kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересек тобына арналған сценарий "Ана-асыл қазынам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек тобына арналған сценарий "Ана-асыл қазынам"

8 Наурызға жазылған сценарий

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересек тобына арналған сценарий "Ана-асыл қазынам"»

«Ана - асыл қазынам!»

Мақсаты: Балаларға 8-ші Наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен безіңдірілген залға кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Жүргізуші : Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің.

Ана деген алтын қазық,алтын бақ.

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.



Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме,құрметті аналар, қымбатты әжелер,әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осындай көркем мерекенің орны бөлек. Өйткені аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ана –өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса,8 наурыз мерекесіне орай «Қарлығаш» тобының «Ана - асыл қазынам!» атты ертеңгілікті назарларыңызға ұсынамыз.

Нұрсұлтан:Анам менің сүйіктім,

Тек өзіне табынамын.

Қасында жүрсен биікпін,

Алыстасан сағынамын.

Анам болса қасында басқа бақыт не керек?

Аналардың жүрегі мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Аман : Ай лайк зэ уэй ю лук,

Ай лайк зэ уэй ю кук,

Нау ай уант ту сэй:

Хэпи Мазэс дэй!

Жанерке:Мәпелейді,бағады

«Құлыным» деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Бәріне қалай уақыт табады?

Айналайын анашым, аялайсын, бағасын

Сен үшін балалармен әң шырқайық бәріміз!


«Айналайын мама» әні.


Музыка әуенімен залға Мэри Поппинс кіреді


Мэри Поппинс:Сәлеметсіңдер ме,балалар,құрметті аналар,әжелер!

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Мэри Поппинс!

Мэри Поппинс:Бүгінгі 8-ші Наурыз Халық аралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Баршаңызға тілеймін зор денсаулық,жұмыстарыңыз табысты болсың. Ана бақытын тілеймін.

Жүргізуші:Рахмет!Бізге қонақ болыңыз. Бүгін біздің балалар өз аналарына көптеген тосын сый дайындап қойды.


Балалар отырмай жүрген кезде залға свистокпен сықыртып,Мисс Эндрю кіреді.


Мисс Эндрю:Бұл не деген масқара?! Қане бәрі тыныш отырсын. Аналар, әжелер қуана беріңіз, әлемдегі ең үздік күтуші келді. Мұндай тәртіпсіз балалармен ешқандай да Мэри Поппинс тіл табыса алмайды. Ал мен сендердің балаларын тәртіпке саламын. Мен мәдениетті адаммын.

Мэри Поппинс:Ал мен келеспеймін. Балалар, Мисс Эндрю келген кезде не айтуға ұмытып кетті?

Балалар: Амандасуға!

Мэри Поппинс:Дұрыс, балалар!Мисс Эндрю бізбен амандаспады.

Мисс Эндрю(сықырады): Тынышталыңдар дедім ғой мен! Сендер ештене де білмейсіңдер! Сыпырғыш та не үшін керек екенін білмейсіңдер.

Жүргізуші: Неге білмейміз? Білеміз! Балалар, сыпырғыш бізге не үшін қажет?

Балалар: Үйді сыпыру үшін.

Жүргізуші: Мисс Эндрю ,көрдің бе?

Мисс Эндрю:Жарайды, қазір көреміз қалай балалар аналарына көмектеседі екен. Сонымен қатар аналары да қалай үйлерін жинайды тексеремін.. Маған 6-7 бала және 6-7 ана керек.

Ойын «Допты қақпаға кіргіз» (Ойын шарты: сыпырғышпен допты домалатып қақпаға кіргізу. Кім бірінші аяқтайды, сол жеңеді)

Ойын «Допты қақпаға кіргіз» (Көңілді музыка)

Жүргізуші: Көрдіңіз бе, біздің балалар да, аналары да бәрін істей алады. Біздің балалар қазір би билеп береді.

«Полька» биі.


Мисс Эндрю (бұлданып): Істей алады, істей алады. Бірақ та, сендердің балалардың естері жоқ. Әжелер туралы ұмытып кеттіңдер ғой!

Жүргізуші: Балалар,әже туралы ұмытып кеттік пе?

Балалар: Жоқ!

Жүргізуші Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Тақпақтар:

Даниял:Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді,

Әжеме ешкім жетпейді.


Дария:Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем,пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.


«Әжем менің» әні.

Мэри Поппинс:Мисс Эндрю, ұнады ма сізге?

Мисс Эндрю:Мәәә, таң қалдырдыңдар ғой мені.

Жүргізуші: Ал қазір аналардың, қыздардың назарларына ұлдардың дайындалған тосын сыйын қабыл алыңыздар.

«Джентельмендер» биі.


Ұлдардың тақпақтары:

Ярослав:Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.


Алан:Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса келші деп,жүгіреміз күлімдеп.


Алинур:Анамыздың меиірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз.


Алихан:Мен үшін не керек,бәрін іздеп табасың

Айналайын анашым,жұмысына барасың

Қайтып мені көргенде,шын сағынып қаласың.


Аман:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.


Әділет:Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам.


Арсен:Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.


Нурислам:Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де

Арнадым саған бәрін де.


Әміре :Ақ кимешек киген

Ақ бетімнен сүйген

Анам менің қандай

Анам менің айдай


Темирлан:Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мама!


Аманжол:

Мэри Поппинс: Рахмет! Қандай ақылды балалар!

Мисс Эндрю: Ол не дегенін? Қазір аналарын тексерейік. Әр қайсы әйел мереке күні сыйлық алғысы келеді. Қазір мен көремін, біздің аналар 8-ші Наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғылары келеді. Маған екі командаға 4- 4-тен ана керек. Ойын «Пантомима» деп аталады. Ойын шарты: әр қайсы топтағы ана өзі алғысы келетін сыйлығын мимика арқылы түсіндіреді. Бір топ екінші топтын жасырған затты ойлап, табу керек.

Ойын «Пантомима»


Мисс Эндрю (сықырып): Бұл не деген масқара? Балалары да, аналары да бәрін біледі. Мен қазір бәрін құртамын.

Жүргізуші: Мэри Поппинс, көмектесіңізші.Айтпесе қазір Мисс Эндрю біздің мерекемізге кедергі жасайды.

Мэри Поппинс қолшатырынмен Мисс Эндрюді айналып, құыршаққа айналдырады ( Мисс Эндрю қуыршақ сияқты қатып қалады).


«Құыршақтар» биі.


Диана:Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз.


Айгерім:Анам,анам,ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын.

Медина:Ана пана,

Ана дана!


Жәнерке:Шашымды өріп,тараған,

Қабағыма қараған,

Үлкен кіші демейді,

Сыйлаған оны бар адам.



Мэрри Поппинс Мисс Эндрюді тағыда қолшатырмен айналып, адамға айналдырады.

Мисс Эндрю: Мен жаңа ғана бір керемет түс көрдім. Мен енді өзгеремін.Сендерден кешірін сұраймын. Шын, жақсы,сыпайы күтуші боламын. Рахмет сендерге балалар!

Мэри Поппинс: Ия, балалар, көп көп рахмет сендерге! Сендер өз аналарын шын жүрекпен жақсы көресіңдер. Ал менің кететін уақытым келді. Мені басқа балалар күтіп жүр.

Мисс Эндрю: Мэри Поппинс, менде сізбен бірге барайын? Мен Сізге көмектесемін.

Мэри Поппинс: Жақсы, менмен бірге жүріңіз.

Мэрри Поппинс пен Мисс Эндрю балалармен зал айналып қоштасады.

«Көктемде көңілді» өлеңі


Жүргізуші:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!- осындай тамаша өлең жолдармен біздің ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ал қазір біздің балалар өз аналарына дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ересек тобына арналған сценарий "Ана-асыл қазынам"

Автор: Аймухамбетова Самира Абаевна

Дата: 11.04.2017

Номер свидетельства: 408285


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства