Біз мектепке барамыз
Бөлме мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әріптестер, қонақтар!Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді қылықтары мен үйренген әндерін, тақпақтарын, билерін әрі қарай шыңдай түсіп,мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр.
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың, Қуанышқа ортақпызҚұтты болсын тойларың! Айналайын балалар, Сендерде ой сана барӨздеріңнен өседі,Өнерпаздар, даналар.
Ертеңімізді ән-шашумен бастаймыз :Ән «Мен мектепке барамын»( Биыл күзде мектепке)
Эльдар Өз үлгіңді ұстаймынАйтқаныңнан шықпаймынМен балапан құстаймынБаулыдың сен мұғалім
Раушан Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын кун бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз
Бекарыс
Мен мектепке барамын
Үлгілі бала боламын
Отаным мен халқымның
Мақтанышы боламын
Инабат
Бұл екінші үйіміз
Бір тұрғынбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің жырымыз
Биғали
Мектепке барғанда
Қарсы алды мұғалім
Қол созып арманға
Ақылын ұғамын
Аружан Ерболат
Гүлге толы жан жағым
Асыр салып жүгірдім
Өсіп талап талғамым
Көп нәрсені ұғындым
Алихан
Біз бақытты балдырған
Бақыт алдан шақырған
Біз бақытты балдырған
Келешкке қол созған
Би : Қуыршақтар
Жүргізуші: Күй ойнап көгінде,
Той тойлаған төрінде.
Қош келген ата-аналар
Шаттық болсын көңілде,
даярлықтың түлектеріне кезек берейік.
Сұлтан:
Әріптерді үйретіп
Жақын болған кім бізге
Жамандықтан жирентіп
Ақыл болған кім бізге
Десе ол жан мұғалім
Таласады сірә кім
Айназ
Ән салғызып би билеткен
Ылғи бізбен жүреді
Тақпақты да үйретіп
Ойнатады, күледі
Қызық-қызық ертектер біздерге оқып береді
Жылауықта тентекте
Сол апайға көнеді
Нұрали
Біз ертеңгі ақынбыз
Біз ертеңгі батырмыз
Біз анадан туғандай
Біз бәріміз татумызж
Бұл құшағы тым ыстық
Мектебіміз алғашқы
Бұлда жақын туыстық
Бұндатұңғыш дос таптық
Айдана:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Нұрберген:
Біріншіге барамын
Кілен бестік аламын
Жаксы баға алғанда
Қуанып бір каламын
Аянат:
Бала күнгі қиялдан
Сағынамыз әлі-ақ біз
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Қасымжомарт:
Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз
Ән: «Таудай биік талабым»
Жүргізуші: Көріп ойнап жаттапта,
Білім алдық әр шақта,
Мәнерлеп оқып берсеңдер,
Кезек бердік тақпаққа.
Нариман:
Как люблю я школумама
Утром шумною гурьбой
В класс приходим самый самый
Этот класс конечно
Альфия
Нет на свете школы краше
Здесь уютно и тепло
И с учительницей нашей
Нам признаюсь, повезло
Назым:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
Азиза
Даярлықпен қоштасатын кез келді
Мінезіміз әп сәтте өзгерді
Кітап ,дәптер ,қалам ап
Оқимыз әліппеден сөздерді
Камила
Әліппені аламын
Мен мектепке барамын
Оқып жазып үйреніп
Үздік баға аламын
Айқын
Ертемен келгенде
Дәруменді беретін
Дәрігер апай бар бала
Сізді жақсы көреді
Мадениет
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Даярлықты қимаймыз
Қоштасатын күн бүгін
Наргиза
Айналайын мұғалім
Білім нәрін ұғамын
Сабағыңды қайталап
Таусылмайды сұрағым
Жүргізуші:
Бізде қарап тұрмайық,
Би билейік жырлайық.
Ата-анамыз қуансын,
Қолын соғып аямай.
Жүргізуші: Балалар енді кезекті ойынға берейік. «Ия», «Жоқ» ойыны
Мектепке біз барамыз ба?
Кілең бестік аламыз ба?
Айтқан тілді аламыз ба?
Ақылды бала боламызба?
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
Сабаққа ерте тұрамыз ба?
Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
Екі алғанда жылаймызба?
Оқушы біз боламыз ба?
Жүргізуші: Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты ата аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ»ойынын ойнайық.
Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
Тамағын уақытында бересіз бе?
Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
Сериал көріп жатасыз ба?
Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
Сен оқы, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
Бала үшін асулардан асасыз ба?
Тақпақтар:
Ерхан:
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Көнілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз
Айым:
Айналайын балалар
Алдарында мектеп деген ана бар
Өздерінең өседі
Өнерлі мен даналар
Алихан:
Пусть уроков в школе много
Одолоем не беда
Начиноются с порога
Наши школьные года
Ақжелен:
Бал құшағы тым ыстық
Мектебіміз бастапқы
Бұнда жақын туыстық
Бұнда тұңғыш дос таптық
Мансур:
Как люблю я школу мама
Утром шумною гурьбой
В класс приходим самый самый
Этот класс конечно мной
Жансая:
Оқимын сөздерді
Суретте саламын
Мінезім өзгерді
Енді мен ақылды
Тәртіпті боламын
Алмат:
Менде өзіңді әрдайым
Қамқоршым деп ұғамын
Күліп атқан таңдаймын
Жарқынсың сен мұғалім
Би: « Учать в школе» Ұлдар
Жүргізуші : Мектеп деген білім кені, жыр кені.
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені-дегендей түлектердің орындауында «Біз мектепке барамыз»әні.
Тақпақтар:
Аяулым
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
Қарақат
Үйреткен әркез дұрыстап
Жақсыға бізде тырыстық
Тәрбиеші апайлар
Жүздеріңіз тым ыстық
Алина
Құшағыңда жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тыңдап
Алаңдауды біледім
Бексұлтан
Даярлық біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз
Айдана
Бәрімізге сәт сапар
Бізге бүгін тілеңіз
Қиындықты сонда біз
Оңай өтіп жүреміз
Гүлназ
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мектепке барам мен енді
Мектепалды қош енді
Амирхан
Мектепалды бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін
Өзіңменен қоштасайық
Арсен
Біз балауса баламыз
Жетілді ой санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз
Жарайсыңдар балалар, енді ағылшын тілінде ертегі тамашалайық.
Ағылшын тілінде ертегі
«Теремок» Дильназ,Камила,Арсен,Бекарыс,Досымжан,Сұлтан
Жүргізуші: Мын бұралып би билеп,
Шығам менде ортаға.
Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша.
Тақпақтар:
Әділет:
Ана тілді ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып ән жаттап
Оқып жазып үйрендік
Сүйген өз қыз өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім
Апай болды анамдай
Тамилла:
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйрендік , не білдік
Қане ортаға салайық
Диас:
Бізге тәртіп үйреткен
Ән салғызып билеткен
Таныстырып ең алғаш
Әріптер мен суретпен
Мадина:
Доспен тату ойнаймыз
Мерекені тойлаймыз
Бойымызға сінірген
Көпптін қамын ойлаймыз
М.Дильназ:
Білім алған өзіңнен
Дәрігер,ұшқыш не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім
Мадияр:
Әліппеден әріп танып
Алғаш рет оқимыз
Тәрбиеден тәлім алып
Санамызға тоқимыз
Саян:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
Нұрай:
Ән: Біз мектепке барамыз
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің.
Бізден ұшып талай қанат қағыңдар.
Жүректерде арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәрінді де сәбиім деп сүйемін,
Өздеріңді сағынып мен жүрейін
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Мен сендерге сәтті сапар тілейін!
Міне балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр.Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті.Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер.Сапарларың оң болсын . Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.