Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Ана аса қымбат жан!"»
Ертеңгіліктің барысы: Балалар залға қол ұстасып, жұптасып «Тәттім-ау» әнімен айналып залға кіреді. Жүргізуші: - Құрметті аналар, әжелер, әріптестер, қызғалдақ қыздар Сіздерді Халықаралық әйелдер мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балапан» тобы бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Жүргізуші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Дария
Ақ сүт берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан іздеп табамын?!
Мейірім төккен баршаға,
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?
Жан:
Анам менің «Күнім» дейді Мен қуансам күлімдейді.
Анам менің «Айым» дейді Мен мұңайсам «уайым» жейді. «Боташым» дер маған Ол - менің сүйікті анам!.
Жания:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендейболсын бар адам.
Сендей болса бар адам ,
Шаттық кетпес баладан.
Ханшайым:
Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым, Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де.
Жасмин:
Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған, Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Расул:
Мамочке подарок Приготовлю я. Самая красивая Мама у меня!
Сабина
Анамды мен жақсы көрем, Айтқан тілін алып жүрем. Қасымда анам жүргенде Шаттанып ойнап күлем.
Ясмина
Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз Той күні бір - бірден Аналарға сыйлаймыз.
Жүргізуші: Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Амир:
Әже деген көп шығар, Әжемдей жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі. Менің әжем жыр әжем, Шуағы мол, нұр әжем.
Малика:
Мені жақсы көреді, Күндей күліп жүреді, Көп ертегі біледі, Маған айтып береді.
Бинара:
Бабушка любимая
Самая красивая
Ручки золтые
Глазки молодые
Ерғанат:
Мен әжемді сүйемін Құшағына енемін.
Құтты болсын, әжежан, Құтты болсын мерекең!
Алан
Әлпештеген аялаған Ақ сүт берген апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын.
Қайсар
Қары еріп даланың, Арықтардан су ақты. Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты
Алимжан:
Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам
8.Дарын: Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым,
Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп,
Иман нұрын құяды.
Жүргізуші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады. Балалар: Кәмпит, торт, шоклад және т.б.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді.
(әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)
-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)
Мен тәттімін, Балалардың сүйікті дәмімін, Мерекенің сәнімін, Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балала: Ия, таныдық.
Кәмпит Ханшайымы: Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіп жатыр екенсіңдер. Сол үшін мен сендерге көп базарлық әкелдім.
Осы уақытта залға жүгіріп Тәттібек кіреді.
(бір нәрсе іздегендей кіріп келеді де, Кәмпит-Ханшайымының себетіне таласа кетеді. Кәмпиттер шалылып қалады. Тәттібек кәмпиттерді жинап алып бермей қояды.)
Тәттібек: Менің кәмпиттерім. Бермеймін ! Өзім жеймін!
Кәмпит Ханшайымы : Тәттібек ондай сараң болуға болмайды ғой. Бүгін қыздардың мерекесі. Оданда сен қыздарға кәмпит сыйла, олар саған би билеп береді.
Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, Жылытар жүрегіңді көз көп дейін Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге Қол соғып қарсы алайық «Қарлығаш биін»
Би: «Қарлығаш»
Жүргізуші: Тәттібек, кәмпитті көп жеуге болмайды. Онсыз да тістерің түсіп қалыпты. Балалармен бөлісіп же.
Кәмпит Ханшайымы: Тәттібек қыздардың биіне разысың ба?! Кәмпиттерін бер енді.
Тәттібек: Олай болса менің сендерге қояр бір шартым бар. Ойын ойнайық.
Ойында кім жеңсе сол кәмпиттерді алсын.
Ойын: «Кәмпит жинау»
Шарты: Музыка біткенше кәмпиттерді себетке жинау. Кім көп жинайды сол жеңімпаз болады.
Кәмпит Ханшайымы: Балалар ойынды тамаша ойнайды екенсіңдер. Тәттібек сен де қалыспадың. Сондықтан достық жеңді.
Тәттібек: Жарайды қыздар мен аналар , әжелердің мерекесі болғандықтан кәмпиттерді сендерге беремін. Топтарыңа апарып қоямын. Мереке біткесін аласыңдар.
Кәмпит Ханшайымы: жарайсың Тәттібек! Ақылды екенсің! Ал енді балалар мен басқа та балаларға апарар базарлығым бар сондықтан келесі мерекеде кездескенше, сау болыңдар.
Тәттібек: Кәмпит Ханшайымы мен де сенімен барамын. Сенде тағы да кәмпит бар ма? Маған да берші?!
Кәмпит ханшайымы: Жарайды. Қоймадың ғой Тәттібек.
Әуенмен қонақтар шығып кетеді.
Жүргізуші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Көрікті көктем келді
(Ортаға музыкамен көктем кіреді)
Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін
Құшағым гүлге толсын деп
Нөсерімді төгемін.
Жүргізуші:
Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Біздің халық өнерпазға бай тегі.
Әнші деп те, күйшідеп те айт оны
Күлімдеген көктемде ана жайлы
Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді
Ән: « Ана»
Көктем:
Аналар мерекесінде аруларымызды да ортаға шақырып біраз көңілдерін көтерейік.:
Аналармен ойын «Шаша өру»
Шарты: үш анадан үш команда шығып, ленталардан шаша өреді. Қай команда жылдам аяқтаса сол команда жеңеді.
Жүргізуші: Осы бір тамаша әннен соң біз мерекемізді одан әрі қарай жалғастырамыз.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өңірдің
Ақнұр:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Айғаным:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай
Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп,
Еркелеген сөзіме
Ертеңіңіз тұр күліп.
Сен жалықпай жетелеп
Мен жаттыға жетермін
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін.
Тамерлан:
Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Сегізінші Наурызбен,
Құттықтаймын, анашым.
Сафиянұр
Ананы мен жақсы көремін, Ана шаттық, бақыт береді. Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.
Лейла:
Ана пана,
Ана дана.
Өмірге әкелетін,
Анағана!!!
6. Батырхан:
Анам, анам, ақ анам
Менде өзіңдей ақ болам.
Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ төсекке жатқызсаң,
Көзіңді жұма қаламын.
7. Ілияс:
Ақ жүректе сақтаған,
Сенің күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам.
Мен анамды сүйемін, Құшағына енемін.
8.Рамина:
Ақ қабақты анашым, Күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, Айналайын анашым.
Жүргізуші:
Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз. –деген ізгі тілектерімен, біздің жігіттердің қыздар мен аналарына, ардақты әжелеріне арналған «Жігіттер» биін қарсы алыңыздар.
Көктем:
Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін
Сол гүлдерді өсіріп
Аялаумен келемін
Балалар менің басқа да баратын жерлерім бар. Басқа да балаларды көктем мерекесімен құттықтауым керек. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші:
Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым Ұзақ өмір жүз жасап Ауырмашы анашым!
Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Мерекеміздің соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған кішігірім сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды.
Соңғы сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі М.В.Геслерге береміз. (Белсенді ата-аналарды марапаттау)