kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қимылдық спорттық ойын : Біз бақытты баламыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қимылды-спорттық ойын  тақырыбы: «Бақытты біз баламыз»

 Мақсаты: Спорттық  эстафеталық  жарыстарға  деген қызығушылықты арттыру.Спортқа деген сүйіспеншілігімізді нығайту.Ептілікке шапшаңдыққа жаттығу.

Жарыстың көрнекілігі: 10 кубик, 2 үлкен доп,белгі,  2туннэль,

2гимнастикалық орындық,10құрсау.

Жарыстың барысы:

Жүргізуші:

                   Спорт дегеназанда,

Алады да тұрғызып.

Еріншектік аз  онда,

Бастайдыойынбірқызық.

Аязда да тоңбайсың,

Ыстыққа да күймейсің,

Сергектіктіқолдайсың,

Жалқаулықтысүймейсің,

Бақытсененқашпайды,

Өнербілгенпайдалы,

         Спорт соныңайғағыдейтұрып,

Бүгінгімұғалімдермерекесінеорай,тәрбиешілерарасындаөткеліжатқан, «Бізспорттысүйеміз»аттыжарысқақошкелдіңіздер! Тәрбиешілердімұғалімдермерекесіменқұттықтайотырып,зорденсаулық,молбақыт,жұмыстатабыс,қажымасқайрат,жүздерінекүлкі,қуаныш,көлдейкөңіл,өзендейөміртілейміз.

Жарысымыздыбастамасбұрынәділқазыларымыздыатапөтейін:

 1.Балабақша директоры   Бесмағамбетова Раушан Кадиханқызы

 2.Балабақша әдіскері  Аймаганбетова  Сара Комекбаевна

 3.Балабақша өзін-өзі тану маманыСмайлова Ляззат Жанарысовна

Жүргізуші:

Уахалқым,назараударденсаулыққа,

Өмірдебақыттысыңденіңсауда.

            «Денсаулық-тереңбақыт»дегенсөзді

Құрайтпағанұлы Абай данамыз да.

Деніңсаудакүштісіңбұләлемде,

Деніңсаудасұлусыңжербетінде.

Солмықтыденсаулықтыңарқасында

Жетерсіңәліталайбақыттарға.деп,- ортаға

1.Толағайтобыншақырамыз.

 2. Денсаулықтобыншақырамыз.

Жарысымыз «5» турдантұрады.

 1.Топтын аты,ұраны,эмблемаментаныстыру.

 2.Доппен кедергілердінарасынанөт.

 3.Үлкен доппенсекір.

 4.Гимнастикалық орындықтанішпенжылжыпөтіп,іздерденөт.

 5.Құрсауды бастанкиіп,аяқтаншеш.

 6.Топтын өнері.

Ендешежарысымыздыбастайық, топтарғаіскесәт.

 1.Топтын аты,ұраны,эмблемаментаныстыру.

 1.Толағай

 2.Денсаулық

2.Допты екіаяқтынортасынақысыпалып,қолбелде,кедергілердінарасынан,ирелеңдепсекіріпбарып, секіріпкелу.

 1.Толағай

 2.Денсаулық

 3.Белгіге дейін, үлкендоппенсекіріпбарып,секіріпкелу.

 1.Толағай

 2.Денсаулық

 4.Гимнастикалық орындықтанішпенжылжыпөтіп,саусақіздерденөту.

 1.Толағай

 2.Денсаулық

 5.Құрсауды бастанкиіп, аяқтаншешіпөту.

 1.Толағай

 2.Денсаулық

 6.Әр топ өзөнерінкөрсетеді.

 1.Толағай

 2.Денсаулық

Балабақша директоры   Бесмағамбетова Раушан Кадиханқызынасөзберіледі.

Әділқазыларалқасынасөзберіледі.Топтарғасыйлықтарымен  1-ші,2-ші орындарберіледі.

Осыментәрбиешілерарасынанқұрылған «Көңілді спортсмендерміз»аттықимылды спорттық сайысымыз аяқталды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қимылдық спорттық ойын : Біз бақытты баламыз»



Қимылды-спорттық ойын тақырыбы: «Бақытты біз баламыз»


Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру.Спортқа деген сүйіспеншілігімізді нығайту.Ептілікке шапшаңдыққа жаттығу.

Жарыстың көрнекілігі: 10 кубик, 2 үлкен доп,белгі, 2туннэль,

2гимнастикалық орындық,10құрсау.


Жарыстың барысы:

Жүргізуші:

Спорт деген азанда,

Алады да тұрғызып.

Еріншектік аз онда,

Бастайды ойын бір қызық.

Аязда да тоңбайсың,

Ыстыққа да күймейсің,

Сергектікті қолдайсың,

Жалқаулықты сүймейсің,

Бақыт сенен қашпайды,

Өнер білген пайдалы,

Спорт соның айғағы дей тұрып,

Бүгінгі мұғалімдер мерекесіне орай,тәрбиешілер арасында өткелі жатқан, «Біз спортты сүйеміз»атты жарысқа қош келдіңіздер! Тәрбиешілерді мұғалімдер мерекесімен құттықтай отырып,зор денсаулық,мол бақыт,жұмыста табыс,қажымас қайрат,жүздеріне күлкі,қуаныш,көлдей көңіл,өзендей өмір тілейміз.

Жарысымызды бастамас бұрын әділқазыларымызды атап өтейін:

1. Балабақша директоры Бесмағамбетова Раушан Кадиханқызы

2.Балабақша әдіскері Аймаганбетова Сара Комекбаевна

3.Балабақша өзін-өзі тану маманы Смайлова Ляззат Жанарысовна

Жүргізуші:

Уа халқым,назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай бақыттарға.деп,- ортаға

1.Толағай тобын шақырамыз.

2. Денсаулық тобын шақырамыз.

Жарысымыз «5» турдан тұрады.

1.Топтын аты,ұраны,эмблемамен таныстыру.

2.Доппен кедергілердін арасынан өт.

3.Үлкен доппен секір.

4.Гимнастикалық орындықтан ішпен жылжып өтіп,іздерден өт.

5.Құрсауды бастан киіп,аяқтан шеш.

6.Топтын өнері.

Ендеше жарысымызды бастайық, топтарға іске сәт.

1.Топтын аты,ұраны,эмблемамен таныстыру.

1.Толағай

2.Денсаулық

2.Допты екі аяқтын ортасына қысып алып,қол белде,кедергілердін арасынан,ирелеңдеп секіріп барып, секіріп келу.

1.Толағай

2.Денсаулық

3.Белгіге дейін, үлкен доппен секіріп барып,секіріп келу.

1.Толағай

2.Денсаулық

4.Гимнастикалық орындықтан ішпен жылжып өтіп,саусақ іздерден өту.

1.Толағай

2.Денсаулық

5.Құрсауды бастан киіп, аяқтан шешіп өту.

1.Толағай

2.Денсаулық

6.Әр топ өз өнерін көрсетеді.

1.Толағай

2.Денсаулық

Балабақша директоры Бесмағамбетова Раушан Кадиханқызына сөз беріледі.

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.Топтарға сыйлықтарымен 1-ші,2-ші орындар беріледі.

Осымен тәрбиешілер арасынан құрылған «Көңілді спортсмендерміз»атты қимылды спорттық сайысымыз аяқталды.


















Спорттық мереке


Спорттық сайыстың аты: «Біз спортшы баламыз»


Спорттық сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.


Керекті спорттық құрал - жабдықтар: доп, секіргіш, тығыз доп, барьер, шеңбер, арқан, қап т. б.


Сайыс түрін хабарлау: 8 кезеңнен тұрады


Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.

Спорт пен жылдамдықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Әділ қазылар алқасымен таныстыру


І - кезең. Топтар таныстыруы.

Қайталама жүгіріс (жүкпен). Бұйрық бойынша жүкпен жүгіріп отырып белгіленген жерге жетіп қайтып отыру.


ІІ - кезең. Допты алып жүгіру.

Әрбір құрама топтары бойынша допты еденге соғып, алып жүреді, белгіленген жерге жетіп, қайта допты алып келіп келесі топ мүшесіне береді.


ІІІ - кезең. Секіртпемен жүгіру.

Белгіленген жерден айналып, секіріп келіп екінші топ мүшесіне береді. Осылайша бәрі секіркп болғанша жалғастырады.

Алғашқы 3 сайыс қорытындысы, әділ - қазылар алқасында; хабарлау.

Шағын би көрінісі (қыздар тобы).


IV - кезең. Кенгуру.

Допты аяқтың қылтасына қысып алып, екі аяқпен алдыға секіріп, белгіленген жерді айнала, қайтарда допты қолға ұстап жүгіру.


V - кезең. Кедергілерден өтіп жүгіру.

Кедергіден жүгіріп өтіп, алға қарай сатыда домалап тұрып, жердегі шеңберді үстіден кигізіп жерге қою, қайтарда тура жүгіріп бару.


VI - кезең. Жұптасып шеңбермен жүгіру.

Әрбір топ мүшелері екіден (жұптасып) шеңбер ішінде адымдап жанымен жүгіреді келесі жұпқа шеңберді береді, олар ары қарай осылайша жүгіреді.

Сөз әділқазылар арқасында.

Топтардың ұпай сандарын 6 кезең бойынша айтып өту.


VII - кезең. Қаппен секіру.

Екі аяққа қапты киіп алып алға секіру.



VIII - кезең. Арқан тартыс.

Екі топ шығып ортадан арқан тартысады кім ұтады, келесі құрамамен шығады. Сайыс аяқталып ұпай сандары есептеледі. Спорттық биден көрініс.

Марапаттау рәсімі.



































Эстафеталық ойындардан жарыс.


Тақырыбы: Спорт-өмір көркі.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, ойындарды ойнау тәсілдерін меңгеру;Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.


Түрі: Эстафеталық ойын

Өтілетін орны: Спорт залы


Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.


Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Негізгі бөлім

Құрметті тәрбиешілер,балалар бүгінгі «Спорт - өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа №4 мектепалды даярлық топ балалары қатысады.


Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!


- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

- Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

І. Кезең. «Секірпемен секіру.» Шарты: Секірпемен секіріп, тапсырманы орындау.

ІІ кезең: «Аққала»

Шарты:

1. Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.

2. Допты жерге ұрып жүгіру.

3. Футбол добын теуіп бару.

4. Допқа шелек кигізу.

ІІІ кезең: «Туннель»

Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.

ІV кезең: «Шайбалы хоккей»

Шарты: Әр ойыншы шайбаны клюшкамен итеріп кедергілердің арасынан жүгіріп өтеді..

V кезең: Самокат тебу.

Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.



VI кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады.

Қанша шар жарғаны саналады.


Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.


«Алға» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

«Қайрат» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны:

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.

«Парасат» тобы: Парасатты, айбынды,

Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.

Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.


ІІІ. Қорытынды бөлім:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар,-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.


Спорт – көркі өмірдің,

Спорт- досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!


















Спорттық жарыс

Тақырыбы: «Денсаулық зор байлық»


Мақсаты:

Балалардың көтеріңкі көңіл - күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш - қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл - ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне достық қарым - қатынастарын дамыту. Дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.


Қажетті құралдар:

Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі - түсті жалаушалар, ұранды сөздер жазылған плакаттар, денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер, эстафеталық заттар, екі топ жетістігін көрсететін сандар.


Музыка ойналып, қыздар ортаға әртүрлі қимылдар жасап, билеп шығады.

Жүргізуші:

Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін №2 «Жанар» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында психолог пен дене тәрбиесі жетекшісінің ұйымдастыруымен екі топ арасында мерекелік сауықтыру іс - шарасын өткізгелі отырмыз.Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, денешынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгін балабақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Денсаулық-зор балйық» атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.

Марш ойналып, балалар төрт қатарға бөлініп залға кіреді.
А) Доппен би орындалады;

Б) Лентамен ырғақты қимылды би.

Сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырады.

1. «Намыс» тобы оң иықпен оңға бұрыл

2. «Жігер» тобы сол иықпен солға бұрыл

Екі команданың сәлемдесуі

1.Ұшақтан да ұшқырмыз

Желден де озған жүйрікпі

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз

«Намыс» тобынан «Жігер» тобына жалынды сәлем!

2. Келіңіздер, келіңіздер

Бұл жарысты көріңіздер

Бізде бәрі жүйріктер

Күш сынасар алыптар

«Жігер» тобынан «Намыс» тобына жалынды сәлем!

Эстафеталық жарыс түрлері:

1. Жалаушаны алып, межені айнала жүгіріп келу
2. Тарелкаға салынған допты құлатып алмай, межені айналып жүгіріп келу

3. Төрт аяқтап жүгіру (екі аяқ, екі қолмен)

4. Балық аулап, себетке тасу

5. Артпен жүгіріп, қайтарда қайтарда жүрелеп жүгіру

6. Түрлі - түсті доптардың ішінен екі команда көк және сары түс доптарды теріп алып келу.

7. Топты екі тізенің арасына қысып жүгіру

8. Арқан тартыс

9. Ойын «Тақия тастау»

Балаларды демалтып, көңілдерін көтеру үшін ән айтылып, би биленеді.

Ән: «Бала тілегі». Орындайтын Әсет

Би: «Мен қазақпын»

Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтарға мадақтау және сыйлықтар тапсырады.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!


























Спорттық мереке
Тақырыбы: «Қыс қызықтары»

Мақсаты: балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға деген ынта – ықыласын, қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: шана, шаңғы, таяқтар, жалаушалар.


Спорттық мереке барысы:

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме балалар!
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Нұртас: Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық қар айналам.
Сырғанақты ойнайсың,
Қызыққа енді тоймайсың,
Алақай - ау, алақай,
Қыс келіп тұр, балақай!
Жүргізуші: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді
ғой. Кәне, орманға барып қысты іздеп келейік.
Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік.
Қыста қандай өзгерістер болады?
(балалардың жауаптары).
Осы кезде қонаққа Мыстан кемпір келеді.
Мыстан: Бұл кімдер менің орман патшалығыма келді? Мен ешкімді шақырған жоқпын, кетіңдер.
Жүргізуші: Ашуланбаңыз, әжетай. Біз орманға қысты іздеп келдік.
Сіз қысты көрдіңіз бе?
Мыстан: Кімді? Қысты? Ол мен ғой қыс. Не ұқсамаймын ба? Әдемімін бе?
Жүргізуші: Сіз өтірік айтасыз, сіз мыстан кемпірсіз ғой. Сіз бізге көмектесесіз бе, қысты табуға?
Мыстан: Жарайды, Алдымен тақпақтар айтып беріңдер. Білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтары:
Ұлжан: Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.
Марғұлан: Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.

Рахат: Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыс күні!
Мыстан: Енді менімен бірге ойындар ойнайсыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине.
1 - ші ойын: «Мұздатам». Ойынның шарты: Боран борайды - 1,
Боран борайды - 2,
Боран борайды - 3,
Түрлі фигура боп қат.
2 - ші ойын: «Мұрынды аққалаға тос». Ойынның шарты:
Балалар қолдарын артқа тығып, мұрындарын тосады.
3 - ші ойын: «Шана тартысу». Ойынның шарты: Екі шананың артынан
байлау. Екі бала отырып шаналарды тартады. Кім бірінші шеңбердің ішінен тартып шығады, сол жеңеді.
Жүргізуші: Енді бізге жолды көрсетесіз бе?
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар! Міне мына жолмен барасыңдар да
Қысты кездестіресіңдер. Сау болыңдар, адасып қалмаңдар.
Жүргізуші: Балалар кәне ән салайық
Сол кезде алдымыздан Қыс шығады.
Қыс: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады - қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жақсы жаусын ақша қар.
Мариям: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр - мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы – Ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Қыс жұмбақтар жасырады.
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас менен төбеге. (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып. (Шана)
Қыста айна,
Көктемде су. (Мұз)
Қыс: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?




1 - ші ойын: «Бір шаңғымен жүріп көр». Ойынның шарты: Екі команданың балалары
бір - бір шаңғы киіп жүреді. Кімнің командасы бірінші жалауға дейін келеді.
2 - ші ойын: «Әділ қол». Ойынның шарты: Мына таяқтарды қарлы тауға лақтырып қадау.
Жүргізуші: Рахмет, саған Қыс! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңіл
көтердік. Балалармен бірге би билейік «Биші үйректер».
Қыс: Сендерге көп рахмет, көңілім көтерілді! Мына тәтті ұлпалар
менің сыйлығым. Сау болыңдар, балалар!



















































Көңілді шарлар спорттық мереке

Жүргізуші: Түрлі-түсті шарлармен безендірілген, әсем алаңға қош келдіңіздер!
Көңілді би билейміз, шарлар бізбен көңілденіп, армандарға ұшады.
Би: «Әуе шарлар»
Жүргізуші: Балалар, қолдарындағы шарларын қандай әдемі.
Олай болса бүгін біз осы шарларға арнап «сиқырлы шарлар» атты мерекемізді бастайық!
Терезеден қағып Карлсон қонаққа ұшып келеді. Оның қолында түрлі-түсті шарлардан жасалған әдемі гүл.
Карлсон: Тоқтаңдар! Мені ұмытпаңдар, мерекені меңсіз бастамаңдар!
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа шатырда тұратын Карлсон ұшып келді.
Карлсон: Сендердің әсем кештеріңде бірге болғым келеді.
Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, Карлсон бізбен бірге мерекені тойласын ба?
Балалар: Иә! (қуана келіседі)
Жүргізуші: Сен Карлсон олай болса тентек болма, әйтпесе ойыннан шығарып жібереміз.
Карлсон: Жоқ, жоқ, жоқ! Олай емес, мен өте көңілдімін, өлең айта аламын, көңілді ойындар білемін, ал сендер ән айту білесіңдер ме?
Жүргізуші: Әрине!
Карлсон: Ендеше маған сендердің балабақша туралы ән айтып беріңдерші.
Ән «Біздің балабақшада»
(Балалар ән орындайды)
Домовой кіреді: Мына не сұмдық. неге шулап кетті бүкіл балабақша, мені ұйқыдан тұрғызып жібердіңдер ғой (зевает)
Карлсон: Бүл кім тағы келген, сен кімсің?Мен осы балабақшаның шатырында тұрамын, ал сен қайдан келдің?
Домовой: Ал мен осы балабақшаның бәрін, балалармен қоса қорғаймын
Жүргізуші: Сәлеметсің бе балабақша қорғаушы, сен бізді кешір, жүр бізбен қоса қуанып демал.
Домовой: Жарайды, ал енді айтыңдар бұл қандай мереке
Жүргізуші: Карлсон, үй қорғаушы бүгінгі мерекеміз «Сыйқырлы шарларға» арналған. Бүгін біз сыйқырлы шарлармен қызықты ойындар ойнаймыз, ал сендер қандай ойындар білесіңдер?
Карлсон: мен көптеген ойындар білемін. (Оң қолын көтеріп, қолындағы шарларын көрсетеді)
Балалар, мына түрлі-түсті шарлар нағыз шарлар емес, бұл шарларды мен өзім жасағанмын (қағаздан жасалған шарлар) Осы шарлардың түстерін атап беріңдер.
Балалар: қызыл, жасыл, сары.
Карлсон: Ал сол қолымдағы (фланелеграф көрсетіп) жасалған бұл шарлардың жіптері, олар шарлардан ажырап қалған. Шарлардың жіптерін түстеріне сәйкес етіп байлау керек. Мысалы: қызыл шарға, қызыл жіп т. б
Балалар ойынды ойнайды. (домовой кедергі жасайды, шатыстырып)
Домовой: Ал енді мен ойынды көрсетейін! Екі командаға бөлініп балалар тұрады, біреуі сенің Карлсон командасы шарды, ал екіншісі менің командам, кім тез шарды бір біріне береді
Карлсон: Ендеше менің командам шарды қолдарын созып береді, үйткені мен шатырда тұрамын, ал сендер астынан жіберіңдер
Домовой: Бұл неге солай?
Жүргізуші: Сендер ұрыспаңдар, сосын ауысасыңдар
Балалар ойынды ойыңды ойнайды, (бір команда жеңілгенде екеуі төбелес шығарады )
Жүргізуші:Біздің балалар тату болып жүреді, ал сендер неге төбелесесіңдер?Қанекей татуласыңдар. (Екеуі бір бірін құшақтап, күледі)
Карлсон:Ал, енді нағыз шарлармен ойнаймыз. Бәріміз шеңберге тұрып музыка ырғағымен шарды бір біріне береміз, әуен тоқтаған уақытта, шарды ұстаған бала ән айтып, би билейді, ал басқа балалар қол соғады.
Ойын: «Шарды маған бер»
Ойыннан кейін балалар орындарына отырады, ал Карлсон болса жерге отырып тосапты ауызына салып жей бастайды.
Жүргізуші: Карлсон, сен мына жерде отырып неге тосап жеп отырсын?
Карлсон: Мен көп ойнадым, және көп күшімді жібердім, мен шаршап қалдым.
Жүргізуші: Ал сен осылай әр бес минут сайын жеп отырсаң, ауруға шалдығасың.
Карлсон: Мен тәттісіз өмір сүре алмаймын. Көп тамақ жеуді жақсы көремін. (қарнын сипайды)
Жүргізуші: Тамақсыз да көңіл көтеруге болады. Отырып екеуін демалыңдар
Карлсон: Орындықта отыруға қызықсыз.
Домовой: Ия маған да қызықсыз
Жүргізуші: Сендер бізбен бірге отырып биімізді қайталаңдар. Сендерге ұнайды. Балалар отырып би қимылдарын жасайды. («Буги-вуги» биін орындайды)
Жүргізуші: Демалдыңдар ма?
Карлсон мен домовой Ооо, көп демалдық. Енді көңілімізді көтерейік. Ойын ойнағымыз келіп тұр.
Ойын: «Шар жарылды»
Балалар музыка әуенімен шарларға отырып секіреді (жарылғанша. )
Карлсон: Алақай, алақай қандай көңілді ойын!
Жүргізуші: Карлсон, сен түрлі-түсті шарлардан жасалған әдемі гүл әкелдің ғой!
Карлсон: Ия, мына менің әкелген әр шарым сыйқырлы. (шардан жасалған гүлді перденің артына апарады)
Балалар бірге айтайық: көп сыйлыққа айнал (балалар айтады)
Перденің артынан Сайқымазақ тұрады, қолында түрлі-түсті шарларға байланған кәмпиттер, әкелді.
Жүргізуші: Қымбатты Карлсон, үй қорғаушы сендермен бірге біздің мерекеміз өте көңілді өтті, тағы да келіп тұрыңыз.
Карлсон: Жарайды, бір күні қонаққа келемін Сау болыңдар!
Балалар көңілді боп топқа кайтады.



























































“Денсаулық-басты байлық”

( Отбасылық спорттық мереке )

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.


Қажетті құралдар:

Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.


Жүргізуші:

Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.

Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер.

Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”,”Айгөлек” тобы ата-аналары қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық.

“Балбөбек” тобы :

Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін,

“Айгөлек” тобы:

Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

“Ат жарысқа” кезек берелік.

Шарты:

Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп,тау басында тұрған ананы үңгір астынан өткізіп, алып шығып,өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.


Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

“Тез адымда” сайысы.

Шарты:

Бас пен аяқ киім киіп , (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу.

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

“Кім епті” сайысы .

Шарты:

А) Үңгір астынан өту.

Ә) Жіппен секіру.

Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

“Балық аулау” сайысы.

Шарты:

Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп,шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

( Қортындылау, мадақтау ).

















«Кім жылдам?» спорттық ұлдар сайысы

Добавить комментарий


КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»

Хасенова М.М.

Сайыстың мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Көрнекілігі: Шарлар,газеттер, тақпақтар. грамоталар.

Керек құралдар: Кішкене шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, геометриялық фигуралар, мотоцикл.

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Әуенмен сайысқа қатысушыларды қарсы алу, таныстыру


1-топ: Тілек, Санжар, Дияр,Рахымберді

2-топ: Бақтияр, Олжас, Аспандияр, Дидар

Ата-аналар,әріптестер бүгінгі «Кім жылдам?» сайысымызға хош келдіңіздер!

Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әр кезең сайын 5 балдық жүйемен бағаланады .

Құрметті сайыскерлер!Сіздерге сәт сапар!

«Көбелек» биі

Билейтіндер: Алтынай, Ажар, Адина, Жанерке, Данеля, Ақнұр

Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін.

1-тапсырма «Доппен жарысу»

2- тапсырма «Мотоциклмен жарысу»

3- тапсырма «Мозайка арасымен жүгіру»

4-тапсырма «Тәтті жүгері жеп жарысу»

5-тапсырма «Үй, күн жапсыру»

ІІ. 1-тапс



МКҚК №2 «Жанар» Балабақшасы




















































ырма «Доппен жарысу» Шарты: Әр команда мүшесі допты қолдарын алып, кедергілерден өтіп, келесі ойыншыға допты береді. Сөйтіп барлық бала өтіп, бірінші келген топ жеңіске жетеді.

2-тапсырма «Мотоциклмен жарысу» Ойынның шарты: Әр команда мүшесі мотоциклге мініп,кедергілерден өтіп келеді.

3-тапсырма «Мозайка арасымен жүгіру» Ойынның шарты:Әр команда мүшесі жылдам, мозайкаларды құлатпай арасымен жүгіріп келу.

4- тапсырма «Тәтті жүгері жеп жарысу» Ойынның шарты:Әр команда мүшесіне үш тәттә жүгері беріледі.Олар кезек-кезек жүгеріні жылдам тауысып жеулері керек. Бірін-бірі тосады.

5-тапсырма «Үй, күн жапсыру» Ойынның шарты: Әр үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек фигуралары , желім, қағаз беріледі. Олар топ болып үй мен күнді жылдам әрі әдемі, таза етіп жапсырулары керек.

III Қорытынды:

Сайысымызжың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.Жеңімпаздарды марапаттау.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт денген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Сайысымызда өз мәресіне келіп жетті. Құрметті қонақтар мен бүгінгі сайыскерлер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілейміз.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескеше сау болыңыздар!

Запись опубликована 13.10.2012 автором Тілші Гүлғайша Жакенқызы Саябаева в рубрике Мектепке дейінгі ұйым.

Об авторе Тілші Гүлғайша Жакенқызы Саябаева


Гүлғайша Жакенқызы Саябаева Крупская атындағы орта мектеп-балабақшаның технология, экономика пәнінің мұғалімі. Үржар ауылы, Үржар ауданы, ШҚО










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қимылдық спорттық ойын : Біз бақытты баламыз

Автор: Тулкиева Марджан Лесбаевна

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381558


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства