kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іс-шара "К?з кереметі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырып : К?згі ба?»

Ма?саты:Балаларды? с?йлеу , ойлау ?абілетін  дамыту.?здерін еркін ?стау?а, бірін-бірі сыйлау?а, адамгершілікке, сыйласты??а т?рбиелеу.

К?рнекіліктері :Жапыра?тар, маскалар,жемістер,шарлар,г?лдер.

Т?рбиеші :С?леметсіздерме, ??рметті ата-аналар, ?стаздар!Б?гінгі  «К?згі ба?»

атты мерекемізге ?ош келді?іздер!

                 Жап?андай жапыра?ы іздерді,

                 ?уантып байлы?ымен ізгі елді.

                 Бір тойдырып ?айту ?шін елімді,

                 Сабырлы сары алтын к?н келді.

Ортамыз?а  МДС «?» тобыны? балаларын ?арсы алы?ыздар!

Балалар ?азір жылды? ?ай мезгілі екен?

Ия,д?рыс айтасы?дар, к?зді? де ая?талуына аз?ана уа?ыт та ?алды, біра? біз еш ?иналмаймыз себебі,?р жыл мезгіліні? бізге дайында?ан ?ызы?ы мол емеспе!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іс-шара "К?з кереметі"»


Тақырып : Күзгі бақ»

Мақсаты:Балалардың сөйлеу , ойлау қабілетін дамыту.өздерін еркін ұстауға, бірін-бірі сыйлауға, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері :Жапырақтар, маскалар,жемістер,шарлар,гүлдер.

Тәрбиеші :Сәлеметсіздерме , құрметті ата-аналар , ұстаздар!Бүгінгі «Күзгі бақ»

атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы сары алтын күн келді.

Ортамызға МДС «Ә» тобының балаларын қарсы алыңыздар!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі екен?

Ия ,дұрыс айтасыңдар, күздің де аяқталуына азғана уақыт та қалды, бірақ біз еш қиналмаймыз себебі ,әр жыл мезгілінің бізге дайындаған қызығы мол емеспе!

Ендеше біз «күзгі бақ» атты шағын балымызды бастасақта болады.

Сахнаға «Күз ханшайымдары» келеді. (қолында жеміске толы себет).

Сәлеметсіңдерме балалар, ата-аналар, ұстаздар!

Тәрбиеші:Қош келіпсіз Алтын күз! Ал, ендеше біздің бүлдіршіндеріміздің сізге деген жылы ықыласын қабыл алыңыз.Ал балалар енді біз күз патшайымы мен ханшайымына өз өнерімізді көрсетеміз.

Күз патшайымы:

Біз мына жақтан өтіп бара жатқан едік. Сендердің дауыстарыңды есітіп қалып, осында келдік.

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.


Мен күз патшайымымын, мынау Күз Ханшайымы менің кішкентай сіңлім , танысып қойыңыздар!


Күз ханшайым:

Сәлеметсіздерме, балалар, ата-аналар, ұстаздар!

Сіздерді көріп қатты –қатты қуанып қалдым.

Күз патшайымы:

Сендерге алыс жерден келдік. Бізді күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардық, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдік. Олар өте ақылды балалар екен біздің тапсырмаларымызды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапсырамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?






Балалар: Ия

Күз ханшайымы: Балалар сендер күз айларын білесіңдерме?

Айта қойыңдаршы

Балалар: қыркүйек, қазан, қараша

Күз ханшайымы Өте жақсы:

Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: 4 мезгіл бар

Күз ханшайымы. Төрт мезгілді атап беріңдерші?

Балалар: күз, қыс, көктем, жаз.

Күз ханшайымы: дұрыс айтасыңдар балалар, мен сендерге риза болдым.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп жатыр.Менің жұмбақтарымды шешесіндер ме?

1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады.

(Пияз)

2. Жасыл болып жыпырлап өнеді,

Сары болып үзіліп түседі.

(Жапырақтар)

3. Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында дәні бар.

(Бидай)


Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшайымы мен патшайымын төрге отырығызайық.

Қонақтарымыз ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді.

Жаннұр

Қауын-қарбыз жемістермен

Толтырамыз қол себетті

Алтын күз деп аталады

Күз айы деп сол себептен

Қайрат

Аспанда қаптаған

Бұлт тыным таппаған

Жөңкіліп көшеді

Суық сел еседі

Айдана

Құстар қайтып ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды

Дамир

Көрінеді шалғайды

Бел-белестер сарғайған

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен




Нұрсая

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Мағжан

Ән алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап

Таңшолпан

Жайдарлы күз,жарқын күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз

Хор «Алтын күз»

Тәрбиеші: Балалар күз туралы тақпақтарымызды айтып береміз.

Айжан

Қамба толды астыққа

Алғыс саған,алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық та

Ақгүлназ

Қуандырап біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін алтын күз

Нұржан

Жүзім,алма жинаймыз

Алтын мақта тереміз

Үлкендерді сыйлаймыз

Көмектесе береміз

Бағжан

Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі

Асель

Қандай өзі береген

Алмасын аы,алмасын

Жемісі көп не деген

Жеп тауыса алмайсын

Саржан

Күзде дала жаурайды

Көкте бұлттар аунайды

Бұтағынан үзіліп

Жапырақтар саулайды









Тәрбиеші:Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.

Ендеше біздің қыздарымыздың көңіл көтерердей биін тамашалаймыз.

Топ биі: «Жылайды жапырақ»

Ернияс

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз

Арсен

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Зарина

Апорт деген алма бар

Алматы оның атасы

Ондай алма қайда бар

Жерді жарған атағы

Бекболат

Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің желбіреп

Аяжан

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды

Тырнасы тізілген

Ұнатам күз айды

Алихан

Шоғы толған гүлдей жайнап

жарқырады жарқын күз

Сайраңдады күліп-ойнап

Келді міне,алтын күз

Жанболат

Өрік,шие,балы бар

Қауын,қарбыз,көбейді

Жегін келсе бәрін ал,

Неге аласың демейді

Нұрдаулет

Құстар қайтты күз болып

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсті,гүл солып

Қыс ызғары басталды


Балалар енді біздің биші жігіттеріміздің биін тамашаласақ қалай болар екен, ортаға жігіттерімізді шақырамыз

Флеш-моб: Ұлдар биі







Тәрбиеші:

Бүгін бізде тамаша,

Ертегіде бәрі бар.

Әні,биі жарасқан,

Мектебімнің сәні бар.

Қыздардың сәндік модаларын көрсетеді.


Ән: Айжан,Айдана


(Есікті қағып, хат тасушы залға кіреді)

Хат тасушы: Сәлеметсіздерме балалар! Менен орман құстары мына хатты сендерге апарып беруін сұрады.

Тәрбиеші: Әкеліңіз, хатта не жазылғанын бәріміз бірге оқиық.

«Амансыңдар ма, сүйкімді балақандар.


Сендердің өте мейірімді балалар екендеріңді естідім. Сондықтан сендерге хат жазып отырмын. Мен, тырна –деген құспын. Балалар мен осы жылы кішкене ауырып, жылы жақа ұшып кете алмадым. Қазір осы орманнан, жылы ұя таптым, осы ұяға жұмыртқаларымды тасуға көмектесулеріңді сұраймын.»

Күз ханшайымы: Әрине, біз көмектесеміз.

Ойын: «Жұмыртқа тасу»

Ойынның шарты: Балалар бір ұядан, екінші ұяға қасықпен жұмыртқа апарулары керек. Жұмыртқаны қолмен ұстауға болмайды.



Күз патшайымы:


Балалар мен сендерге дән ризамын.Мен туралы айтқан тақпақтар мен билеген билерің , бәрі-бәрі ұнады. Сендерге көп-көп рахмет.Менің сенденрге әкелген жемісімді таратып берейін. Келесі жылы дәл осындай мезгілде кездескенше сау-саламат болыңдар!


Тәрбиеші:Ақтарады мырза күз,

Уылжыған жемісін.

Күзге бізде ризамыз,

Аянбаған ел үшін.


Балалар бүгін біз күз мерекесіне арналған «күзгі бақ» атты ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз.Берекелі де мерекелі күздің сыйлаған сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан ажырамасын. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын!

Сөз кезегі ата-аналарға.








№ 19 орта мектеп

















Сыныбы: МДС «Ә»

Тәрбиеші: Байжумина Ақбота Жақсылыққызы









2015-2016 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Іс-шара "К?з кереметі"

Автор: Баязитова Акбота Жаксылыковна

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 285730


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства