Просмотр содержимого документа
«"Елімнің бақытын тербеткен,Тәуелсіздік"»
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға Отан туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Мемлекеттік әнұранды орындау және салтанаттты шараларда рәміздерді пайдалану ережелерін үйрету.
Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
( балалар салтанатты музыка үнімен сапқа тұрады)
Жүргізуші: Қазақстан – арман далам,
Жұлдызы жанған далам.
Алатауда ата берер,
Бақыт сыйлар таңдар маған.
Бүгін бізде үлкен мереке ,Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Назар аударыңдар! Балабақша , тік тұрыңдар! Мемлекеттік туға қарап түзеліңдер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Балалар! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Сендер тәуелсіз елде жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің сәнді болсы, аспанымызды бұлт шалмасын деген тілекпен мерекемізді бастайық.
Назым: Тәуелсіздік?
Бұл – бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Көздің жасын құрғатып,
Келген бізге бақыт қой!
Әмина: Туған жерге нұр шашып жарық берген,
Қуаныш пен мол бақыт алып келген.
16-желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.
Тұмар: Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным – Қазақстаным!
Торқа: Біз тілейміз бар бөбек,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Қазима: Желтоқсанның ызғары – ай,
Кірпікке қатқан мұздары – ай.
«Елім-ай деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.
Ернұр: Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн!
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн!
Әлихан: Жасай берсін Ұлы күн,
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың,
Шаттық боп атаның.
Дастан : Он алтыншы желтоқсан-
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз кұніндей жайдары.
Ержан: Арымыздай тап-таза,
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке,
Қазақстан байрағы.
Жасдәурен: Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін.
Тәуелсіздік туыңды,
Биік ұста, бүлдіршін!
Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Елбасы ҚР-ның Тәуелсіздігі туралы заңға қол қойды. Айтыңдаршы , осы күні біз қандай мерекені тойлаймыз?
Бәрі: ҚР-ның Тәуелсіздік күнін!
Жүргізуші: Қазақ халқы соңғы бес ғасыр бойы өз тәуелсіздігі жолында 300-ге тарта көтерілістер мен толқуларды бастан кешірді. Мұндай көтерілістің ең соңғысы 1986 жылы желтоқсан айында болды. Тәуелсіздік үшін күресте қазақ халқы өзінің көптеген батыр ұлдары мен қыздарынан айырылды.
(Сахнаға бір топ бала шығады.)
Нұрай: Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп тұр,
Шаттық сыйлар көңілге.
Арна: Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.
Тұрса көндей төгіп тұр,
Жылдарыңыз жайдары.
Аяна: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат ,әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада – аспан әлемі.
Қарақат: Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген
(Сахнаға балалардың келесі тобы шығады)
Алтынбек: Сәнді балабақшамыз,
Жасыл желек көшеміз.
Аясында Отанның,
Асыр салып өсеміз.
Әсел: Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар,уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
Жанбота: Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр, төзімді,
Пырақ – халық арманы.
Бағлан: Көгілдір тұс – аясы,
Бейбіт дала – елесі.
Шаңырақ – жұрт панасы,
Уықтар – күн сәулесі.
Қамбар: Жоғарыдан түсер көз,
Бес тармақты жұлдызға.
«Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл – қызға.
Әли: Мағыналы, сымбатты,
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты,
Елтаңбасы ол – еліміз!
Жүргізуші: Балалар сендер тәуелсіз, еркін Қазақстанда өмірге келдіңдер және сыртында Қазақстанның елтаңбасы мен туы бейнеленген туу туралы куәлік алдыңдар. Тәуелсіз Қазақстанды өркендететін еліміздің болашағы – сендерсіңдер!