Просмотр содержимого документа
«Қош бол, балабақша!»
Балабақшамен қоштасу кеші.
Әуен ойналып, слайд жүреді.
Жүргізуші: Ерте,ерте,ертеде, күн астындағы «Күншуақ» деген бақшасында жүрегі әлемге деген махаббатқа толы, тәрбиелі де, сүйкімді балалар тәрбиеленіпті.Сол бақшада күн нұрынан жиылған алтын шашты кішкентай қыз болыпты. Кішкентай қыздың мейірімі мен пейілінің кеңдігі соншалық оның аяқ
басқан жерінен гүл өсіп, қолы тиген жерден көбелек ұшатын. Күннің шуағына
теңелген ол қыздың батыл да, батыр, жамандыққа әрдайым қарсы тұратын досы болыпты. Бірақ, сол тамаша күндердің тізбегін жамандық пен қараңғылықтың белгісі Мыстан келіп үзді.
Мыстан: ООО, міне, міне мен өзімнің сұлулығымды қайтаратын жол таптым.
Мына қыздың әдемі жүзіне енді мен ие боламын.
Сол мезетте бақша басын қара басын қара бұлт торлап, күннің нұры тиылды. Бірақ Қайсар батыр мұндай зұлымдыққа жол бермеймін деп Мыстанға қарсы
шығып, өзіне дос, бақшаға күн сәулесін қайтарады.
Сабина:
Сүйген өз қыз, өз ұлын. Бөбегім деп аянбай Балабақша өз үйім Болды менің анамдай.
-Құрметті ұстаздар, ата-аналар және балғын бүлдіршіндер! Бүгінгі «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Бүгін бүлдіршіндеріміз балабақшадан тәлім –тәрбие алып, өнер үйреніп, білімге жол ашқан мектепке қадам басқалы отыр. Балалардың қадамдары құтты болсын дей отырып бүгінгі ертеңгілімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер. Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер.
Олай болса балабақшаның 2016 жылғы түлектерін тағы бір қошеметтеп, қол соғып ортаға шақырайық.
Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын,
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың.
Басқарып басшы болып осы ұжымды
Баршаны аялаған алақаның – дей келе, балабақшамыздың меңгерушісі Алмажай Тажиданқызына сөз берелік.
Тақпақтар айтылады.
Айнұр:
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз.
Дәулет:
Тәрбиелеп өсірген,
Балабақшам бар менің.
Үйретіп өнер-білімді
Артады бізге зор сенім.
Әділхан:
Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Ойын – күлкі ордасы,
Біздің балабақшамыз.
Ән: «Біздің балабақшада»
Әуен естіліп, залға Білім ханшайымы келеді.
Білім ханшайымы: Қанша бала, қанша халық! Сәлеметсіңдер ме, құрметті қауым!
Мен мейірімді,ақылды және сауатты Білім хашайымымын!
Жүргізуші: Балалар, қандай ғажап, бізге Білім ханшайымы дәл келді!. Білім ханшайымы, біздің бүлдіршіндеріміздің бүгін ерекше күн, бізде бүгін үлкен мереке. Білім ханшайымы: Мереке дейсіңдер ме? Мерекені мен өте жақсы көремін. Ал сендердің тойларында мен қандай көмек бере аламын? Жүргізуші: Білім ханшайымы, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің армандарын орындай аласың ба? Олар өскенде кім боламыз дегенді армандап, осы ағаштың жапырағына өз арман-тілектерін жазды. Білім ханшайымы: Дұрыс, бұл ағаш- жәй ағаш емес, бұл сикырлы ағаш, егер сендердің тілектерін бұл сиқырлы ағашта тұрса, онда олар орындалады. Қызық екен, қандай тілектерді сендер жаздындар? Көруге болама?( бір парақты ағаштан алады, окиды) Мұнда « аудармашы, тілші »-боламын деп біреу жазыпты.
- Балалар, сендер казак тілден басқа қандай тіл білесіндер? ( балалардын жауабы)
Білім ханшайымы: Ал мен, өкінішке орай шетел тілдерді білмеймін. Жүргізуші: Білім ханшайымы, біздін балалар сізді орыс тілінде ән айта біледі?
Ән: «До свидания детский сад » Каренова Салтанат, Кеңес Салтанат.
Әуен естіліп, ішке Сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Меа, мұнда мереке болып жатыр ма? Мен де қатыссам бола ма? Тағы бір жапырақты көрейін...Бұл маман маған өте таныс. Мұнда «циркте жұмыс істеймін» деп жазган, біракта циркте көп маман бар, балалар көмектесіндер, олар кандай: жонглер, сайкымазак, дұрыс, тағы: акробат, сикыршы бар, дрессировщик? Сайқымазақ ойын көрсетеді.
Ойын: «Текшелер»
Ана,Әке, Бала сөздерін жазу.
Тақпақ: А -деген ол аналар ғой,ардақты
Ә – деген ол әкелер ғой, салмақты.
Б – деген ол балалар ғой, әдемі.
Біздің үйде үшеуі де кәделі.
Спорттық би: «Көңілді балалар»
Білім ханшайымы: « Тәрбиеші, ұстаз болғым келіп тұр» біреуі жазыпты, мына жапырақта да, мында да...Бұл керемет кызык маман шығар? Тәрбиеші балаларды тәрбиелейді, окытады, мейрімді болуға, ақылға үйретеді, тіпті балалармен бірге ойнайды да! Жүргізуші: Білім ханшайымы, балалар жыл бойы көп нәрсеге үйренді, білгендерін сізге қазір көрсетеді.
САНАУ, ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕП, ЖҰМБАҚ, МАҚАЛ-МӘТЕЛ, Т.Б...
ОЙЫН (ата-аналармен)
Ортаңғы топ балаларының лебіздері:
Ән: «Томпаңбай».
Дымбілмес: Мына кағазға біреу кемпірқосақтың суретін салыпты, сірә суретші болғысы келеді ғой деймін. Мен түстерді білмейтін едім, кім айтып береді, кемпірқосақта неше түс болады?.....
Қыздарымыз көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп
Би билейік шаттана
Би: «Кемпірқосақ»
Сайқымазақ: Ал бұл маман маған өте ұнайды, мұнда «әртіс боламын»деп біреуі жазған. Ал әртістер,шығындар, өнерлерін көрсетіндер .
Ән: «Мама»орындайтын Қалқанов Дильнар
Ансамбль топ.
Білім ханшайымы: Тағы бір жапырақ жұлайын...Ой! Мұнда « Президент» деген сөз жазылған. Президент деген ол елдің басшысы ғой! О, президент болу үшін көп нәрсе білу керек, мінезі да жақсы болу керек, барлығымен ұрыспай, тату жүру керек, әсіресе өзге ұлт өкілдерімен, соғыс болмау үшін,дос болу керек.
Жүргізуші: Келесі кезекті балалардың тақпақтарына берелік.
Салтанат Кеңес:
Балабакшам-бесік тұлға байсалды Құшақ жайып өзің мені қарсы алдың Қуанышты, жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, тәрбиеші, баршаңды!
Алина:
Күннен-күнге өсіп біздер келеміз Үлкен болып қиындықты женеміз Сіздің де біздер үшін сіңірген Еңбегіңізге, өзіңізге басымызды иеміз
Еркеназ:
Талай-талай баспалдықты аттармыз Ата-ананын үмітін де ақтармыз Тәрбиеші апайлар, сізден алған ақылды Есімізде өмір бойы сақтаймыз
Әлия:
Жадыраған, жаздай жылы, жаны бар Жақсылыктың шырағы боп жағылар Қадірлі ұстаздар, гүлмен бірге жайнаған Шәкіртіннің жүрек сөзін қабыл ал.
Білім ханшайымы: Тағы бір жапырақ жұлайын...Ой! Мұнда « Президент» деген сөз жазылған. Президент деген ол елдің басшысы ғой! О, президент болу үшін көп нәрсе білу керек, мінезі да жақсы болу керек, барлығымен ұрыспай, тату жүру керек, әсіресе өзге ұлт өкілдерімен, соғыс болмау үшін,дос болу керек.
Ән: «Достық»
Білім ханшайымы: Міне, біздің сиқырлы ағашта жапырақтар қалмапты… Енді сендердің жазған тілектерінді мен мына сиқырлы кұмыраға салайын, оны жақсылап жауып, 20 жыл өткен соң ашасындар, мен ойлаймын сендердің жазған армандарын орындалады. Сендер сондай ақылды, өнерлі, тәрбиелі,білімді екенсіңдер, осы ойлаған жазған армандарың орындалады, Ал мына кұмыраны біз осы балабақшанын меңгерушісі Алмажай Тажиданқызына сақтап қоюға, тапсырып кетейін. Ал, менің кететін уақытым болып қалыпты. Сендерге тек қана жақсылық тілеймін, мектепте озат болындар, ұстаздарды құрметтеп, алғашкы тәрбие берген апайларды ұмытпандар! Сау болыңыздар! (кетеді) .
Балабақша педагогтарын құттықтап,мадақтау.
Ақерке:
Бақшамыздың тірегі Ұлы-қызы сүйеді Қарсы алады келгенде Жылы жүзбен күледі. Меңгеруші бақшамызда Алмажай Тажиданқызы Мың алғыс айтып қоштасарда, Қимайды сізді ұл-қызың.
Дильнар:
Жайдары жүз, ай қабақ Жүреді бізді аймалап Тобымызға жиі келіп Білгенінді сұрайтын Білмегенін үйретер Кетеміз сізден алыс Әдіскер Жұлдыз Юлайқызы Сізге мың алғыс!
Ойыншық та, кесе де, Шанышқы мен тәрелке Орындық, шкаф, төсекте Бәрі өзі келе ме? Соның бәрін табатын Шаршамайтын күлетін Зыр жүгіріп жүретін, Марина апайға мың алғыс!
Ақмарал:
Үйретіп әнді, билерді Тақпақтар мен күйлерді Өткізуді кештерді Дайындайтын біздерді, Лариса Илалқызы Сүйеміз біз сіздерді.
Марлен:
Қайнаған су әкеліп Іш деп дәрі береді Жылтындатып инесін Түршіктірер дененді Витамин жеп қолынан Өскен сәби баламыз Жайнаүгл апай сізге де Алғысымыз көп біздің.
Салтанат Каренова:
Тақпақты да жаттаймыз Әнге, биге баптаймыз Орыс тілін үйреніп, Ақ сенімді ақтаймыз. Нұрлы Зайытқызына Бас иеміз әрқашан
Асыл:
Жаттығулар жасатып Шынықтырар біздерді Денемізді тік ұстап Сұлу болып өстік біз Рауза Жайлаубайқызы Айтамыз біздер мың алғыс
Айгерім:
Тәрбие берген ұямыз Тәртіпті бала боламыз Қоштасып психологпен Біріншіге барамыз Гүлмира Сидагытоллақызына Мың алғыс айтамыз.
Жоламан:
Тәтті тамақ пісіретін, Айран сүтін ішкізетін, Аспазшылар Бақыт апай
Ақшагүлге апай сіздерге Айтамыз бізден мың алғыс! Жұлдызай:
Есеп- қисап жүргізетін Бақшаға кіріс кіргізетін. Света апайға Бас иіп алғыс айтамыз! Нұрлыбек: Төсек орын тап-таза Аппақ жуған сүлгісі Бейбіт пенен Гүлсім апай Сіздерге де балалардан мың алғыс!
Айзере:
Балабақшам бесігім, Қайсысын айтып бітейін Қабыл алшы әнімді, Саған сыйлап кетейін! Гүл сыйладық, жыр сыйладық Қүрметтейміз сіздерді. Әсем әуен ән сыйлаймыз Үмытпаңдар біздерді!
Ән: « ҚОШ БАЛАЛАР БАҚШАСЫ! »
Әннен кейін меңгерушіге сөз беріліп, дипломдар табыс етіледі. Ата – аналар алғысын білдірген соң балалар далаға шығып, қолдарындағы шарларын ұшырады.