«Шыршадағы қонақтар»
Жүргізуші: Келді міне жаңа жыл сәуле шашып,құлпырады табиғат нұры тасып
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,шашу-шашып,әрқашан ән-салайық.
Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,балалар мен жзастарға,кәрімізге,
Ашық аспан астында ойнап-күлсек,бақыт пен қуанышқа біз бөленсек.
Бала: Жаңа жыл,Жаңа жыл,жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында,билеп барлық бала жүр Гиллиана
Бала: Жасыл желек жамылған,асыл моншақ тағылған
Неткен сұлу шыршамыз,ән салайық баршакмыз!
Бала: Жасыл шырша,қош келіпсің,сені аңсап жүрдік біз,
Өзіңменен жаңа жылды қарсы алуға келдік біз!
Ақ қаржапты даланы,ақ жамылды айнала, Адина
Жарқыратып шамдарын,шырша келді ортаға
Бала. Шыршамыз да келіп қалды ортаға,жалтыраған ойыншықтар тізіліп.
Барлық бала шаттанамыз,мәз болып,ән саламыз шыршамызға қызығып. Дана
Бала: Жасыл шырша жайнаған,жарқыраған нұрменен. Әсемгүл
Қандай ғажап айналам,құлпырғандай гүлменен.
Хоровод: «Шырша әні»
Жүргізуші: Қараңдаршы шыршамыз жайнап шықты.
Санжар
Дос
Бекзат
Самира
Айдана
Жүргізуші:
Бір құпия білемін құлақ салып тыңдандар,
Айтқан осы ертегіме сендер де таң қалмандар
Ду қуанып,алақанды соғайық. Бірігіп біз үшке дейін санайық: «Бір,екі,үш-сен қонаққа кел бізге ертегіміз»
Перизат: Сәлеметсіздер ме,балалар!
Ертегідегі сұлу Перизатпын мен
Алыстан келдім қонаққа сендерге
Ертегі де еріп келді тыңдандар!
Жарық,шырша сөнеді.
Жүргізуші: Ой,қараңдар жарық сөнді
Сиқырлы сәт басталды.
Перизат: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын,деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды
Қар ұшқындар биі.
Перизат: Бар әлемді жаулап алған аппақ қар
Ал ханшайым Қаршақыз
Жалғыздан-жалғыз орманда жүр
Қаршақыз: Ах,қар не деген көп едің
Қаһарлы қыс қарын неткен көп сенің
Қол шамым да бар едің
Сені де мен жоғалттым
Ормандағы гномдарым ақылды
Келіндерші көмекке
Қолдарында қол шамдары бар гномдар келеді.
1 гном: Біз ертегідегі сиқырлы гномдармыз,
Қайындар мен шырша тамыры үйіміз
Сондықтан да біз орманда тұрамыз
2 гном: Біз қожайынымыз орманның,қолымызда қол шамдар
Мүмкін арасында сенікіде бар шығар
Қаршақыз: Қол шамдарын әдемі екен достарым
Бірақ менің қол шамым сиқырлы!
Көмектесет табуға ол Ақшақар сарайын
Сонда мүмкін Аяз ата жолығар
Шыршаның жарқыратар шамдарын
3 гном: Қане менің достарым,қол шамдарды жағайық
Мынау қалың орманда сиқырлы қол шамды біз табайық
Гномдар қол шамды табады.
Би: «Гномдар биі»
Қаршақыз: Рахмет менің достарым
Енді ақшақарды табамын.
Қаршақыз қолындағы қол шамды жағып сол жарықпен гномдар кетеді.
Қаршақыз шыршаны айнала жүгіреді 3 қонжық жолығады.
Қаршақыз: Сәлеметсіздер ме қонжықтар
Мерекеге шақырамын асығындар
Шаттықпен билеп,көңілді
Тәп-тәтті бал ұтыңдар
Би: «Қонжықтар биі»
Қаршақыз: Жарайсыңдар! Жаңа жылға бал алдындар сендер
Енді асықпай отырып,балды сендер жендер
1 қонжық: Мынау қандай құпия?
Бөшкеде бал жоқ иә?
2 қонжық: Тәтті болды сондай
Жер едім мен тағы да-ай
Аюлар қонжықты соңынан қуады
-Ой құтқарындар,көмектесіңдер!
Аюлар оны қуып жетеді
3 қонжық: Әй,тентек,әй,сотқар,
Мерекеге бармайсын сен,қал!
2 қонжық : Кешіріңдерші мені достарым
Мерекеге барайыншы жолдастарым
Енді былай жасамаймын
Бірақ бал туралы ұмытпаймын!
Қаршақыз : Ашуланбандар сүйікті достарым
Осы уақытта сендер татуласындар кейініп алып тезірек
Мерекеге жиналындар
Қонжықтар кетеді.
Ән: «Жаңа жыл»
Қаршақыз: Орман қандай көңілді
Аппақ қарға бөленді
Ой шыршаның артынан
Түлкі міне көрінді
Түлкі: Түлкімін мен түлкімін,сүйкімді де көріктімін
Мойынымда менің қызыл бантигім
Жаңа жылда айтам деп, шаттанып,
Осылай мен мандайтерін төктім
Қаршақыз: Амансын ба,сүйкімді түлкі
Мерекеге шақырамыз сені
Бірге қуанып біз ән айтамыз
Сені де шаттануға шақырамыз!
Қасқыр: Мерекеге асығамын ууууууууууу
Түлкі: Тоқтай тұр,достым !Мерекеге кешіктің деп,сенімен әзілдесейін
Қаршақыз: Қалай?
Түлкі: Достарым айтып қоймандар,мен шыршаның артына барып тығыламын.
Қасқыр : Қалай бұл болғаны,кешігіп қалғаным ба?
Мерекеге барғым келді сонша
Түлкі: Ку-ка-ре-ку
Қасқыр: Мынау әтеш қой тәп-тәтті
Оны жақсы көремін мен қатты
Түлкі :Ме-ме-ме-ме
Қасқыр: Лақ қой мынау бақырған
Мені өзіне шақырған
Түлкі : Ренжіме қасқыр мен жай әзілдеген.
Би
Қызыл телпек: Бүгін мен ертемен
Қонаққа әжеме барамын
Базарлық апарамын
Қасқыр : Мен қасқырмын,қасқырмын
Аш болғасын ашулымын
Ұстап алып мына қызды
Қуанып жеп аламын
Қызыл телпек: Ой,Қаршақыз көмектес
Қасқырға мені жегізбе
Мен одан қорқамын
Сондықтан сенің артына тығыламын.
Қаршақыз: Қызыл телпек сен қасқырдан қорықпа,бүгін жаңа жыл ғой,сондықтан ол ешкімге тиіспейді.
Қасқыр: Татулық!
Аждар
Амина
Ализа
Би: « »
Әбілмансүр
Абылай
Алдияр
Перизат: Қаршақыз ары қарай жүріп кетеді. Алдынан ақшақар кездеседі.
Ақшақар : Сәлеметсіздер ме балалар,көріскеніме қуаныштымын.
Мен Ақшақармын
Үстімдегі көйлегім қар ұшқындарынан жасалған
Өзі сондай әдемі,қарасан көздің жауын алар
Қаршақыз : Сәлеметсің бе Ақшақар сүйкімді,қуаныштымыз көргенімізге сені!
Бірақ Аяз Ата керек жалғастыру үшін мерекені.
Ақшақар : Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Сағат тілі он екіні соққанда
Аяз ата келеді,
Ақ көрпеге оранып
Естідіңдер ме,қоңыраудың дыбысын?
Аяз атаны қарсы алыңдар!
Аяз ата : Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақыт!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен
Таратсам екен сыйлықтар.
Одан асқан не сый бар!
Хоровод: «Аяз ата»
Ойын
Жүргізуші : Аяз ата тақпақтар тыңдағын келе ма?
Асем
Даяна
Ахмет
Жансултан
К. Жанель
Н.Жанель
Алия
Абылай
Аяз ата : Сендерге тағы да бір ойын бар,
Мен бастаймын,ал сендер бірге қостаңдар!
Жұмбақ: Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады (қар)
Терезеге қонады
Әсем ою ояды (қырау)
Тікен,тікен тік пісте
Қысы жазы бір түсте (шырша)
Ойын
Ақшақар : Аяз ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жетті бізге дәу ата
Тақпақтарды жаттадық
Би де үйрендік,көрсіндеп,бізге риза болсын деп!
Би: « »
Жүргізуші: Аяз ата балалар сыйлықсыз қала ма,не істейміз? Сіз сиқыршысыз ғой бірнәрсе істеңіз.
Аяз ата : Қазанды алып таяғымен былғайды.
«Қар,қар,қар.мұз,мұз,мұз»
Осылай сиқыр пайда боп балалар сыйлықтарын алады. Аяз ата қоштасады.
Осымен шағын мереке бітті.