kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыс мезгілінде ту?ан балалар?а арнал?ан «Ту?ан к?нім – мерекем» сценариі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды? ту?ан к?ндерін атап ?ту. Ата-аналармен байланыс жасап, балаларды? достарыны? жылы лебіздерін, музыкалы? с?лемдерін жеткізу.Ту?ан к?н иелеріні? к??іл-к?йімен б?лісе білуге, досты??а, бірлікке ша?ыру. Музыканы шаттана ?абылдап, к??іл-к?й сезімдерін ояту.«Ту?ан к?нім – мерекем» сценариі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыс мезгілінде ту?ан балалар?а арнал?ан «Ту?ан к?нім – мерекем» сценариі. »

Қыс мезгілінде туған балаларға арналған

«Туған күнім – мерекем» сценариі.

Өтілеті орыны:Топ

Өтілетін күні:21.05.14

Өтілетін уақыты:15.30

Мақсаты: Балалардың туған күндерін атап өту. Ата-аналармен байланыс жасап, балалардың достарының жылы лебіздерін, музыкалық сәлемдерін жеткізу.Туған күн иелерінің көңіл-күйімен бөлісе білуге, достыққа, бірлікке шақыру. Музыканы шаттана қабылдап, көңіл-күй сезімдерін ояту.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер «Ертөстік» тобының «Туған күнім мерекем» мерекесіне қош келдіңіздер!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Жүргізуші:

Жайнасын өмірлерің әр күн сайын,

Аспанда мәңгі тұрсын күн мен айың.

Келешек өміріңе бақыт тілеп,

Туған күн мерекеңмен құттықтаймын

-Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар.

Жұмбақ: 1. Аспаннан ақ ұлпа борады,

Қырқаны мақтаға орады. (Қар)

2. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Жүргізуші: -Ендеше біз бүгін көктем мезгілінде туған балалардың туған күндерін атап өткелі отырмыз. Бүгінгі туған күн иелері: өзі биязы, сабаққа белсенді, ақылды ұлымыз -К., ақылына көркі сай, әдемі қызымыз -Б. Алина, өзі биязы, салмақты қызымыз -Т.Айдананы ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.

Ойын: «Шаттық гүлі»

Ән: «Туған күн»

Жүргізуші: балалардың туған күн иелеріне арналған тілектері бар екен.



1 Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Тілейміз біз көп алғыс,

Әкелсін көп қуаныш.

2 Бүгін туған күніміз,

Қолда шоқ-шоқ гүліміз,

Көңіліміз көркейді

Көп ән бимен жырымыз.

3 Үйреніп өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән шырқап,

Би де билеп береміз.

4 Еркін күліп ойнаймыз,

Ертеңді де ойлаймыз,

Достықты қастерлеп,

Туған күнді тойлаймыз.

5 Кел келіңдер бүгін,

Менің туған күнім.

Бірге біздер тойлайық.

Би билейік ойнайық.

Туған күн иелеріне арналған Сабыржан Салтанаттың орындауында «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Көңілді күн» (Сабыржан Салтанат)

6 Күн дидары жадырап,

Ән салайық сіздерге.

Өлең оқып би билейік

Туған күннің кешінде.

7 Ән құрадым үніңмен,

Сән құрадым гүліңмен.

Құттықтаймын сендерді

Қыста туған күніңмен.

8 Көрсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді

Шырқатайық ән жырды

Шырқатайық өлеңді.

9 Туған күнің шаттығы,

Асқақтатып біздерді.

Бақшаның толы әуені.

Қызықтырып ол енді.



Жүргізуші: - Жарайсыңдар балалар, тілектеріңе рахмет.

Әсем кештің ажары,

Әсем бисіз кіре ме?

Кіп-кішкентай бишілер.

Мың бұралып билейді.

Би: «Қояндар» қыздардың орындауында.

-Балалар, сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше «Қатырмақ» ойынын ойнайық.

Ойын : «Қатырмақ»

Ән: «Той жыры»

Ойын: «Кім күшті?»

Би: «Балапан» ұлдардың орындауында

Жүргізуші: Балалар сендердің жылдамдықтарыңды сынап көрейін.

Ойын: «Көңілді шарлар»

Балалардың сыйлықтарын тарту ету.

Жүргізуші: Ұзақ болып иншалла, өмірлерің,

Тасысын шаттықтан көңілдерің,

Жарқырап күн санап өсе бергін,

Жарқылдап семсердей сенімдерің.

Осымен қыс мезгілінде туылған балаларға арналған «Туған күнім- мерекем» атты кешіміз аяқталды. Балалар сендерге зор денсаулық, ашық аспан, бақытты балалық шақ, ата-аналарыңыздың сүйікті ұл-қыздары болып өсулеріңе тілектеспіз!































«Балдырған» балалар бақшасы













«Туған күндеріңмен!»

Ертеңгілік

«Еркетай» мектепалды даярлық тобы











Тәрбиешілер: М. Тілеухан









Сарқан қаласы

2015 жыл





«Балдырған» балалар бақшасы





Баяндама



Тақырыбы:«Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту»











Тәрбиеші: М. Тілеухан





Сарқан қаласы

2014 жыл



Күз мезгілінде туған балаларға арналған туған күн

мерекесінің сценариі

Орындалатын әндер:1. «Туған күн»

2. «Ойыншықтар»

3. «Достық» (үш тілде)



Орындалатын билер:1. «Гүлдер мен көбелектер»

2. «Күзгі жапырақ»



Ойындар:1. «Кім жылдам?»

2. «Кім күшті?»





























Күз мезгілінде туған балаларға арналған

«Туған күндеріңмен!» сценариі.

Өтілеті орыны:Муз.зал

Өтілетін күні:21.11.14

Өтілетін уақыты: 9.55-10.35

Мақсаты: Балалардың туған күндерін атап өту. Ата-аналармен байланыс жасап, балалардың достарының жылы лебіздерін, музыкалық сәлемдерін жеткізу.Туған күн иелерінің көңіл-күйімен бөлісе білуге, достыққа, бірлікке шақыру. Музыканы шаттана қабылдап, көңіл-күй сезімдерін ояту.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер «Еркетай» мектепалды даярлық тобының «Туған күндеріңмен!» атты мерекесіне қош келдіңіздер!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай айырмашылығы бар?

(Балардың жауаптары тыңдалады)

Ал, біздің алдымызда тұрған достарың қандай әдемі.

Бірінен- бірі өткен.Көздері күлімдеп, көңілдері тасып,ерекше нұрлануда.

Өйтекені:Берері мол, жемісі көп,

Күз мезгілі маусымда

Туған күні болатындар,

Жиналыпты осында.

Айбол : Қандай әсем өздері,

Күлімдейді көздері

Күн нұрына шомылып,

Гүл жайнайды жүздері.

Аружан:Күлімдесе көкте күн

Нұрланады көк аспан.

Шат көңілді достарға

Қуанышы жарасқан.



Әділжан:Қызығайық, саспайық,

Құттықтаудан қашпайық.

Төрімізге шақырып,

Туған күнді баспайық. (Есік қағылады)

Ілияс: «Апай, бізге келген қонақтар болар, есікті өзім ашайын»-деп есікке жақындай бергенде, ентігін баса алмай түлкі кіріп келеді.

Ілияс: (таңданып)

Сылыңдаған сұлу түлкі,

Желдей есіп желесің.

Сырыңды аш, шыныңды айт,

Қайдан ұшып келесің?

Түлкі: (майысып, бұраңдап):

Туған күнге асығып,

Кең даланы кезіп келдім,

Әтешімнің келетінін,

Өзім іштей сезіп келдім,

Мені тойға жіберіңіз,

Өнерім көп бойымда,

Ең бастысы той біткесін,

Әтешті ұрлау ойымда.

Ілияс: Жо жоқ ,түлкі қулық жасау,

Адал досқа болмайды.

Әтеш-сыйлы ортасында,

Достары оны қорғайды.

Шынайы дос таза болсаң,

Тартынбастан төріме өт,

Алдамшы, қу арам болсаң,

Маңайыма жолама, кет!

(Қолымен есікті нұсқап, өзі кілт бұрылып, орнына қарай жүреді, ал түлкі болса, басы салбырап есікке қарай жүре береді)

Түлкі:

-Кет дегенде кете салатын ақымақты тапқан екенсің деп тығылып бұрышта отырады.

Жүргізуші: «Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды»-демекші, Ілияс әтеш досын қауіп-қатерден сақтап қалды-ау.(Дей бергенде әтеш пен мысық кіріп келеді.Әештің мойнында дорба, мысықтың қолында сыйлық бар жәшік)

Мысық: Ет беретін, сүт беретін,

Достарымды сүйемін.

Екі етпей айтқандарын,

Көмектесіп жүремін.

Әтеш: Ұйқысынан оятамын,

Кешіппе деп бақшадан.

Достарымды мен де сүйем,

Артығырақ басқадан. (Осы кезде түлкі сыйлықты ұрлап кетеді)

Жүргізуші:-Сәлеметсіңдер ме, қош келдіңдер?

Мысық:-Сәлеметсіз бе, апай!

Әтеш:-Сәлем, балалар!

Мысық:-Туылған күндерің құтты болсын, балалар!

Әтеш:-Қол алып құттықтауға рұқсат етіңдер!

(Екеуі келіп, балалардың бір – бірлеп қолдарын алып, мойындарына тұмаршалар іліп берді).

Тәрбиеші: Бізде қарап қалмайық,

Жақынырақ барайық,

Туған күнін достарыңның

Бірге қарсы алайық.

Ойын ойнап, би билеп,

Әсем әнге салайық.

Ән: «Туған күн»

Әтеш: Балалар мен мысекеңмен бір үйде тұрып, көп ойындар үйреніп алдым.Қане менімен бірге ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Кім күшті»

Жүргізуші:Ал, енді қонақтарымыз отырып демалсын, қане кім туған күн иелеріне арнап тақпақ оқып, ән айтып, би билейді?

Алина: Ең жақсы қыз топтағы

Аянат екенін білемін.

Оның жақсы мінезін

Үлгі тұтып жүремін.

Дамир: Ералы біздің ақкөңіл

Елгезек бала, тілалғыш.

Осындай бала өсірген

Анасына мың алғыс!

Амина:Күтіп жүрдім мен де күнде

Осындай той болады деп.

Ойладым Анар қашан

Алты жасқа толады деп.

И.Алихан:Ерасыл біздің ержүрек

Қорыққанды білмейді.

Әділдікті жақтайды

Бетке өтірік күлмейді.

Сая: Бірге ойнап, бірге күліп,

Күні бойы жүреміз.

Қалам алып,сурет салып,

Би де билеп береміз.

Би: «Гүлдер мен көбелектер»

Ән: «Ойыншықтар»

Жүргізуші: Балалардың туған күн иелеріне арналған тілектері бар екен.



Ербұлан: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Тілейміз біз көп алғыс,

Әкелсін көп қуаныш.

Камила: Еркін күліп ойнаймыз,

Ертеңді де ойлаймыз,

Достықты қастерлеп,

Туған күнді тойлаймыз.

Алихан.М: Туған күнің шаттығы,

Асқақтатып біздерді.

Бақшаның толы әуені.

Қызықтырып ол енді.

Мирас.Қ: Көрсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді.

Шырқктайық ән жырды,

Шырқатайық өлеңді.

Жүргізуші:-Жарайсыңдар балалар,тілектеріңе рахмет.

Би: «Күзгі жапырақтар»

Ойын: «Кім жылдам?»

Ән: «Достық» (үш тілде)

Мысық: Достарымыздың тойлары керемет өтіп жатыр. Ойын ойналып, ән айтылып, би биленді.Енді сыйлық беретін уақыт жетті ғой деймін. Туған күн иелеріне әтеш екеуіміздің әкелген сыйлығымыз бар еді соны табыстауға рұқсат етіңіздер.

Әтеш:Иә, мысеке, мен әкеле қояйын.

Жүргізуші:Дұрыс, әрине сендердің бір-бірлеріңе деген сый құрметтерің бәрімізге үлгі, бұл үлкен татулықтың белгісі. (Әтеш сыйлықты таппай айқай салады) Ку-ка-ра-ку! Сыйлықты ұрлап кетіпті.

Мысық: Мяу! Тышқан тартып кеткен шығар, мяу, мяу,-деп тісін қайрап, мұртын ширатады.

Жүргізуші:Сабыр етіңіздер.Шын ниеттеріңмен дайындаған сыйлықтарың бұйыруға тиіс табылып қалар,-дей бергенде есіктен түлкіні алдына салып,ит кіреді.

Ит: Әуп,әуп қашып бара жатқан жерінен ұстадым. Қалыңдағы не десем, айтпады.Сосан алдарыңа алып келдім.

Мысық: Өте дұрыс істедің , саққұлақ досым. Міне туған күн иелеріне арнайы жасаған сыйлығымыз, қабыл алыңдар!

Жүргізуші : Ұзақ болып иншалла, өмірлерің,

Тасысын шаттықтан көңілдерің,

Жарқырап күн санап өсе бергін,

Жарқылдап семсердей сенімдерің.

Осымен күз мезгілінде туылған балаларға арналған «Туған күндеріңмен!» атты кешіміз аяқталды. Балалар сендерге зор денсаулық, ашық аспан, бақытты балалық шақ, ата-аналарыңыздың сүйікті ұл-қыздары болып өсулеріңе тілектеспіз!





























«Балдырған» балалар бақшасы











Шығармашылық есеп

(2013-2014 оқу жылы)









Тәрбиеші: Жидебаева.Г.А







Сарқан қаласы: 2014 жыл











«Балдырған» балалар бақшасы















Тақырыбы: «Ғарышқа жол»

«Ертөстік» ересектер тобы









Тәрбиеші: А. Байылхан









Сарқан қаласы

2014 жыл



«Балдырған» балалар бақшасы













«Қанатты достар»

Ертеңгілік

«Бөбек» санаторлық тобы











Тәрбиешілер: Жидебаева.Г.А

Күншаева. Б



Сарқан қаласы

2014 жыл

08 - 04

«Балдырған» балалар бақшасы



Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің





Оқу – тәрбие жоспары журналы

Мектепалды даярлық «Еркетай» тобы





Тәрбиешілер: М.Суранчева

М.Тілеухан







Басталуы______2014 ж

Аяқталуы______2015 ж







Сарқан қаласы 2014 ж














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ыс мезгілінде ту?ан балалар?а арнал?ан «Ту?ан к?нім – мерекем» сценариі.

Автор: Тилеухан Март

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150655


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства