келді,
Су боласың қаш енді.
Балалар қашады, ұстап алған бала өнер немесе Алтын күз болады көрсетеді.
Алтын күз: -Жарайсыңдар , балалар!
Жүргізуші: -Балалар, Алтын күзге арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар
Марьям:
Наступила осень
Пожелтел наш сад
Листья на березе
Золотом грят.
Рахим:
Гонит осень в небе тучи
Пляшут листья во дворе
Гриб надетый на ключке
Тащит еж к своей норе
Досым:
Стало вдруг чветлее вдвое
Двор как в солнечных лучах
Это платье золотое
Березы на плечах
Саида:
Если на деревьях
Листья пожелтели
Если в край далекий
Птицы улетели
Нұртуған:
Если небо хмурое
Если дождик льется
Это время года
Осенью зовется.
Дария:
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға иілді,
Алтын астық алтын тау.
Санжар:
Ой,балалар, балалар!
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ салыпты,
Ел егінін алыпты.
Аяла:
Көрініп еліне
Күндері береке,
Келді ғой желбіреп
Күз деген мереке.
Рустам:
Көктемде егін ететін.
Күзде жиып беретін.
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала.
Алдияр:
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Жемісін мол беретін күз дос екен бізбенен.
Асанәлі:
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
Назерке:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дина:
Құстар қайтты ән салып,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп гүл солып,
Қыз ызғары басталды.
Руза:
Жайсаң жаз өтті, күз келді,
Сарғайтып бақты, даланы.
Шақырады күзде енді,
Гүл теріге баланы.
Асылжан:
September is a time
Of beginning of school
Beginning of school
Beginning for all
Алдияр:
The lives are falling
One by one
Summers over
Schools began
Ермахан:
Dow, down
Yellow and brown
The lives are falling
Over the town
Алтын Күз: балаларға қарап –Балалар қараңдаршы жаңағы жаңбырдан кейін жеміс-көкөністерімізді пісіпті!
Жүргізуші: -Балалар, мына қызықты қараңдар, жемістер мен көкеністер араласып кетіпті, келіңдер оларды ажыратып ыдыстарға салайық.
Ойын «Кім жылдам»
Алтын күз! –Жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші:-Ал , балалар, Алтын күзге арналған әнімізді айтып берейік.
Ән «Күз тамаша»
Алтын күз: -Көңілді де, қызықты
Мерекемізде бітті.
Тілеймін жақсы тілекті.
Дәрумені көп жеміс,
Сыйлаймын мен сендерге.
Күз ханшасы балаларға әкелген сыйлықтарын беріп, мерекемен құттықтайды.
Тәрбиеші: -Рахмет саған алтын күз. Балалар сендерді мерекелеріңізбен құттықтаймын, әрдайым жүздеріңнен күлкі кетпесін. Ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
Өскемен қаласы әкімдігнің КМКҚ «№100 балабақша-бөбекжайы»
Алтын күз
«Бүлдіршін» ересектер тобы
Тәрбиешілер: Кумарбекова Р.К
Рахымова К.А
Өскемен, 2016 жыл
Бейбіт күні жасасын!
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті Ата аналар, ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. Өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың халқымыздың шексіз қаһармандығымен мұқалмас қажыр-қайратының мерекесі Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтаймын. Ендеше «Бейбіт күні жасасын!» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жауынгер біздің саңылақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін
Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.
«Қазақтың елі» әні қосылып, балалар залға кіредіде, музыкалық қимылдар жасайды.
Тақпақтар.
1:Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
— Дұрыс, — десті, — сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де —
Жеңіс күні, шырағым!
2:Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай
Тойып жейтін нан болып.
3 :День Победы! Т. Маршалова
Праздник Победы - это праздник весны,
День пораженья жестокой войны,
День пораженья насилья и зла,
День воскрешенья любви и добра.
Воспоминаний о тех, кто себе
Целью поставил, чтоб впредь этот день
Символом стал всех стараний людей -
В мире и счастье растить малышей.
4:Никто не забыт (А. Шамарин)
«Никто не забыт и ничто не забыто» -
Горящая надпись на глыбе гранита.
Поблекшими листьями ветер играет
И снегом холодным венки засыпает.
Но, словно огонь, у подножья – гвоздика.
Никто не забыт и ничто не забыто.
5:Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Ән: «Жеңіс күні» (орындарына отырады)
1.Жеңіс келді көктеммен
Тоғызыншы мамырда!
Талай жылдар өткенмен
Жеңіс күні жадымда
2.Оқ бораған сол уақыт
Енді аңыз секілді
Жеңіс күні бұл бақыт
Ерке қыздай кекілді.
3.Елі үшін айқасқан
Ер мәңгілік алауы
Бейбіт күн мен айлы аспан
Отанымның қалауы
Жүргізуші:Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жауынгер- майдангерлер өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске деген мұқалмас ерлік-жігер таныта білді.
Талай жанды қиды ажал балтасы.
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.
Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз.
Ел қорғаған батырлардың арқасы.
Би: «Катюша» (қыздардың орындауында)
Жүргізуші: Балалар енді бір қызық ойынның кезегі келген сияқты.
Жүргізуші:Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.
Екі бала экранның алдына гүл қояды
Жүргізуші:Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Ұландары елімнің.
Бүлдіршіндер бейбіт күннің бүгінгі,
Ән шумағын өздеріңе жолдап тұр.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз!»
1.Аяздарда тоңбаймыз,
Аптапқа да төземіз.
Түнде де жол барлаймыз
Суда еркін жүземіз
Қайырмасы:
Бұл шақта,бұл шақта
Кішкентаймыз қазір біз
Кішкентай болсақ та
Ел қорғауға әзірміз.
Кішкентай болсақ та
Ел қорғауға әзірміз
2.Біз Отанды сүйеміз
Біз Отанға адалмыз.
Көгілдір ту-иеміз,
Қалай жасық болармыз
Қайырмасы:
Жүргізуші:
Ал қазір бейбіт өмір басталды.Ел қорғау адамзат үшін басты парыз.Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз.Сондықтанда бейбіт өмірдің ұландары бола аламыз.Ұландарды Ұландар күнімен құттықтап ән жолдаймыз
Ән: «Ұландар күні»
Қызғалдақты көктемде,
Мерекеміз жеткенде.
Жас ұландар,бас әнге,
Нөсер жауын төкккендей!
Нан-нан-на,
Нан-нан-на.
Ұландардың Күнінде,
Көк Байрақты елімде.
«Отаным»деп шырқаған
Той өтуде бүгін де!
Тақпақ: Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!Болмасын!
Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!
Мерекелік шарамызға қонаққа келген ағаларға береміз.
Жүргізуші:
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, «Бейбіт күні жасасын!» атты мерекелік шарамыз аяқталды.