kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте?гілік: "Наурыз-жыл басы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?ты? ?лы мерекесі 22 наурыз мерекесіне орай бала- ба?шамызда  ?лкен топтар арасында  " Наурыз- жыл басы "атты ерте?гілік ?тілді.  Ерте?гілікке ата- аналар ?ауымы да ?атысты.  Балалар ?лтты? киі?м киіп, ?н салды, би биледі, ?аза?ты? ?лтты? ойындарын ойнады е? бастысы ?лтты? наурыз к?жеден ауыз т?йді.  Ерте?гілік ?тте ?ызы?ты ?тті. Б?рі шат к?лкіге батты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік: "Наурыз-жыл басы"»

ЕРТЕҢГІЛІК

Тақырыбы: «Наурыз-Жыл басы»



Өткізген: Солтан Меруерт

Магзам Наргүл









«Балбөбек» шағын – орталығы

Күншуақ тобы 2015ж





СИҚЫРЛЫ СЫР САНДЫҚ

Үйірме

Тақырыбы:Теңіздегі кит





Өткізген: Солтан Меруерт

«Балбөбек» шағын – орталығы

Күншуақ тобы



Тақырыбы:Желкенді қайық







Өткізген: Солтан Меруерт





«Балбөбек» шағын – орталығы

Күншуақ тобы


















Технологиялық карта

Білім беру саласы: Шығармашылық. Үйірме

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Теңіздегі кит. Морской кит

Мақсаты: Бояуды дұрыс таңдауға, суық және жылы түстерді ажырата білуге, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету. Қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту. Әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: теңіздің, теңіздегі киттің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ, теледидар.

Сөздік жұмыс: кит- кит, теңіз- море, мекендеу- обитать, бір- один, екі- два, үш- три.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

«Қайда мекендейді?»

дидактикалық ойыны.

Педагог экранмен жұмыс жүргізеді.






Ойынға белсене қатысады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Барлығы бірге «Теңіздегі кит» әңгімесін құрастырады. Педагог шығармашылық тұрғыдан жетекшілік жасап, балалардың ойын бағыттап отырады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап т.б. әдістер қолдану арқылы балаларды еркін сөйлетіп дағдыландырады. Сергіту сәті (саусақты жаттықтыру):

Теңіз толқиды - бір,

Теңіз толқиды - екі,

Теңіз толқиды - үш,

Толқыды теңіз, толқыды

Теңіз тынышталды.

Түрлі бейнелер жасалды. Педагог теңіздегі киттің фотосуреттерін көрсетіп, суретте қандай бояу түсі басым болатынына назар аудартады. Балаларға тек суық түстермен жұмыс істейтіндерін ескертеді. Теңіздің суретін салатын болғандықтан қағаз көк болатынын түсіндіреді. Педагог алдымен бояп көрсетеді. - Губка арқылы тегістеп бояуға болады, ақ қағазымыз көк түсті теңізге айналды, енді осы теңізде жүзіп жүрген киттің суретін саламыз. Суретті салу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.

Домалақтау және сопақша жасау үшін қылқаламның екі түрімен жұмыс жасайды. Қалың ұшты қылқаламмен қағазды тұтас бояуға қолайлы екенін, ал жіңішке қылқаламмен киттің бейнесін бөлек салуға болатынын түсіндіреді.

Балалар көргендерін әңгімелеп береді.

Қимылмен көрсетіп, балалар сөздерін өздері айтады.

Аққағаз бетін қалың ұшты қылқаламмен көк түске еркін бояйды.

Сопақша пішінді естеріне түсіре отырып, бейне жасайды, қылқаламды қағаздан алмай сызады.

Қылқаламды дұрыс ұстап бояуды қадағалайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе, балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.




Балалар не салғандарын әңгімелеп айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: суық түстерді ажыратуды.

Игереді: қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын.

Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай бояуды.







Технологиялық карта

Білім беру саласы: Таным,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.

Тақырыбы: Желкенді қайық. Парусное лодка.

Мақсаты: құрылыс материалдарын пайдаланып, қайықты құрастыра білуге үйрету және оны кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру, саусақ бұлшық еттерін дамыту, бастаған ісін соңына дейін аяқтап, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары, ұсақ ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: жүзу-плавать, аспан-небо, ұшу-летать, жер-земля, жүру-ходить, түр-вид; форма.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балалардан әуеде ұшатын,

жерде жүретін және суда жүзетін көлік

түрлері туралы сұрайды. Балаларға

қайықтың суретін көрсете отырып,

оның құрылымына талдау жасалады.

Балалар көлік түрлерін атайды, қайықты

жасаудың жолдарын ойланады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог алдымен қайықтың суда жүзетін бөлігін қандай құрылыс материалдарынан жасайтынын түсіндіреді:

(Көгілдір түсті қағаздар таратып,

құрылысты осының үстіне орналастыруды ұсынады).

- Екі жалпаң кірпіш және оған бір

үшбұрышты түйістіріп орналастырамыз;

- Осы кірпіштердің үстіне екі жағына

екі кірпіш, артқы бөлігіне бір кірпіш

қоямыз;

- Қайықтың алдыңғы бөлігі сүйір,

үшкір болып келетіндіктен оған

үшбұрышты пайдаланамыз;

- Енді екі жағына екі жіңішке

текшелерді (брусоктар) қою арқылы оның ескегін жасаймыз.

Қайыққа кімді отырғызғысы келетінін балалардың өздеріне ойлануға ұсыныс жасау.

Балалардың құрылысты қалай құрастырғанына басшылың жасалады.

Балалар құрылыс матери­алдарын үлгіге

және педагогтің

көрсетуіне

қарай отырып

құрастырады.

Қайық дайын

болғанда алдарындағы ұсақ ойыншықтардан

таңдап алып, оны суда қайықпен жүзгізеді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың құрастырған қайықтарын қарап шығып, олардың сапасына талдау жасалады.

Балалар өздерінің

қайықтарын қалай

жасағанын айтып береді.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: құрылыс материалдарынан қайықты қалай құрастыруға болатынын;

игереді: көлік түрлерін ажырата алады, суда жүзетін көліктердің ерекшелігі туралы мәліметтерді;

меңгереді: құрылыс материалдарын пайдаланып, қайықты құрастыра білуді.

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қыс қызығы (сурет бойынша әңгімелеу). Зимняя прелесть (рассказать по рисункам).

Мақсаты: а) Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға үйретудіжалғастыру, балаларды анықтауыш синонимдерін жинатуға жаттықтыру.

ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.

б) Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері.

Сөздік: қыс – зима, мезгіл – сезон, да­лада – на улице, ойнау – играть, қолғап – варежки, қалпақ – кепка, тон – шуба, етік – сапоги.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жұмбақ шешкізу.


Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

- Ол не, балалар?

- Ендеше қар қай мезгілде жауады?




- Жұмбақтың жауабы: қар.

- Қазір қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде кар жауады.

Қар жапалақтап жауады.

Қардың түсі ақ бо­лады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

«Ақшақар» өлеңін оқу.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп қатады.

(А.Тоқмағамбетов)

- Балалар, қар қандай болады?

- Балалар, аязды күні қарды басып жүрсең, қандай дыбыс шығады?

- Қыста қандай ойындар ойналады?

- Иә, тағы қандай қысқы ойындарды білесіңдер?



- Балалар кар күн жылынып кетсе, не істейді? (Ериді).


- Еріген қар күн суытса неге айналады? (Мұзға айналады).


«М», «Н» дыбыстарына жаттығу орындату.

М-м-м-мұз,

Ма-ма-ма-марал,

На-на-на-нан,

Н-н-н-нар.

«М», «Н» дыбыстарының дауыссыз дыбыс екенін айтып өту)

Сергіту жаттығуы.

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

Дәптермен жұмыс: Тіл дамы­ту дәптеріндегі тапсырманы орындау.









Тақпақты мұқият тыңдайды.




- Қар аппақ, ұлпа, жұп-жұмсақ, мамықтай ұлпа бо­лады.

- Сықыр-сықыр, сықыр-сықыр.

- Қарды домалатып, аққала жасауға болады. Қарды домалатып ойнауға да болады.

- Шанамен сырғанау, коньки тебу, шаңғы тебу.







Дыбыстарды анық айтуға тырысу.








Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.






Суретті аяқтап бояп, әңгімелейді. Мысалы:

- Мен қыс мезгілінде да­лада ойнағанды ұнатамын. Қолыма қолғап, басыма қалпақ, үстеріме тон және аяғыма қалың етігімді киемін. Аққала жасаймын. Аққаланы жасау үшін карды дөңгелетіп, үш дөңгелек жасап аламыз. Бірі үлкен, екіншісін орташа, ал үшіншісін кішкентай етіп ала­мыз. Оларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Ең кішкентай дөңгелегі оның басы болады. Басына шелек кигізіп, мұрнын сәбізден, көздерін көмірден, қолына сыпыртқы ұстатамын.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.





Балалар қуанышты сезімде болады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: бірінің сөзін бірі тыңдай білу;

игереді: бояуды игерді;

меңгереді: әңгімелей білуді.

































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ерте?гілік: "Наурыз-жыл басы"

Автор: Солтан Мерует

Дата: 12.05.2015

Номер свидетельства: 210408


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства