Просмотр содержимого документа
«"Ептілер мен мықтылар" эстафеталық жарыс»
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме,құрметті балалар,бөбекжай ұжымы!Сіздерді Ақтау арман қаламыздың 51 жасқа толу туған күнімен құттықтаймыз!!!Қаламыз әрқашан көркейе берсін!Қаламызда дені сау,салауатты өмір салтын ұстана білетін азаматтар мен азаматшалар көбейе берсін!Міне,бүгін Ақтау қаламыздың туған күнінің қарсаңында біздің бөбекжай,өз қызметкерлері мен бүлдіршіндері арасында «Ептілер,мықтылар!» атты эстафеталық жарыс өткізіп,біздің бөбекжайда тек дені сау,мықты,салауатты өмір салтын ұстана білетін қызметкерлер жұмыс жасайтындарын және бүлдіршіндер тәрбиеленетиндерин дәлелдемек.
Бүгінгі эстафеталық жарысқа қатысқалы отырған командаларды қарсы алыңыздар!
Әділқазылар алқасы алдындағы «3», «4», «5» деген ұпаймен әр ойынды бағалайды.Ең жоғарғы ұпай «5».
Жүргізуші:
Бағаланатын ойын түрлері:
1.Команданың сәлемдесуі
/ұран, команда аты/
2. «Мен шапшаң педагогпын»
3. «Ең жүйрік бүлдіршін»
4. «Ептілер,мықтылар»
5. «Мен шапшаң аспазшымын»
Ал,кәне бір-бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске біз жетеміз!» -деп,
Жалынды ұран тастаймыз.
«Команданың сәлемдесуі»
Ойынның ережесі:
Әр команда басшысы өз командасын таныстырып,ұранын айтады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
«Тұлпар»
«Балдырған»
«Достар»
«Қыран»
Әділқазылар алқасының әділ бағасына рахмет!
Келесі 2-ші ойынымыз.
«Мен шапшаң педагогпын»
Ойынның ережесі:
Бұл ойынға тек педагог қатысады.Педагог себеттегі құм салынған қапшықты төбесіне қойып,кедергілер арасынан жүгіріп өтіп,сәреге дейін барып,қапшықты себетке салып,кедергіден өтіп кері келеді.Себеттегі құм салынған қапшық біткенге дейін ойын жалғасады.Қай команда бірінші келсе,сол команда жеңіске жетеді.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
«Тұлпар»
«Балдырған»
«Достар»
«Қыран»
Әділқазылар алқасының әділ бағасына рахмет!
3. «Ең жүйрік бүлдіршін»
Ойынның ережесі:
Бұл ойынға тек балалар қатысады.Балалар мәреден сәреге дейін кедергілер арасынан өтіп,велосипедті айдап барып,кері келеді.Қай ойыншы бірінші келсе,сол ойыншы жеңіске жетеді.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
«Тұлпар»
«Балдырған»
«Достар»
«Қыран»
Әділқазылар алқасының әділ бағасына рахмет!
4. «Ептілер,мықтылар»
Ойынның ережесі:
Бұл ойынға екі ойыншы да қатысады.1-ші ойынды педагог бастайды.Сәредегі допты алып екі аяғының ортасына қысып алып кедергілер арасынан жүгіріп, мәреге дейін барып допты себетке салып кері,кедергілерден өтіп мәреге келеді,әрі қарай ойынды бала жалғастырады.Ойын доп біткенше жалғасады.Ойыншылар бір-біріне көмек беретін мүмкіндігі жоқ.Қай команданың ойыншысы бірінші келсе,сол команда жеңіске жетеді.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
«Тұлпар»
«Балдырған»
«Достар»
«Қыран»
Әділқазылар алқасының әділ бағасына рахмет!
«Мен шапшаң аспазшымын»
Ойынның ережесі:
Бұл ойынға педагог қатысады.Мәреден сәреге дейін секіргіш жіппен секіріп барып,сәреде үстел үстінде тұрған картопты аршып,секіргіш жіппен секіріп,картопты қолына алып,кері келеді.Ойын ары қарай жалғаса береді.Қай команда бірінші аяқтаса,сол команда жеңіске жетеді.Ашылған картоптың таза ашылғанын әділқазылар бағалайды.Олай болса,ашылған картопты әділқазылар алқасына апарып берейік.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
«Тұлпар»
«Балдырған»
«Достар»
«Қыран»
Әділқазылар алқасының әділ бағасына рахмет!
Бүгінгі эстафеталық жарысымыз аяқталды.Әділқазылар алқасы командалардың бағаларын есептеп шығарғанша,ортамызға №9 топ бүлдіршіндерін «Балапан» биімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Бүгін міне оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш-жігер намысымыз.
Осылайша куанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
-Қорытынды:Жеңіске жеткен команданы атау.
-Құттықтау:Алғыс хат табыстау.
Әнұран тыңдалады.
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы»