kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елі сүйген,елін сүйген Елбасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәжірибе алмасуға арналған ертеңгілік. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елі сүйген,елін сүйген Елбасы"»

1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреттері,слайд, әндер

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.

Балалар: Саламатсыздар ма!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз қатараға тұрып, ҚР гимн шырқайық.

Гимн орындалады.

Шаттық шеңбері:

Әрбір күн таңертеннен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Ол үшін менің істеген қимылдарымды қайталайсындар. Алдымен «көбелек» жаттығуы:

Таңертен көбелек оянды, (тартылды)

Қанаттарын бұлғады (терең тыныс алды)

Азғана айналып, барлығына күліп

Қайта гүліне оралды

Тапсырма: әрбір күн шуағында тапсырмалар, яғни сұрақтар бар соларға жауап берген сайын күн үстіндегі бұлттар ашылады)

Балалардың назарын суреттерге аудару. Сұрақтар

-Мына суретте не бейнеленген? (карта)

-Қай елдің картасы? (ҚР картасы)

-Біздің еліміз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)

Отан туралы кім тақпақ айтады?

Дания: Отан –сенің ата-анаң

Отан –досың бауырың

Отан-өлкең, астанаң

Отан-аудан ауылың

-Еліміздің астанасы қай қала?

Алтынай: Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрасың жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да

-Біздің ұлтымыз қалай аталады?(ұлтымыз қазақ)

-Ана тіліміз қай тіл?(қазақ тілі)

Бекарыс:Қазақ тіл ата-анаң

Қуат алар Отан да одан

Дүниенің бар асылы

Тең келмейді ешбірі оған

-Біздің Рәміздерді кім айтады?( ту, елтаңба, гимн)

Жарайсыңдар балалар!

Балалар біз бүгін сабағымызда Елімізідің тұңғыш президенті жайында айтамыз.

Даулет: Шықты тарап ой данадан

Бері қарады жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар президенті

Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенің білесіңдер ме?

Балалар: Ол біздің президентіміз!

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Балалар, сендердің мама-папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентіміздің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар: Астанада!

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Астанада Ақордада. Жарайсыңдар ,балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайды. Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды құрастыруларың керек. Жарайсыңдар, балалар! Балалар біздің туымызға қараңдаршы не бейнеленген?

Балалар: Күн, бүркіт, ою

Тәрбиеші: Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар: Көк

Тәрбиеші: Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы-күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлт бар. Осы күн -100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі-еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді. Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаны ортасында не тұр?

Балалар: Шаңырақ!

Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар: Ат бар!

Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер –азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдызы бар. Ол-біздің еліміз әрқашан биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

Ән: «Мен қазақтын қызымын»

Шаршадыңдар ма балалар?

Балалар: Иә, шаршадық.

Тәрбиеші: Кәне келіңдер сергіту сәтіне. «Мен қазақпын» видео сергіту сәті

Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші: Ол кім?

Балалар: Ол біздің тұңғыш президентіміз

Тәрбиеші: Дұрыс. Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан

Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені білдіреді?

Жарайсыңдар, балалар!

Сабағымыз аяқталмас бұрын, біздің балаларымыздың орындауында «Батырлар биімен» қарсы алайық.Осымен сабағымыз аяқталды. Орынымыздан тұрып келген қонақтарымызды шығарып салайық.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Елі сүйген,елін сүйген Елбасы"

Автор: Сеитказына Амангуль Ергазыевна

Дата: 08.12.2017

Номер свидетельства: 442953


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства