Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік " АНА ӨМІР ШЫРАҒЫ"»
Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген. Саз ырғағымен
Екі- екіден қол ұстасып бір ұл, бір қыз бала келіп, орындарына отырады.
Жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Аналардың мерекесін біз бастайық
Көздерінен көрем шаттық арайын.
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың,
Армысыздар, құрметті қонақтар. Аналар әжелер, сүйкімді қыздар!
Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерге шаттық, қуаныш тілей отырып «Жауқазын» II-кіші тобының дайындаған «Аналар асыл жандар.» атты ертеңгігімізді тамашалаңыздар Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті әже, аналар.
Ән: Балалардың орындауында «Құттықтаймын ана туған күніңмен».
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекемізге қонақ келе жатқан сияқты.(Осы сәтте Көктем билеп келеді).
Көктем
Мен Көктеммін, Көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Жайнататын бар гүлді
Сайрататын бұлбұлды
Тілеп жылға оң қадам
Ән арнайды ел маған
Тіршіліктің бастауы
Көктем айы мен болам
Жүргізуші: Қош келдің көктем
Біздің балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтары бар соны бірге тамашалайық.