kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте?гілік Та?ырыбы: "Т?уелсіз елді? ша?ыра?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Б?секеге ?абілетті жас ?рпа?ты жан-жа?ты жетілген парасатты азамат етіп т?рбиелеу. Балаларды? тілге, білімге деген ?ызы?ушылы?тарын, бала т?рбиесіндегі отбасыны? алатын орныны? ерекше екенін т?сіндіру; Балаларды? бойында  Отанына, отбасына, отбасы м?шелеріне  деген с?йіспеншіліктерін арттыру; Балаларды ?дептілікке, имандылы??а, сыпайылы??а  дегент?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік Та?ырыбы: "Т?уелсіз елді? ша?ыра?ы"»


Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің шаңырағы»



Мақсаты: Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Балалардың тілге, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің шаңырағы» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымызға «Балапан» тобынан отбасылар қатысқалы отыр. Сол отбасыларды ортаға шақырайық: Ахановтар отбасы, Жунусовтар отбасы, Ходжахметтер отбасы.


Қол соғып қошеметпен қарсы алайық. Алдымен сайысымыздың бөлімдерімен танысайық:

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

  1. «Сәлем –сөздің анасы» (отбасымен таныстыру)

  2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету)

  3. Сұрақ- жауап сайысы

  4. «Ерте, ерте, ертеде» (ертегі сахналау)


Ал енді сайыста әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Медетбекова Шолпан Аманқызы- шағын орталығымыздың меңгерушісі.

  2. Абсаматова Ақмаржан Есенбайқызы –«Жұлдыз» тобының тәрбиешісі.

  3. Рахманкулова Алтынай - «Балапан» тобының ата-аналар комитетінің төрайымы.

Жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Әннен шашу шашайық!

Ән мен күйді төгілтіп,

Кеш думанды жасайық!

Тәуелсіздік тұғырың биік болсын,

Байрағымыз әрқашан биік тұрсын!

Осынау мерекеміз құтты болып,

Отбасылар өздерін таныстырсын!- деп әр отбасы сандықтан асықты алып, өз нөмірлерін белгілейді. Енді кезек бойынша әр отбасыларды сайысымыздың бірінші бөліміне шақырамыз!

1 бөлім. «Сәлем –сөздің анасы» (Әр отбасы өздерін таныстырады)

Жүргізуші: Өнегелі өссе ұландар,

Елімізді гүлдетер.

Өнерлерін байқаңдар,

Өздерін көпке үлгі етер!-деп «Балпан» тобының бүлдіршіндерінің «Гномдар » биін тамашалаңыздар.

2-бөлім. «Өнерлі өрге жүзер» (Әр отбасының өнері сынға түседі).

Жүргізуші: Отбасыларымыз келесі кезеңге дайын болғанша балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.


3-бөлім Сұрақ- жауап сайысы

  1. Қазақстан Республикасы қай жылы өз тәуелсіздігін алды.?

  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз.

  3. Мақалды жалғастыр:

    1. Ұяда ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
      2. Ата... бала...(Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.)
      3. Ер... ез...(Ер біл өледі, ез мың өледі.)

Ойын: «Артығын тап»

4-бөлім «Ерте, ерте, ертеде» (ертегі сахналау)

Тәуелсіздік тұғырына жеткелі 23 жылдың жүзі болды. Содан бері жүздеген балабақшалар ашылып, бүлдіршіндеріміздің ой-өрісі кеңіп, ертегі тыңдап, сол ертегіні сахналап, әңгімелеп беруге үйренді

Ертегі қиял көктемі,

Ертегі-тарих өткелі.

Сіздерге бүгін ашылды,

Ертегі кітап беттері!-дей келіп сіздерден ертегі көрінісін сахналап берулеріңізді сұраймын! («Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Шалқан»)

Би: «Қара жорға»

Әділқазылардың бағалауы. Жеңімпаз отбасыларды мадақтау.

Жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің шаңырағы шайқалмасын., егемендігіміз өркендеп, елдігіміз берік болсын! Қадамдарыңызға нұр жаусын! Қош сау болыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ерте?гілік Та?ырыбы: "Т?уелсіз елді? ша?ыра?ы"

Автор: Еримбетова Малика Маханбетовна

Дата: 17.02.2016

Номер свидетельства: 294686


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1370 руб.
1960 руб.
1680 руб.
2400 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1650 руб.
2350 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства