kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іс-шара "К?згі ба?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:Балаларды? с?йлеу , ойлау ?абілетін  дамыту.?здерін еркін ?стау?а, бірін-бірі сыйлау?а, адамгершілікке, сыйласты??а т?рбиелеу.

К?рнекіліктері :Жапыра?тар, маскалар,жемістер,шарлар,г?лдер.

Т?рбиеші :С?леметсіздерме, ??рметті ата-аналар, ?стаздар!Б?гінгі  «К?згі ба?»

атты мерекемізге ?ош келді?іздер!

                 Жап?андай жапыра?ы іздерді,

                 ?уантып байлы?ымен ізгі елді.

                 Бір тойдырып ?айту ?шін елімді,

                 Сабырлы сары алтын к?н келді.

Ортамыз?а  МДС «А» тобыны? балаларын ?арсы алы?ыздар!

Балалар ?азір жылды? ?ай мезгілі екен? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іс-шара "К?згі ба?"»

Тақырып : Күзгі бақ»

Мақсаты:Балалардың сөйлеу , ойлау қабілетін дамыту.өздерін еркін ұстауға, бірін-бірі сыйлауға, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері :Жапырақтар, маскалар,жемістер,шарлар,гүлдер.

Тәрбиеші :Сәлеметсіздерме , құрметті ата-аналар , ұстаздар!Бүгінгі «Күзгі бақ»

атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы сары алтын күн келді.

Ортамызға МДС «А» тобының балаларын қарсы алыңыздар!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі екен?

Ия ,дұрыс айтасыңдар, күздің де аяқталуына азғана уақыт та қалды, бірақ біз еш қиналмаймыз себебі ,әр жыл мезгілінің бізге дайындаған қызығы мол емеспе!

Ендеше біз «күзгі бақ» атты шағын балымызды бастасақта болады.

Сахнаға «Күз ханшайымдары» келеді. (қолында жеміске толы себет).

Сәлеметсіңдерме балалар, ата-аналар, ұстаздар!

Тәрбиеші:Қош келіпсіз Алтын күз! Ал, ендеше біздің бүлдіршіндеріміздің сізге деген жылы ықыласын қабыл алыңыз.Ал балалар енді біз күз патшайымы мен ханшайымына өз өнерімізді көрсетеміз.

Күз патшайымы:

Біз мына жақтан өтіп бара жатқан едік. Сендердің дауыстарыңды есітіп қалып, осында келдік.

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.


Мен күз патшайымымын, мынау Күз Ханшайымы менің кішкентай сіңлім , танысып қойыңыздар!


Күз ханшайым:

Сәлеметсіздерме, балалар, ата-аналар, ұстаздар!

Сіздерді көріп қатты –қатты қуанып қалдым.

Күз патшайымы:

Сендерге алыс жерден келдік. Бізді күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардық, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдік. Олар өте ақылды балалар екен біздің тапсырмаларымызды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапсырамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?







Балалар: Ия

Күз ханшайымы: Балалар сендер күз айларын білесіңдерме?

Айта қойыңдаршы

Балалар: қыркүйек, қазан, қараша

Күз ханшайымы Өте жақсы:

Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: 4 мезгіл бар

Күз ханшайымы. Төрт мезгілді атап беріңдерші?

Балалар: күз, қыс, көктем, жаз.

Күз ханшайымы: дұрыс айтасыңдар балалар, мен сендерге риза болдым.

Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшайымы мен патшайымын төрге отырығызайық.

Қонақтарымыз ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді.

Қане балалар біз күз айлары да туралы білетінімізді дәлелдеп берейік.

Жанель: (Қыркүйек)

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады.

Мал мен аңжүрбилеп,

Құсшарлапаспанды.

Ержан: (Қазан)

Қазан айы болыпты,

Қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп

Думандатып әндетіп.



Назерке: (Қараша)

Күн суытып барады

Малдар қолға қарады

Қараша ауыл даламыз

Қысқа дайын боламыз


Хор «Алтын күз»

Тәрбиеші: Балалар күз туралы тақпақтарымызды айтып береміз.

Саялы:

Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.







Арман

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтын, сары күз

Алтын ұя бақшада

Күтіп алар шағымыз.

Галмжан

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Темірлан:

Жомарт күздің біздерге,

Береін алып шашпайық

Алтын күз тойын сіздерге

Өлеңменен бастайық.

Рустембек:

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап қауын алдық біз.


Тәрбиеші:Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.

Көрініс: «Көкөністер айтысы»


Насиба мен Аружан бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:

Мадияр (қияр):

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.


Жансая (картоп):

Мен ұялшық картоппын,

Мен емесепін мақтанар,

Мені жақсы көреді,

Үлкендермен балалар.

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық.









Нурболат (пияз):

Боламын мен демеуіш,

Барлық- барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.


Айкена (сәбіз):

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.


Жанболат: (шалқан)

Кім білмейді шалқанды,

Дәмімді татып таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарқанды.


Мәди (қырыққабат):

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда.

Мені қосса самсаға.

Жейді бәрі тамсана.

Асель (қызанақ):

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген.


Асылжан : (Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелге.


Дарина (Асқабақ)

Іші сары, сырты қатты,

Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.

Пісіріп жесең ас тамақ,

Мұның аты асқабақ.









Насиба:

Көкөністер бәрі де ,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.


Аружан:

Барлығың да дәмдісіңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көз тоймайтын кереметтер,

Дастарханның сәнісіңдер.

Тәрбиеші:

Көрдіңдерме көкөністер сендер барлығыңда адамдарға ауадай қажетсіңдер!

Ендеше біздің қыздарымыздың көңіл көтерердей биін тамашалаймыз.

Топ биі: «Жылайды жапырақ»


Тәрбиеші: Балалар енді жемістеріміз туралы тыңдап көрейікші олар не айтады екен?

Нурбек Жүзім

Дәнге толып қызыл орман,

Қырман басы қызыл думан.

Мөлдіретіп жүзімдерін,

Келді алтын күзім менің.

Нурлыбек шие

Шиемін мен шиемін

Піскенше тон киемін.

Бала келсе қасыма,

Бойымды төмен иемін.


Асылы шабдалы

Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Менің атым шабдалы


Д Аружан таңқурай

Жапырақты тасалап,

Өсетін жерім-бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай

Менің атым таңқұрай








Балалар енді біздің биші жігіттеріміздің биін тамашаласақ қалай болар екен, ортаға жігіттерімізді шақырамыз

Флеш-моб: Ұлдар биі


Тәрбиеші:

Бүгін бізде тамаша,

Ертегіде бәрі бар.

Әні,биі жарасқан,

Мектебімнің сәні бар.

Қыздардың сәндік модаларын көрсетеді.


Жеке би: Нагметова Аружан


Жеке ән: Жанель


(Есікті қағып, хат тасушы залға кіреді)

Хат тасушы: Сәлеметсіздерме балалар! Менен орман құстары мына хатты сендерге апарып беруін сұрады.

Тәрбиеші: Әкеліңіз, хатта не жазылғанын бәріміз бірге оқиық.

«Амансыңдар ма, сүйкімді балақандар. Сендердің өте мейірімді балалар екендеріңді естідім. Сондықтан сендерге хат жазып отырмын. Мен, тырна –деген құспын. Балалар мен осы жылы кішкене ауырып, жылы жақа ұшып кете алмадым. Қазір осы орманнан, жылы ұя таптым, осы ұяға жұмыртқаларымды тасуға көмектесулеріңді сұраймын.»

Күз ханшайымы: Әрине, біз көмектесеміз.

Ойын: «Жұмыртқа тасу»

Ойынның шарты: Балалар бір ұядан, екінші ұяға қасықпен жұмыртқа апарулары керек. Жұмыртқаны қолмен ұстауға болмайды.



Күз патшайымы:


Балалар мен сендерге дән ризамын.Мен туралы айтқан тақпақтар мен билеген билерің , бәрі-бәрі ұнады. Сендерге көп-көп рахмет.Менің сенденрге әкелген жемісімді таратып берейін. Келесі жылы дәл осындай мезгілде кездескенше сау-саламат болыңдар!















Тәрбиеші:Ақтарады мырза күз,

Уылжыған жемісін.

Күзге бізде ризамыз,

Аянбаған ел үшін.


Балалар бүгін біз күз мерекесіне арналған «күзгі бақ» атты ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз.Берекелі де мерекелі күздің сыйлаған сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан ажырамасын. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын!

Сөз кезегі ата-аналарға.












































№ 19 орта мектеп
















Сыныбы: МДС «А»

Тәрбиеші: Бугенбаева Тажида Асанбайқызы









2015-2016 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Іс-шара "К?згі ба?"

Автор: Бейсова Айс?лу Бір?али?ызы

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 285752


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства