kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің дидактикалық ойындар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балалар үшін арналған қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің дидактикалық ойындар жинағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің дидактикалық ойындар жинағы»

«Не өзгерді?»


Мақсаты:Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Көнекіліктер:Жеміс пен көкөністің мульяжы.

Ойын барысы:Тәрбиеші жеміс пен көкөністің бір-екі түрін араластырып қойып. Балаларға көздерін жұмуын сұрайды. Сол арада жеміс пен көкөністің арасынан біреуін алып жасырып қояды. Көзін ашқан балалардан не өзгергенін сұрайды. Ойын осылай жалғасады, барлық балалармен бірге ойналады.

















«Жыл мезгілдері»


Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету(қыс,көктем,жаз,күз). Мезгіл өзгерістерін талқылау.

Көрнекіліктер: Жыл мезгілдері суреттері мен карточкалары.

Ойын барысы:Тәрбиеші балалардан жылдың қай мезгілі екенін сұрайды. Жыл мезгілі төрт бөліктен тұрады,әр бөлікке сәйкес мезгілдердің ерекшелік карточкасы бар.

Балалар жыл мезгілдерінің өзгерістері карточкасын алып сәйкес келетін мезгілдерге қойып шығады.(мысалы:қыс мезгіліне қар,шырша,аққалат.б.)











«Зоологиялық фриздер»


Мақсаты:Балаларды антоним сөздері туралы түсінік қалыптастыру. Заттың көлеміне қарап салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарлары құстардың дене бітіміне қарап зообаққа орналастыру оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:жабайы аңдар мен үй жануарлары

Ойын барысы:Зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торлауға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян,тиін кіші торға орналастыруы қажет. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен,қоян кіші сондықтан үлкен торға пілді,қоянды кіші торға орналастыр.
















«Заттық фриздер»


Мақсаты:Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту,сөздік қорын дамыту.

Көрнекіліктер: ыдыс,суреттер(көкөністер мен жемістер)муляж, қоржын.

Ойын шарты:Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суретті муляждары салынған ыдыстан бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап,түр-түсін ажыратады.

Бала ыдыстан немесе қоржыннан алманы алып пішінін,түсін,дәмінжәне қасиеттерін айтады. Көзін байлап қойып,қоржыннан бір заттыалғызады. Ол оны сипалап,не екенін ажыратады да сипаттайды,атын айтады.






«Жапырағына қарай ажырат»


Мақсаты:Ұқсас белгісіне қарай жапырақтарды таба білуге жаттықтыру.

Сөздік қорын толықтыру,есту,қабылдау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер:әр түрлі жапырақтар

Ойын шарты: жапырақтарды салыстыру,қай ағаштың жапырағы екенін табу.


















«Не қайда өседі?»


Мақсаты:Балалардың өсімдіктер жөніндегі білімдерін бекіту, заттар арасындағы кеңістік байланыстарын анықтау дағдысын дамыту,өсу орнына қарай өсімдіктерді топтастыру. Балалардың өз бетінше ойлау қабілетін және белсенділіктерін дамыту.

Көрнекіліктер:бақ пен бақшаның,жеміс пен көкөністердің суреті.

Ойын шарты:бақ пен бақша салынған.























«Үй жануарлары мен жабай жануарларды ата»


Мақсаты:Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін,зейінің тәрбиелеу,белсенділігін артыру.

Көрнекіліктер:орманның суреттері салынған үлкен картаның астындағы бос тор көздер,тиісті жануарлар.

Ойынның барысы:ойыншылар екі топқа бөлініп,әртүрлі табиғат көрінісі салынған бір-бір үлкен картадан алады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар жануарлар бейнеленген үлестірмелі карточкаларды үлкен картадағы салынған сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерді толтырып, жануарларды дұрыс атаса,сол жеңіске жетеді.
















Қайсысы қайда тіршілік етеді


Мақсаты:жануарларды ұқсас белгілеріне қарай табу,олардың мекен-жайын анықтау. Сөздік қорын молайту.

Көрнекілік:әр түрлі жануарлар,құстар суреті

ойын барысы:әр түрлі жануарлар,құстарды көрсетіп,олардың қайда өмір сүретінін сұралады. Оларды немен қоректенетінін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер еңгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы білетін тақпақтарын сұрайды.














«Табиғат құбылыстарын ажыратып олардың қасиеттерін ата»


Мақсаты:Қассиетіне қарай:қар мен жаңбырды ажырата білу,табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін бекіту,қатты,жұмсақ,ериді,буға айналады.

Көрнекіліктер:қар мен жаңбыр бейнеленген суреттер.

Ойын барысы: Балаларға қар мен жаңбырдың суреттерін көрсетіп,олардың бір-бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында табиғат құбылыстардың қасиеттерін айтып берулері керек.















«Нан дастарханға қалай келеді?»


Мақсаты:Бидайды қалай өсіру және одан нанды қалай жасау жөніндегі балалардың білімдерін толықтырып жүйелеу. Диқаншылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Сөздік қорын толықтыру:майдалау,себу,диқаншы,комбайын,элеватор,диірмен.

Көрнекіліктер: егін даласына қажетті суреттер

Ойын шарты:Жүргізушінің белгісінен кейін бос тор көздерді жарыса отырып,қажетті суреттермен толықтыру.
















«Бұл қандай құс?»


Мақсаты: белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстардың суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу.

Көрнекіліктер: құстардың суреттері.

Ойын барысы: Жүргізуші қарлығаш пен тоқылдақтың суреттерін балаларға көрсетіп,әр қайсының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшелігін суреттеп, аттарын атайды. Бұл құстарды тағы қалай атауға болады? Олардың қандай пайдасы бар?(тоқылдақ орман дәргері,қарлығаш адамның досы)


















«Үй жануарлары»


Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға,олардың қимылын,қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттер,оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:үй жануарларының,төлдердің суреті.

Ойын барысы:Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі,олардың қалай аталатынын,қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап,үй жануарлары туралы білетін жұмбақтарын шешкізеді.













«Жалпы атауын ата»


Мақсаты:Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ен соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.

Көрнекілік:жемістер,ойыншықтар,оқу құралдары

ойын барысы: Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.














«Қайсысы ұнайды?»

Мақсаты:Суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын,не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.

Көрнекілік:Әр түрлі суреттер,жануарлар,жыл мезгілдерінің суреттері

Ойын барысы:Әр түрлі суреттерді көрсетіп,олардың қайсысының ұнайтыны туралы сұралады, олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін тақпақтарын айтқызуға болады.









«Не артық?»

Мақсаты:Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Әр түрлі құстар мен жануарлары бейнеленген суреттер.

Ойын барысы:Үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден не артық екенін табады. Берілген суреттерді топтастырып,оларды жалпы атауын айтады.

Неліктен артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.














«Сандық»

Мақсаты:Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуге баулу. Ойын шартын түсініп,ондағы мақал-мәтел,жұмбақ дұрыс анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып,тапсырманы орындауда достық,жолдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Сандық, түрлі-тісті асықтар, тапсырмалар жазылған конверт.

Ойын барысы: сандық ішіне салынған түрлі-тісті асықтар. Асықтар қызыл,жасыл,сары түске боялған. Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Ол тапсырмалар конвертке салынады:жасыл асық алған бала-жұмбақ жасырады,сары түсті алған бала -мақал-мәтел айтады,қызыл түсті алған бала тақпақ айтады.












«Сән ательесі»

Мақсаты:Балаларға суреттен көрген киімдердің аттарын атап,киімдер мен ұлтық киімдерді ажыратып топтастыруға баулу, мата түрлерін ажырата алуға үйрету,қайсынан қандай киім тігеді жайлы түсіндіру.

Көрнекілік: жаңаша киімдер,ұлттық киімдер

Ойын барысы : бірнеше матаның қиықтары алып,қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып,суретке бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.








«Жер, су, ауа»

Мақсаты:балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге,жерде ,ауада,суда не болатынны дұрыс айтуға төселдіру,қоршаған ортаға қамқорлық сезімен тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:асық

Ойын шарты:балалар дөңгелеіп отырады.Бір бала ортаға шығып балалардыі кез келгінене асық лақтырып жібереді де жер су ауа деген сөздің бірін айтады.Егер бала жер десе асықты қағып алған сезімен тәрбиелейік.Бір бала ортаға шығып,балалардың кез келгеніне асықта лақтырып жібреді де жер се ауа деген сөздік бірін айтады.Егер бала жер десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды,адамдарды,өсімдіктерді атайды.Ал су сөзі айтылса,балық балардың аты аталады.Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.

Осылй ойын жалғаса береді.

















«Бұл қай кезде киеді?»

Мақсаты:әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндату арқылы сөздік қорларын молайтып,ауыз екі сөйлеуге баулу.

Көрнекілік: жыл мезгілдеріне сай киімдердің суреті

Ойын шарты:суреттегі киімдерді қай мезгілде киетіндігін айтқызу.












«Бізге күз не әкелді?»


Мақсаты:Күз бізге не әкелгені туралы білімдерін бекіту. Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына пайдасы туралы ұғымдарын бекіту. Ойын арқылы түстерді, жемістер мен көкөністерді ажырата және атай білуге үйрету. 

Көрнекіліктер: Күздің суреттері,  жемістер мен көкөністердің суреттері.

Ойын шарты: суреттерін көрсетіп,олардың бір-бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында олар туралы балалардың білетін тақпақтарын айтқызуға болады.













«Кімге не керек?»

Мақсаты:Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.

Ойын шарты: суреттегі мамандықтарты атау және оларға жұмыс барысында қандай құралдар керек екеннің табу.







































«Қайдан сатып алуға болады?»


Мақсаты: Азық - түлік, көкөніс, жеміс - жидек атауларын еске түсіру мен оларды ажырату білу .
Алма, нан, сүт, ірімшік, қияр, пияз, орамжапырақ, таңқурай, бүлдірген, құлпынай, май, қаймақ, шұжық, алма, жүзім, алмұрт, сәбіз, қызылша
Азық – түлік дүкені
көкөніс дүкені
жеміс - жидек дүкені

Ойын шарты:
Әр тағамды өз дүкеніне орналастыра алады.

Мысалы: Мен әжеммен азық-түлік дүкеніне бардым. Әжем нан, май, сүт, ірімшік сатып алды. Кейін біз көкөніс дүкеніне бардық.
Онда біз орамжапырақ, қартоп, қияр, қызанақ сатып алдық.














«Жануарларды қалай күту қажет?»


Мақсаты: Балаларды жануарларға қайырымдылықпен қарауға тәрбиелеу.

Балалардың үй жануарлары туралы білімін тереңдету және жүйелеу. Балаларды сипаттау арқылы жануарларды білуге үйрету. Өз көңіл-күйін білдіруге, басқаның көңілін түсінуге баулу. Білімдерін бекіту.

Ойын шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын білдіреді.

- Жануарларға қалай қарау керек, қандай қарым-қатынаста болу ережесін құрайық:

  1. Жануарларды жақсы көру керек.

  1. Жануарларды күту керек.

  1. Уақытында тамақтандырып, серуенге шығарып отыру керек. Олармен ойнау керек.

Оларды ызаландыруға, аяқпен тебуге, ауыртуға болмайды












«Гүлдерді күтеміз»


Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді.

Ойын шарты: гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.

















«Құстарға қалай көмектесеміз?»


Мақсаты:Балаларға құстар туралы білім беру,білімдерін жетілдіре түсу. Суреттер бойынша есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.

Ойын шарты:суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру.  Балалар сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады. - Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесеміз?

- Құстар ұяны не үшін салады?

- Құстардың денесін не жауып тұрады?

 





















Қоршаған орта бойынша дидактикалық ойындар жиынтығы







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің дидактикалық ойындар жинағы

Автор: Санабаева Нұрбала Ахметоллақызы

Дата: 17.04.2018

Номер свидетельства: 466571


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства