?ожахмет Жазира М?хтар?ызы 2012 жылы Хлебодаровка орта мектебінде білім алдым, С.Б?йішев атында?ы АУ колледжіне о?у?а т?стім. 2015 жылы о?уды ая?тап, ?йымдастырушы - педагог маманды?ы бойынша диплом алдым. 2015 жылды? тамыз айынан бастап маманды?ым бойынша Хлебодаровка орта мектебінде мектеп т?лімгері болып ж?мыс жасап жатырмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?ош келді?, 2016 Жа?а жыл!"»
«Қош келдің, 2016 жаңа жыл!»
1 Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн, Бақытты боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той деп жаңа жыл, Құтты болсын жаңа бақыт достарым. 2 Жүргізуші: Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, 2016 Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер 1 Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы Оразбеков Елтай Ниязбекұлына береміз. 2 Жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық, Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бірімізге шынайы тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық! 1 Жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып, Тек жүрмеңіз сән құрып. Көңілдердей қартаймай, Шырша тұрар мәңгілік. Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық. 2 Жүргізуші: Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған жылқы жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың? - Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік. Бәрі: Хош келдің ескі жыл. Ескі жыл: Ауылдастарым, достарым, Алғысым көп айтар менің. Дәл осындай артығырақ, Қарсы алыңдар қой жылын. 1 Жүргізуші: - Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік. 2 Жүргізуші: Би билейік бұралып, Қыздар тұр сұранып. Мен де тұрмын құр қалып, Шаттанайық қуанып. - Ескі жылымыздың құрметіне сыныптың орындауында биі. Қарсы алыңыздар. (Би биленеді) 1 Жүргізуші: Әнші де құс үні бар, Кірсең кештің сәні бар. Салайықшы шарықтап. Жаңа жылдың әніне Ал ағайын тұрмайық Жаңа жылды жырлайық. сынып оқушысының орындауында ән. Қарсы алыңыздар. (Ән айтылады) 2 Жүргізуші: Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер. Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел! (Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді) 1 Жүргізуші: Келді жылым бақытым, Кемелденді уақытым. Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл, Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр. Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем! Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың. Асулармен алысқан, Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан. 2 Жүргізуші: Сыңғырлашы сырнайым, Жаңа жылды жырлайын. Шашбаулы қыз сырғалы, Ақша қарды тыңдайық. Ақша қар: Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен жылқы жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Қой жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін. 1 Жүргізуші: Жаңа жыл жол болсын Басқан қадам оң болсын Төрлет, төрлет жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын. 2 Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Қой жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт. Қой жылы: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық, Жаса, жаса достық бірлік туыстық. Құттықтайық жаңа жылды өнермен, Қуаныштың әр минуты тым ыстық. (Ортадан ескі жыл шығады) Жылқы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім. Жасампаз заман бұл заман Бүгіннен ертең ғаламат Алдыңғы сапта боларсың Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді) Қой жылы: Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. 1 Жүргізуші: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне сынып орындауында би. Қарсы алыңдар. (би билеп болғанда сырттан үш ергежей кіріп келеді) Ергежей 1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой! Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге. Ергежей 2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен келдік. Ергежей 3: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңызда, біз қайталамаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек. Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер