kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:О?ушыларды? бойына Отан?а ж?не елге деген с?йіспеншілік пен ма?таныш сезімін ?алыптастыру. Хал?ымызды? салт – д?ст?рін бойына сі?іріп, ?ызы?ушылы?ын арттырып, балаларды ?лтты?, азаматты? сезімге баулу.Жас ?рпа? бойына еліне, жеріне, ?лтына деген патриотты? сезімін ?алыптастыру.

Т?рбиеші:

 ??рметті ?стаздар, ата-аналар, ?адірілі ?она?тар б?гін елімізді? сан мы?да?ан жылдар бойы арманда?ан, сол жылда д?р сілкіндірген Желто?сан о?и?асымен келген, тарихымызда алтын ?ріптермен жазылып
?алатын «Т?уелсіздік к?ні» мерекесіне арнал?ан «Елімні? еркіндігі т?уелсіздік» атты ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер!

erif";color:black;mso-ansi-language:KZ'>
Т?рбиеші:

??рметті ата-аналар, балалар, ?стаздар  «Берекелі алтын к?з» атты ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік"»

«Елімніңеркіндігі – Тәуелсіздік»



Мақсаты:Оқушылардың бойына Отанға және елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Халқымыздың салт – дәстүрін бойына сіңіріп, қызығушылығын арттырып, балаларды ұлттық, азаматтық сезімге баулу.Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірілі қонақтар бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып
қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Әнұраным жанұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – бағынарым

Мәңгі бақи шырқалады


Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Тәрбиеші:

Қазақстан!
Қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,?
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті, әділетті.
У- уайымсыз уақытты
Е- егемендік елдікті
Л- дейді лағып лепірме
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиалылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа
І- ізеттілік
К- күн бол көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

Тәрбиеші:

Тәуелсіздік деген – әр халықтың , әр мемлекеттің ең зор бақыты мен асыл арманы.Тәуелсіздік деген- қазақтың қолындағы жолбастар, жолын ашар шамшырағы. Қазақтың болашағы мен қуанышы. Барлығы да осы тәуелсіздік пен ерлікте жатыр.

Алтын адам кіреді

Жыр арнадым еліме тебірене

Үміт артам елімнің ертеңіне

Тәуелсіздік алғалы 24 жыл міне

Отаным жылдан – жылға көркеюде

Тәрбиеші:Әр жыл сайын, Тәуелсіздік таңы атты.

Топқа бардың, тойға мініп ақ атты,

Дүниені қуанышқа бөлеп тұр,

Ән айтылып, жыр төгіліп қанатты.

Хор: «Біз- Отанның ұланымыз»

Тәрбиеші:Елім менің, тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір демін.

Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп,

Көк байрағың, төбемнен көрінген күн..

Тақпақтар:

Алихан:

Туған жерге нұр шашып жарық берген

Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16 желтоқсан шуақ болып

Тәуелсіздік еліме алып келген

Жалғас:

Тәуелсіз ел атандық

Биік даңқың

Бар әлемге әйгілі ләйім атың

Ата - баба қанымен келген бізге

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме

Қасым:

Тәуелсіздік таңын сүйем .
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

Асыл:

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы

Ардақты ата - мекенім

Отаным - Қазақстан

Дәурен:

Тәуелсіздік төрінде

Ұлан байтақ елімде

Асқар тау да сенікі

Бақша - бауда сенікі

Рамазан:

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап

Өйткені, Отан баласындай

Бізді өсірер аялап

Мирас:

Отан деген - атамекен

Отан деген - туған жер

Отан - ана,Отан - үлкен

Қазақстан - туған ел

Камила:

Асқақтаған нұр елім

Сені мәңгі сүйемін

Айбынымды асырған

Тәуелсіздік тірегім

Тәрбиеші:

Тасысын шалқып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Мерекеңмен құттықтап,

Ән саламыз бәріміз

Жеке ән: «Ақ тілек» ( )

Тәрбиеші:Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Бишілер биімен де үн қосты

«Қазақ биі»

Күмбірлеп күй естілсе домбырадан,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,

Елітіп тұла бойың балбыраған.

Жеке ән: «Бал-балалық» ( )

Тәрбиеші:

Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.



Мың бұралған бишілерің ортада

Қарсы алайық бишімізді қол соға


Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «испан биі»
«Испан биі» ( )

Тәрбиеші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Жеке ән: «Асқар тауым» ()

Тәрбиеші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Ертегілер»

Тәрбиеші:

Бүлдіршіндеріміздің орындауындағы құттықтау сөздерді қарсы алыңыздар!

Тақпақтар:

Ілияс:

Тәуелсіздік - таңнан түскен ақ сәуле

Тәуелсіздік - бақыт сенде, бақ сенде

Қарқындайды қариялар қашанда

Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде

Темірлан:

Ата - бабам жанын қиып қорғаған

Ақ тілегін ұрпағына арнаған

Қазақстан - алтын ұя Отаным

Жайнай берші, мәңгі гүлдеп әрқашан

Фатима:

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің Қазақстан

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің Қазақстан

Назерке:

Көк туымыз бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп

Біз өсеміз талапты

Гауһар:

Елтаңбасы елімнің

Қандай әйбәт әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Таңшуақ:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Туымызды бізге ешкім бермеді

Ел тізгігін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері

Дәмелі:

Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу

Әйгерім:

Асқар тауым - Қазақстан

Әсем әнім -Қазақстан

Қазақстан - Отаным деп

Әрқашанда мақтана алам

Тәрбиеші:

Бақытты өскен баламыз,

Еркін өмір шат заманда,

Шырқап әнге саламыз

Ән шіркін неткен ғажап

Көмейіңнен төгіледі

Ән: «Балапан» ()

Тәрбиеші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

«Атамекен» әнін хормен орындайды

Балалар «атамекен» әуеніне, жалаушаларды алып шығады

Хор: «Атамекен»

Тәрбиеші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің

23 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.



Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!



Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік"

Автор: Раисова Асель Женискановна

Дата: 08.01.2016

Номер свидетельства: 273423


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства