Ж?ргізуші: Жа?а жылды? та?ы неткен арайлы
А? мамы??а б?леп алды ма?айды
Жа?а жылмен ??тты?таймын б?рі?ді
Ба?ыт, шатты?, молшылы? ?келсін
Б?рімізге мына жыл арайлы!
??тты болсын а?айын!
Жа?а жылы? та?ы да
?ол со?ып ?арсы алайы?
Ша?ырайы? орта?а
Ерте?гілік басталсын
«Болаша?» ша?ын орталы?ында!
(балалар келіп шыршаны айналып т?рады)
(музыка ?осылады Си?ыршы шыр айналып кіреді)
Си?ыршы: Жа?а жыл келді
Азаймасын ?н мен жыр
Ел к??ілін к?терсін
??тты болсын жа?а жыл!
??тты?таймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп м?нда жиналы?дар
Басталады Жа?а Жылды? карнавал
Маска да бар, би де бар, асы?ы?дар
Аяз ата ша?ыр?анны? бірі да?ы ?алмайды.
Басталады, басталады Жа?а жылды? карнавал
Карнавалды? иелерін ?арсы алы?дар!
(?ол со?ып киінген ата - аналар кіреді)
Си?ыршы: Б?рекелді, жарайсы?дар! ?ара?даршы, айнала неткен керемет, ?сем мына шыршамызда?ы ойыншы?тарды? алуан т?рлері бар екен. Б?рімізде ?п - ?демі жа?а жылды? киімдерімізді киіп жиналып ?аппыз. Біра?,. шыршамыз к??ілсіз, ?ане мені? си?ырлы тая?ымны? к?мегімен, сендерді? ?демі с?здері?мен шамын жа?айы?!
Просмотр содержимого документа
«"?ош келді?, Жа?а жыл!" »
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
«Болашақ» шағын балалар орталығы
(әдеби-сазды театрландырылған көрініс)
Өткізген: тәрбиешілер Карсакова Р.О.
Кабдуллина Д.К.
30 желтоқсан
2014 жыл
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы! Құтты болсын ағайын! Жаңа жылың тағы да Қол соғып қарсы алайық Шақырайық ортаға Ертеңгілік басталсын «Болашақ» шағын орталығында! (балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді) Сиқыршы: Жаңа жыл келді Азаймасын ән мен жыр Ел көңілін көтерсін Құтты болсын жаңа жыл! Құттықтаймыз сіздерді! Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар Басталады Жаңа Жылдық карнавал Маска да бар, би де бар, асығыңдар Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар! (қол соғып киінген ата - аналар кіреді)
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Тамаша, тамаша Шыршамыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса
Нұрсұлтан:
Шыршамызда қаншама Түрлі - түсті шырақтар Күлгін түсті тоқаштар Жарқыраған алтын бар.
Асылжан: Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны. Той - маскарад басталды, Аяз оны басқарды.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық. Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)
Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
(шыршаға қарап) Шырша дейміз елканы Балалар билеп қоршады. Түрлі - түсті ойыншық Шыршада көз тартады. - Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла Аяз ата, Ақшақар Біз Сендерді сағындық Тез келіңдер ортаға Аяз ата, ақшақар 3 - рет (әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың мен бойларың да Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал, мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Қой - Альтаир Сәлеметсіздер ме, балалар Мен тұрмын қуанып, Шаттыққа бөленіп Бір жыл бойы сіздермен Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер. Әсем әні де, биі де бар Отыр ата, сәл дем ал. Ән: «Аяз Ата» Әділжан Киіндік ұл мен қыз Аң болып, жан болып Танымай тұрсын деп Досымыз таң болып.
Алан: Ақ қырауға малынған Сақалы да, мұрты да Аяз ата сағынған Сәлем берді жұртына.
Керім Жаңа жылға сәніміз Біздің айтар әніміз Келдің бе аман алыстан Сәлем, Аяз атамыз.
Аружан: Шыршамыз да керемет Ойыншықтар тағылған Алыс жақтан келіп тұр Аяз ата сағынған.
Мадияр: Кезектесіп балалар Тақпақ айтып береміз Сұрақ қойса Ақшақар Ойланып жауап береміз.
Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге Мен бастаймын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр.... Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты Білсең атын тез ата, Келеді бізге.... Балалар: Аязата!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын - күлкі таралсын Құтты болсын..... Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші: Әуеледі әніміз Жаңа кірді сәніміз Ақшақарды ортаға алып Би билейік бәріміз.
Дастан: Кел билейік сенімен Деймін тартып жеңінен Еріп кетпе Ақшақар Адамдардың демімен.
«Ұлпақарлар» биі
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады. Самат: Жаңа жылда жаңаша Тақпақ айтамыз. Болсын риза балаша, Әппақ Аяз атамыз.
Абзал: Жаңа жыл, жаңа жыл Сені күттім елеңдеп Өзіңменен ілесіп Аяз ата келер деп.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!