kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іс - шара "жаңа жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық қабылдауын дамыту» тақырыбында

өткізілген ашық сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іс - шара "жаңа жыл"»

Төрлет Жаңа-жыл! /ертеңгілік/

Жүргізуші: Келді міне жаңа-жыл сәуле шашып,

Құлпырады табиғат нұры тасы

Жаңа жылды ағайын қарсы алайық

ән-салайық.

Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,

Балалар мен жастарға, кәрімізге,

Ашық аспан астында ойнап-күлсек,

Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек,

Алланың нұры жаусын әр үйге

Жақсылықты тілеймін бар әлемге

Жаңа-жылда әр үйге бақ дарысын,



Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.

Құттықтау сөз: «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі:Көптілеуова

Шайқұйған Байдахманқызына беріледі.

Жүргізуші: Ерте заманда Мезгіл атты батыр өмір сүріпті.Ел-халық қамын ғана ойламапты.Оның үш ұлы,бір қызы болыпты.

Батыр әке ұлдары мен қызының өнерлі,данышпан болуын арман

етіпті.Бүр күні төртеуін шақырып алады-да былай дейді:

-Қарақтарым , батырлық бойға біткен қайрат пен елге деген махабаттан сүйіспеншіліктен туады.Сендердің бойларынды осы екі

Қасиеттің екеуі де бар.Енді төртеуің әлемнің төрт тарабына тарап өнер үйреніп келіндер.Өнерлерің тек өздерің үшін емес,халық игілігіне ассын,-деп балаларын ұзақ сапарға шығарып салады.

Жүргізуші: Ай өтіпті ,ұлдары мен қызы оралмапты,жылдар өтіпті оралмапты.Мезгіл батыр да қартая бастапты.Балаларын сағынған әке тау жотасына шығып,балаларын күтеді екен.

-Бір күні үлкен ұлы-Қыс оралыпты.Кигені үлкен тұлып тон аяғында

-пима,басында түлкі тұмақ.

Қыс: -Армысыз, әке!

Мезгіл батыр: -Бар бол ұлым.Байлықпен оралдың ба әлде?

Қыс: Әке, түсінгендерге өнерім байлық болар, түсінбегендерге зәрлі болар.Әйтеуір үлкен, кішіге қуаныш әкелдім.

Мезгіл батыр:Көрсет онда өнеріңді?

Қыс: Әке қыс жыл басы ғой, олай болса «Ақбота» балабақшасының

бүлдіршіндері өлең-жырларын, ән-билерін биылғы келе жатқан жаңа жыл мерекесіне арнап «Төрлет-Жаңа-Жыл!» атты ертегілігін тамашалауға ұсынады.

Зарина: Бізді байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап іс болды.

Таң ғажайып қыс болды.

Алпамыс: Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті.

Нұрхан: Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді

Жаңа жылмен бірге біз,

Орманға кеп жетеді.

Жанерке: -Ескі жыл қайдасың?

Фарида: -Балалар! әне өзі де келе жатыр.

Ескі жыл:

Луиза: Балаларым, балғындарым алғысым көп айтар менің.Мен ескі

жылмын.Қарсы алыңдар қоян жылын.

Хормен: Төрлет қане жаңа жыл.Төрлет ару жаңа жыл.

Ән: «Жаңа жыл»

Ғажайып сәт: Қоян Бекғали келеді.

Саламатсыздар ма тойшы қауым!

Армысыздар! Әр түрлі имылдар көрсетеді.

Балалар: Саламатсыз ба Жаңа-жыл!

Жүргізуші: Мәс саған балалар мынау кәдімгі дала қояны ғой! Қане балалар кішкентай қояндар қосыла қимылдар жасап билейік.

Былғы жыл басы қоян екен.

Балалар Қоянға арнап ән айтып, би билеп берейік.

Қояндар биі: «Сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен.

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпандап

Көжегі еен өзінің.

Ескі жыл: Жасампаз заман

Бұл заман.

Бүгіннен ертен ғаламат.

Жүргізуші: -Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі! Жасыл шыршамызға арнап тақпақ айтайық.

Арыстан: Жаңа-жылмен, жңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!

Сұлтанби: Міне тағы келіп тұр.

Жаңа бір жыл балалар,

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан.

Жансая: Аспан жерге төгеді.

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Әсел: Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Ән: Шырша жыры.

Жүргізуші: а) –Балалар жаңа жыл мерекесінде ең құрметті адамдар кімдер?

Балалар жауабы: ә) Ақ сақалды, ақ таяғы бар, қолында қапшық толы сыйлығы бар кім еді?

б) Үлпілдеген ақ торғын көйлегі бар, әдемі қыз ім еді?

Балалар жауабы:

Ақшақар: кіріп келеді. –Саламатсыздар ма балалар!

-Мені таныдыңдарма?

-Мен ақшақармын ғой. Аяз-атаның немересімін.Мен алыстағы қар патшлығынан келдім.Онда даланы мңгіге қар басқан.Күн суық.Біз онда Аяз-Атат екеуміз тұрамыз.Аяз-Ата екеуміз тұрамыз.Аяз-Ата сендерге сәлем айтты,ешікпей өзі де келіп қалар.

Қане балалар ол келгенше ән салып, жұмбақ шешейік.

Жанель:Жасыл желек жамылға

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп сағынған.

Әділет:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Асылжан: Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып,

Ортада тұр Ақшақар.

Көптен күтіп сағынып.

Мансур: Кел билеік сенімен,

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар.

Адамдардың демімен.

Ақшақар: Рахмет балалар тақпақты жақсы айтады екенсіңдер енді мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешуін айтасыңдар

Жасыл ине киімім

Жайлаймын тау биігін

Жаңа жылды тойласаң

Төріңдемін үйіңнің (ШЫРША)

Жаздай тығылады

Қыстай зымырайды(ШАНА)

Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)

Рахмет,балалар,сендер менің жұмбағымды дұрыс шештіндер.Атамыз кешііп жатыр Атамызды шақырайық.

Барлық бала: Армысыз аяз ата ақ сақалым. 2 рет

Муз айналады: Аяз-ата 3 пар ат жеккен шанамен келеді, айналып шығады шыршаны.

Аяз-ата: Амансыңдар ма халқым:Жаңа-жыл құтты болсын! Ой айналайындар қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер шыршалары қандай әдемі?

Жүргізуші: Аяз-ата, -«Ақбота» балабақша бүлдіршіндері сздерге арнап «Төрлет Жаңа-жыл» атты ертеңгілігі болғалы жатыр.Келген қонақтармен жыл басы Қоянмен бірге тамашалап демалыңыз.

Аяз-ата: -Бәрекелді, жарайсыңдар өрендерім олай болса тамашалайық.

Ән: «Аяз ата» Көңілді қыс тақпақ бір топ бала.

Мади: Бір топ бала сырғанап,

Би билейік зырлайық.

Қалды артта қар алып,

Іздерінен қар ұшып.

Темірлан: Қырау атып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға.

Бірі шаңғы тебеді.

Ерсұлтан: Сәтке қарап тұрмайық,

Көңілді еді қыс қандай.

Шаңғыменен зырлайсың,

Қанат бітіп ұшқандай.

Би: Қырғыз әні.

Ән:Ёлочка

Зарина: В лесу родилась ёлочка,

В лесу она росла.

Әсел: Зимой и летом стройная

Зелёная была.

Теперь она нарядная

На праздник к нам пришла

И много, много радости

Детишкам принесла!

Айқаракөз: Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Жансұлу: Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз-атаны.

Гауһар: Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды.

Шұғыла: Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Фараби: Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар,

Жауса, жаусын Ақша қар!

Райымбек: Қыс келді, қыс келді

Ақтарып ақ қарды.

Аяз ата: балаларды мадақтайды.

Тәрбиеші қызым: Жаңа бір әңгіме естіп едім осы қонақтардың ішінде үлкен бір қонақ бар екен ол кім өзі?

Тәрбиеші:Аяз-ата бізге келген үлкен қонақ Мезгіл батыр атамыз келді.Батыр атамыз бен жүздескініз келеме?

Ортаға Мезгіл батыр шығып Аяз-атамен амандасады.Құшақтасы көріседі.аман түгел сұрасады.Аяз-ата –Қарағым Мезгіл батыр неше балаңыз бар?Құдайға шүкір 3 ұлым, 1 қызым бар.Жүгізуші: Әр мезглге сай киінген 4 балсы еліп Амандасады өрісіп құшақтайды.Назымгүл: Біздің байтақ далада,Асқар тауда қалада.Биыл ғажап іс болды,Таңғажайып қыс болды,Желтоқсан, қаңтар, ақпанда.Баян: Көктем болып танылған,Көк шекпенін жамылған.Көп жақсылық күтеміз,Наурыз, сәуір,мамырдан.Жұпар: Ойын сүйер баламыз,Үш ай бойы санаңыз.Маусым, шілде, тамызда.Демалып бір қаламыз.Айнұр: Күз айларын тамаша,Сабан тойы жараса.Жемісін мол сыйлаған,Қыркүйек, қазан, қараша.Мезгіл батыр: Аяз-ата мына өнерлі, қасиетті менің бала өрендрім.Осы блаларымнан 12 немерем, 7 немерем олардан шөбере, шөпшектерім шеттерінен өнерлі болып өсіп келеді.Жарайсыңдар батасын береді.

Ән:Аяз ата.

Ақ таяғын таянып,Таңмен бірге ояныпАяз ата келіптіАқ көрпеге оранып.Көрдіңбе Аяз атаныАппақ екен шапаны,Аппақ екен мұрты да,Аппақ екен сақалы.

Ерасыл: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Әділбек: Орала ма ол енді,

Айтар едім өлеңді,

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ойыншық берсе екен.

Ардана: Оралды өлкеме,

Жаңа-жыл армысың!

Оралды ақ көрпе,

Асқар тау, қарлы шың. Көрініс: Қонжықтың үйі.Жүргізуші: Орманда бір қонжық өмір сүреді,ол өте мейрімді екен. Ешкімнің көңілін қалдырмапты, жидек теріп өмір сүріпті, бірде қонжыққа қу түлкі келіп жолығыпты.Түлкі: Қонжық, саған жаным ашиды, үнемі далада түнейсің.Баратын баспанаң жоқ.Менің ағаштан соғылған үйім бар еді, сатып ал,-деп ұсыныс жасайдыҚонжық: Қонжық түлкінің үйін барып көреді. Алды-артын қарап шығады.Ішіне кірген соң:-Шатыры жоқ қой,-дейді.Түлкі: Саған шатырдың не керегі бар? Қайта төбеңнің ашық болғаны жақсы ғой.Ұйықтар алдында түнгі аспанға қарап жұлдыздарды тамашалайсың емес пе?- дейді қуланып кетіп бара жатып.Қонжық: Келісіп, жаз бойы терген жеміс-жидегін азығын түлкіге беріп, шатырсыз үйді сатып алады.Түлкі:Кетіп бара жатып әндетіп қуланадыМен түлкімін, түлкіміҚайда жүрсем күлкімін.Алдап соғып қулықпен,Мың қулықпен таранған.Қане маған қараңдар,- деп бұлғаңдап кете барады.Қонжық: Қонжыққа үй ұнайды. Бірақ бір күні дауыл тұрып, жаңбыр жауады ұйықтап жатқан қонжықтың мазасын алады.Қу түлкіге алданғанын сонда біледі.Не істеу керек? Қонжықты орман тұрғындары жақын көретін.

Достары: Сондықтан оғаң көмеке қоян, кірпі, тиін келеді.Олар жабылып үйдің шатырын жабады.Ескі терезелерін сырлап үйді жаңғыртып береді.Жаңа үй әдемі болып шығады.

Қонжық: Достарына ризалығын білдіріп рахмет айтады.Достарын сыйлап би билеп, ән айтады.Әрқайсының жүрісін салады.

Тиін: Достарын жаңа-жыл құтты болсын! Аспан ашық болып, нұрлы күн астында жайнап жүре берейік.(Тиін былғандап тұрып айтады).

Кірпі: Қуана шығып өз тілегін айтады.

Қоян: Қуана шығып, достарым биыл мен жыл басы болып келдім.Олай болса Жыл ақ пейілмен, ақ тілекпен келсін!

Жылдың шапағатын тілеймін!

Қонжық: Келген қоян жылы ырыс мерекесімен, құт берекесімен келсін елімізге! Баршаңа күш-қуат тілеймін.Достарым сендерге мың алғыс Жаңа-жыл қарсаңында менің үйімді жаңалап қуанышқа бөледіңдер.

Би: Қаражорға.Топ балалары

Жүргізуші: Аяз-ата бізге әкелген сыйлықтарыңыз қайда?

Аяз-ата: Мына сыйқырлы таяғым сыйлықты тауып береді.(төбеде ілулі тұрған шарды жарып жібереді, шар ішінен шанаға бір зат түседі).

Аяз-ата:-Бәрекелді міне біздің сыйлықтар.Ал енді балалар тағы да біз барар балабақшалар көп еді.Сау болыңыздар.

Ақшақар: Келесі кездескенше.

Балалар: Сау болыңыздар.

Тәрбиеші: Ортаға шығып сөз сөйлеп құттықтау сөз айтатын ата-аналарға сөз береді.Тәрбиеші: Көрініске қатысқан ата-аналарға өз ризашылығын білдіріп сөз сөйлейді.

Балаларға сыйлық таратылады.

Интернетке хабарлау:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Іс - шара "жаңа жыл"

Автор: Ертаева Гульнур Бауыржановна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389336

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Мектепалды даярлы? тобы.  Мерекелік  іс - шара  "Жа?а жыл""
    ["seo_title"] => string(52) "miektiepaldydaiarlyktobymieriekielikissharazhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "284780"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454043944"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Кел жа?а жыл біздерге кел жа?а жыл, жа?а жыл!""
    ["seo_title"] => string(46) "kielzhanazhylbizdierghiekielzhanazhylzhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "319298"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460795853"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош келді?, жа?а жыл! 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(26) "koshkieldinzhanazhyl4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "287579"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454504262"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Жа?а жыл: он екі жыл иелері "
    ["seo_title"] => string(33) "zhan-a-zhyl-on-ieki-zhyl-iielieri"
    ["file_id"] => string(6) "150743"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420552526"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Мектеп ішілік іс - шара : "Жайна, жайна жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep_ishilik_is_shara_zhaina_zhaina_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "389774"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486631567"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства