kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертеңгілік "Ұлы күн-Наурыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар алыстан Қыдыр атамыз келеді атамыздан бата алайық.

Қош келдіңіз!

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар-деп өзіңізден бата сұраймыз.

Қыдыр ата  кіреді батасын айтады.

Жүргізуші:Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр,әдеп-ғұрыптары да бар.Соның бірі-бала өмірге келгеннен кейінгі баланы бесіке бөлеу дәстүрі.

Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ»деп өмірге келер сәбиді асыға күткен.Себебі бала-өмірдің гүлі,жалғасы.Қазақтың ұлттық дәстүрінің бірі «Бесікке салу»рәсіміне кезек берейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Ұлы күн-Наурыз"»

«Ұлы күн-Наурыз»


Жүргізуші:Құрметті ата-аналар және бүлдіршіндер.Сіздерді ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Дендеріңізге саулық,бастарыңызға байлық тілей отырып «Ұлы күн-Наурыз»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.«Наурыз» күн мен түн теңеліп,жердегі көкке жан бітіп,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың ауызы аққа тиетін,тоң жібіп,Жер-Ана бусанатын күн.Қыстан аман шыққан адамамдар бір-бірімен көрісіп,қауышып жатады.

Ұлыс күні кәрі жас құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып келіскен.

Шалдар бата беріскен сақтай гөр деп терістен,

Жас қайырлы болсын ағайын,-олай болса келген ата-аналар қонақтар, құшағымызды кең ашып жыл бізге құт берекесін әкелсін деп бір-бірімізбен көрісіп алайықшы.

Шашу шашылады:

Ортаға «Гүлдер» тобының бүлдіршіндерін шақырайық.

Би-билейік бәріміз,

Егін өңін толқытқан.

Елдің көңілін шалқытқан,

Бас иеміз-Наурыз.

Ендеше бүлдіршіндеріміздің мерекелік тақпақтарын қабыл алыңыздар.



1.Нұртілек:Жыл басы-Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

2.Еркежан:Жылдың басы-Наурыз,

Жердің басы-Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр әніміз.

3.Ибраһим.А: Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық бақыт тілеимін,

Бүкіл қазақ жеріне.

4.Нұржанар:Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

5.Зерек: Наурыз тойы-тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

6:Ерсін: Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Балаларымыздың әніне кезек берейік хор: «Наурыз мейрамын қарсы алайық».

7.Жанэль: Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

8.Мөлдір: Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай.

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашау шашайық.

9.Ибраһим Қ: Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз.

10.Інжу: Ән айтайық би-билеп,

Қол соғайық бәріміз.

11.Анжелика: Наурыз тойы тамаша,

Қарсы алайық жаңаша.

Шат күлкімен қуаныш,

Еліме сыйлар жұбаныш.

Ұлыстың ұлы күнін яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр.

Би: Қара жорға


12:Ақжарқын:Алақай-ау алақай,

Наурыз келді балақай.

Халық тойды тойлайды,

Әсем әнге салады.

13.Жасмин:Наурыз тойы елдің тойы,

Көктем тойы төлдің тойы.

Ән айтатаын күні бойын,

Жақсы көрем-Наурыз тойын.

14.Нұржігіт:Бүршік жарып ағаштар,

Асық ойнап балалар.

15.Айымжан:Наурызды жүр қарсы алып,

Жасы үлкен аталар.

16.Каусар: Наурыз бұл мереке,

Құтты болсын береке.

Қыдыр ата келсін,

Бізге тілек тілесін.

Жүргізуші:Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың

Ұлы күні ұлыстың,

Наурыз келді ұлы күн.

Ән: «Қазақы дастарханым»

Сол кезде ішке Тазша бала кіреді де қонақтармен амандасып алады.Содан кейін балаларды ортаға шақырып күш сынасу ойынын бастап кетеді.Балаларды екі-екіден күш сынастырады.

Балалар алыстан Қыдыр атамыз келеді атамыздан бата алайық.


Қош келдіңіз!

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң,


Сонда олжалы жол болар-деп өзіңізден бата сұраймыз.

Қыдыр ата кіреді батасын айтады.


Жүргізуші:Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр,әдеп-ғұрыптары да бар.Соның бірі-бала өмірге келгеннен кейінгі баланы бесіке бөлеу дәстүрі.

Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ»деп өмірге келер сәбиді асыға күткен.Себебі бала-өмірдің гүлі,жалғасы.Қазақтың ұлттық дәстүрінің бірі «Бесікке салу»рәсіміне кезек берейік.


Ендеше шілдеханаға келіңіздер. Айша сәбиміздің «Бесікке салу» рәсімін жасайық.Алдымен Ерсіннің әжесі балаларды ортаға шақырып тыштырмасын салады.Одан кейін Майра әжеге ұсынылып сәбиді бесікке салады.

Ішке музыка әуенімен Ақ әже кіреді.Отырған қонақтарды ақ ауыз наурыз көже дастарханына шақырады.


Бақ дарысын бәріңе,

Ой қосылсын ойыңа.

Бой қосылсын бойыңа,

Аман-есен жетейік,

Келер Наурыз тойына.




Қорытынды сөз:Балабақша меңгерушісіне құттықтау сөз беріледі.

Ата-аналарға сөз беріледі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ертеңгілік "Ұлы күн-Наурыз"

Автор: Сапарова Сануар Темировна

Дата: 19.10.2017

Номер свидетельства: 433377


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства