-мектеп алды даярлы? тобыны? жыл бойы ал?ан біліміні?, ?йренген ж?мыстарыны? н?тижесін к?рсету.
-мектеп табалдыры?ын атта?ан к?ннен бергі да?дыларын, ?ызы?ушылы?тарын, т?л?а болып ?сіп келе жат?анын к?рсету.
-Мектепті, ?стаздарды ??рметтеп,досты? ?арым-?атынаста болып е?бекті ба?алай білуге т?рбиелеу.
М?з – м?йрам б?гін б?лдіршін
Естисі? сы??ыр к?лкісін.
Естисі? т?тті с?здерін,
Бай?айсы? жан?ан к?здерін.
К?рсетер б?гін,
Б?лб?л жан?ан ?л –?ызы?.
??тты болсын ?адамы?,
Мектепке басар ж?лдызым!
tyle='font-size: 14.0pt;font-family:"Times New Roman","serif";mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;mso-ansi-language:KZ'>П?наралы? байланыс:Тіл дамыту, бейнелеу ?нері,к?ркем ?дебиет.
?йымдастырукезе?і:
Шатты?ше?бері:
Таби?ат?а ?ам?орбоп.
Байлы?ын біз ?ор?аймыз,
?ам?оршымыз ??стар?а.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ош бол , т?тті бал?ын ша?!»
Қош бол, тәтті балғын шақ!
Мақсаты:
-мектеп алды даярлық тобының жыл бойы алған білімінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
-мектеп табалдырығын аттаған күннен бергі дағдыларын, қызығушылықтарын, тұлға болып өсіп келе жатқанын көрсету.
-Мектепті, ұстаздарды құрметтеп,достық қарым-қатынаста болып еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Мәз – мәйрам бүгін бүлдіршін
Естисің сыңғыр күлкісін.
Естисің тәтті сөздерін,
Байқайсың жанған көздерін.
Көрсетер бүгін ,
Бұлбұл жанған ұл –қызың.
Құтты болсын қадамың,
Мектепке басар жұлдызым!
Тәрбиеші:
Армысыздар құрметті ата – аналар, ұстаздар!
Кешегі балғын бүлдіршіндер мектеп алды даярлық сыныбын аяқтап, кішкентай ғана оқушы атануға дайын тұр.Азда болса жауапкершілік жүгін арқалап, сәл де болса есейгендігін аңғартатын балаларыңыздың білімін, өнерін тамашалауға қош келдіңіздер.
- Балалар біз бір жыл көлемінде көптеген пәндермен таныстық. Соның ішінде математика пәнінен не үйрендік?
(Сандармен таныстық, тура және кері санауды, сандардың құрамын табуды, геометриялық фигураларды білдік)
1-20 санау,кері санау.
- Ендеше, сандарға байланысты санамақ айтайық.
Санамақ.
Бір дегенім - білім, Білім - жарық күнің (Махаббат)
Екі дегенім - еңбек, Еңбек бәрін жеңбек. (Айзере)
Үш дегенім - үміт, Үмітсіз жоқ жігіт. (Амина)
Төрт дегенім - талап, Талмайтұғын қанат. (Айбарыс)
Бес дегенің - бірлік, Бірліксіз жоқ тірлік. (Айбатыр)
Алты дегенің- арман, Атартаңың алдан. ( Наргиза)
Жеті дегенің - жігер, Жеңер жолын білер. (Даниал)
Сегіз дегенің – сенім, Сүйенішің сенің. ( Құралай)
Тоғыз дегенің - талғам, Тура жолға салған. (Аружан)
Он дегенің – Отан, Отанды сүй ботам. (Мұрагер)
Тәрбиеші:
- Балалар, жұмбақ есептерді шешейік.
Жұмбақ есептер:
5 алманың үшеуін Досың сұрап алады Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? (2)
Он асықтың бесеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өзіңде қалады? (5)
Табақта үш алмұрт, Қолымда екі алмұрт. Қосқанда барлығын Болады неше алмұрт?
Тәрбиеші:
-Балалар сонымен қатар біз сауат ашу пәніменде таныстық.Біз сауат ашу пәнінен нені үйрендік?(әріптермен таныстық,жазуды,оқуды үйрендік.Дауысты және дауыссыз дыбыстармен таныстық.)
Тәрбиеші: Бір ата, бір ананың тірегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз. Бірлік барда, тірлік бар деген бабам Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!
Хор : «Біз- Отанның ұланымыз»
Тәрбиеші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз!-дей келе мерекелік құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлына беріледі.
Оқу ісінің меңгерушісі: Капашева Айнұр Қабидолдақызына беріледі.
Құттықтау сөз
Тәрбиеші:
Айналайын,гүлдерім, Ай шуақты күндерім Ерекше қызық тілдерің Естен кетпес үндерің Сүйкімді балғын бала шақ Сендердікі болашақ Озат болып оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар! -Даярлық тобын тәмамдаған,алдымызда гүлдей жайнап тұрған бүлдіршіндерімізге жақсылық тілейміз!Алдағы мектеп өмірінде тек «5»ке оқып, халқымызға қалаулы,елімізге елеулі азаматтар мен азаматшалар болып өсулеріне тілектеспіз!