І сәбилер тобында жасалатын тәжірибелер картотекасы
І сәбилер тобында жасалатын тәжірибелер картотекасы
Кішкентай балалар өз табиғатында енді зерттеушілер. Олар барлығын өздері сынағылары және зерттелмегенін зерттегілері келеді. Баланың тілегі жаңа басқармалы процесті жасауға деген танымдылығы өте маңызды, оған деген танымдық көз қарасы, адамгершілік, эстетикалық дамуы ең басты пайдалы. Неліктен балалармен ерте жастан осындай маңызды тәжірибелер мен экспериметтер жүргізіледі? Біз зерттеу қызметі кезінде балалардың диалогке шақыра отырып, барлық әрекеттерді айтқызады. Сонымен қатар балалар тәжірибе жұмысында бірнеше тұжырым жасауды үйренеді, ой тұжырымы – егер мұздай суға ыстық су қосылса – жылы алынады. Бала тәжірибе жасаудың көмегімен жеңіл түсінеді және қоршаған әлемде заңдылық байланыс орнатады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«І сәбилер тобында жасалатын тәжірибелер картотекасы»
«Аягөз қалалық №5 бөбекжай – балабақшасы» КМҚК
І сәбилер тобында жасалатын тәжірибелер картотекасы
Жасағандар: Төртенова О.
Абдрахманова Г.
Мазмұны
Кішкентай балалар өз табиғатында енді зерттеушілер. Олар барлығын өздері сынағылары және зерттелмегенін зерттегілері келеді. Баланың тілегі жаңа басқармалы процесті жасауға деген танымдылығы өте маңызды, оған деген танымдық көз қарасы, адамгершілік, эстетикалық дамуы ең басты пайдалы. Неліктен балалармен ерте жастан осындай маңызды тәжірибелер мен экспериметтер жүргізіледі? Біз зерттеу қызметі кезінде балалардың диалогке шақыра отырып, барлық әрекеттерді айтқызады. Сонымен қатар балалар тәжірибе жұмысында бірнеше тұжырым жасауды үйренеді, ой тұжырымы – егер мұздай суға ыстық су қосылса – жылы алынады. Бала тәжірибе жасаудың көмегімен жеңіл түсінеді және қоршаған әлемде заңдылық байланыс орнатады.
Құммен тәжірибе.
№ 1 «Балаларға тоқаш пісіремін».
Мазмұны мен құралдары: Дымқыл құмды алып, қолдарындағы әр түрлі формалы ыдыстармен тоқаш жасауды ұсынады.
№2 «Сусымалы құм».
Мазмұны мен құралдары: Құрғақ құммен тәжірибе. Балалар құрғақ құммен тоқаш пісіруді ұсынады. Не болды? Қолға құрғақ құмды алып, сыздықтатып қайта төгу. Сосын балаларға тесігі бар қалталар беріп, тесіктен құммен сурет салуды ұсынады.
№3 «Түрлі түсті құм».
Мазмұны мен құралдары: Балаларға құмды түрлі түске қалай бояу керектігін үйрету. Суға езілген гуашь пен ашық түсті құм дайындайды. Балаларға қағазды ғана емес, құмды да бояуға болатынын көрсетеді.
№4 «Дымқыл құмда іздер қалады».
Мазмұны мен құралдары: Тәрбиеші құрғақ құмда алақан таңбасын қалдыруды ұсынады. Таңба жақсы көріне ме? Тәрбиеші құмды сулап, араластырып тегістейді. Енді дымқыл құмда алақан таңбасын қалдыруды ұсынады. Енді не көрдік? Әрбір саусағымыз көрініп тұр. Енді аяғымыздың іздерін салайық. Қолымызбен аяғымыздың таңбасы қалай түсті? (себебі құмды суладық).
Қорытынды: Дымқыл құмда іздер, таңбалар қалады.
№5 «Құм – ұсақ құм түйіршектерінен тұрады».
Мазмұны мен құралдары: Тәрбиеші: - Балалар менің стаканымда не бар? (Құм). Мен ақ бетіне бір құм түйіршегін себемін. Олардың қандай ұсақ екенін қараңдар. Қағаз бетінде оның әрқайсысын жақсылап көруге болады. үлкен құм үйіндісін жасау үшін көп құм түйіршігі керек. Тәрбиеші әр түрлі көлемдегі бірнеше құм үйіндісін үйеді. Қайсысында құм түйіршігі көп не аз? Құммен ойын алаңында құм көп пе?
Қорытынды: Құммен ойын алаңында құм көп.
Қағазбен тәжірибе.
№1 «Қағазды жыртамыз».
Мазмұны мен құралдары: Балалар түрлі – түсті қағазды ұсақтап жыртып, олардан жапсыру жасайды.
№2 «Қағаз түйіршектері».
Мазмұны мен құралдары: Қағаздың жиылғыштық қасиетімен таныстыру. Тәрбиеші қағаздан түйіршіктер жасап, олардан ұжымдық жапсыру жасауды ұсынады.
№3 «Қағаз жолақшалары».
Мазмұны мен құралдары: Балаларға қайшы мен қағаз беріп, қайшының көмегімен одан жолақшалар жасауды көрсетеді. Қиылған жолақшалардың көмегімен далада жел бар ма, жоқ па екенін білуге болады.
№4 «Қағазды сумен желімдеуге бола ма?».
Мазмұны мен құралдары: Екі бет қағаз аламыз. Екеуін бір – біріне айқастыра қоямыз. Сулап, ақырын басамыз. Қозғап көреміз – қағаздар қозғалмайды.
Қорытынды: Су жапсыратын қасиетке ие.
№5 «Қағаз, оның қасиеттері».
Мақсаты: Қағаздан жасалған заттарды, олардың сапалары (түсі, ақтығы, тегістігі, қалыңдығы, қасиеті) мен қасиеттерін (умаждалады, кесіледі, жыртылады, жанады) тани білуге үйрету.
Ойын материалы: Қағаз, қайшы, сіріңке, су құйылған ыдыс, материалдар қасиетінің алгоритмі.
Ойын барысы: Балалар қағазды қарастырады, тәрбиеші сұрақтар қою арқылы қағаздың сапалық қасиеттерін: қағаз қандай, оның тегіс немесе бұдыр екенін, қалын немесе жұқа екенін бақылауға шақырады. Балалар қағазды алақандарымен сипап, сезінеді. Сосын тәрбиеші балаларға қағазды мыжуды ұсынады (мыжылады), оны бірнеше бөлікке жырту (жыртылады), шетінен жан – жаққа созу (қағаздың бүтіндігі бұзылады, яғни ол мықты материал емес) бетті қайшымен кесу (ол тез кесіледі), қағазды суға салса суды сіңіріп алады. Тәрбиеші сіріңкені қолданып қағазды жағып көрсетеді. Соңында балалар тәрбиешімен қағаздың қасиетінің алгоритмін құрады.
Сумен тәжірибе.
№1 «Иіскеп білеміз».
Мазмұны мен құралдары: «Кендер сюрприздің» 2 – 3 контейнеріне лимон, сарымсақ , пияз салып балаларға иіскеп, контейнердене жатқанын тауып айтуды ұсынады.
№2 «Су суық, жылы, ыстық болады».
Мазмұны мен құралдары: Балаларға әр түрлі температурада су құйылған стакандарды береді. Қайсында жылы, қайсысында суық, қайсысында ыстық су (қауіпсіздік ережесін сақтап) екенін саусақтарын малып немесе стаканның сыртынан ұстап бақылайды. Бала судың күйін анықтайды.
№3 «Жердегі қарды жеуге бола ма?».
Мазмұны мен құралдары: Таза банка алып, үйдің жанындағы қармен толтырады. Оны жылы жерге қойып, ол еріген кезде балаға көрсетіп, банкідегі судың кір екенін көрсетеді.
Қорытынды: Қарды жеуге болмайды.
№4 «Батады, жүзеді?».
Мазмұны мен құралдары: А. Л. Барто «Мячик» өлеңін оқу:
Наша Таня громко плачет:
Уронила в речку мячик.
Тише, Танечка, не плачь:
Не утонет в речке мяч.
Балалармен доптың суда бататыны, батпайтынын тексереді. Балаға басқа заттарды да тексеріп көруге ұсынылады.
№5 «Түрлі – түсті су».
Мазмұны мен құралдары: Балаларды сиқыршы болып, суды түрлі – түске бояуға шақырады. Мөлдір су қалай түсін өзгерте алады? Тұнық суымен бірнеше ыдыс алып, гуашь пен қылқаламды дайындаймыз. Бояуды пайдаланып, ыдыстағы суларды бояп, түсінің өзгергенін байқайды. Оған заттарды салады.
Қорытынды: Ашық бояуда – зат көрінеді, бірақ анық емес, ал күңгірт түстен ештене көрінбейді.
№6 «Су мөлдір».
Мазмұны мен құралдары: Балалардың алдында екі стақан тұр: бірі сумен, екіншісі сүтпен. Екеуіне де қасық, таяқша салып, «қайсысында зат көрінеді, қайсысында көрінбейді, неге?» деген сұрақ қояды. Суы бар стаканнан бз қасықты көріп тұрмыз, ал сүт құйған стаканнан ештеме көрінбейді.
Қорытынды: Су – мөлдір, сүт – мөлдір емес.
№7 «Суда не ериді?».
Мазмұны мен құралдары: Суымен екі стакан алып, біреуіне кәдімгі құм салып қасықпен араластыруға тырысады. Не болды? Құм еріді ме? Екіншісіне құмшекер салып араластырады. Енді не болды? Қай стакандағы зат еріді? Балаларға қантты шайға салатынын ескерту. Суда қант ерімесе адамдар дәмсіз шай ішер еді. Аквариум түбіне біз құм саламыз. Ол ери ме? Құмның орнына құмшекер салса не болар еді?
Қорытынды: Қант суда ериді, құм ерімейді.
Ауамен тәжірибе.
№1 «Бұрқасын».
Мазмұны мен құралдары: Әрбір бала пластик стақан мен коктейльге арналған түтікше алып, үрлеу арқылы стақандағы су қалай бұрқылдайтынын көрсетеді.
№2 «Ауаны іздеу».
Мақсаты: Ауаны көру.
Ойын материалдары: ленталар, жалаулар, пакет, ауа шарлары, коктейль түтікшелері, су құйылған ыдыс.
Ойын барысы: Балаларға заттардың көмегімен айналамызда ауа бар екенін дәлелдеуді ұсыну. Мысалы: бір жағы суға салынған түтікшеге, ауа шарын немесе целофан пакетті үрлеу арқылы.
№3 «Пакетте не бар».
Мақсаты: Ауаның қасиеттерін білу: көзге көрінбейді, иіссіз, формасы жоқ. Су мен ауаның қасиеттерін салыстыру (ауа судан жеңіл).
Ойын материалдары: екі целлофан қалта (бірі сумен, бірі ауамен) су мен ауа қасиетінің алгортмі.
Ойын барысы: Балаларға су және ауа толтырылған екі қалтаны зерттеу ұсынылады, онда не бар екенін, оны қайдан білгендерін түсіндіріп берулерін сұрайды. Балалар қалталарды қолдарында өлшеп, сипап, ашып, иіскеп көреді. Олардың бір – біріне несімен ұқсайтынын, қандай айырмашылықтары бар екенін сұрайды (ұқсастығы – мөлдір, дәмі, иісі жоқ, құйылған ыдыстың формасын алады т.б. айырмашылығы – су ауырлау, төгіледі, суда кейбір заттар ериді және ыдыстың формасында қатады, ауа көзге көрінбейді.
№4 «Түтікшемен ойындар».
Мақсаты: Адамның ішінде ауа бар екенін, оны қалай көруге болатынымен таныстыр..
Ойын материалдары: Коктейльге арналған түтікшелері, су құятын ыдыс.
Ойын барысы: Балалар түтікшелерді, олардың тесіктерін қарап, ол тесіктердің неге керек екенін анықтайды (олар арқылы бірнәрсеге үрлеуге болады). Тәрбиеші балаларға ауаның түтікшеге үрлеуді ұсынып, үрлеген кезде не сезгендерін, желдің қайдан пайда болғандарын сұрайды. (Ауауны үрлемес бұрын, алдымен ауызға ауа толтырып алдық) Тәрбиеші балаларға алақандарын түтікшенің ауа шығатын жағына қойып, келесі жағынан түтікшеге үрлеуді ұсынады. Тәрбиеші ауаның адамға демалуы үшін керек екенін, ауа адамның ішіне демалғанда ауыз немесе мұрын арқылы түсетінін, оны сезінуге ғана емес, көруге де болатынын суға батырылған түтікшеге үрлеу арқылы көруге болатынын айтады. Балалардан не көргендерін, ауа көпіршіктерінің қалай пайда болып, қайда жоғалып кеткенін сұрайды (ол түтікшеден шыққан ауа, ол жеңіл, су арқылы жоғары көтеріліп, барлығы шығып болғанда көпіршіктердің де шығуы тоқтайды).
Магнитпен тәжірибе.
№1 «Қандай заттарды магнит тартады?».
Мазмұны мен құралдары: Әр түрлі материалдардан жасалған заттарды: мата қиығы, қағаз, тіс шұқитын ши, темір скрепка, тас, шыны, алюминий қақпақ т.б. алып балаларға кезекпен магнитті тигізуді ұсынады. Оның қайсысы магнитке тартылады? Балалар жылтыр заттардың бәрін магнит тартады деп ойлайды. Алайда, олар темір деп ойлап келген алюминий, никель т.б. жылтыр заттарды магнит тартпайды екен.
Қорытынды: Магнит өзіне тек темірді ғана тартады.
№2 «Ұсақ темірді қалай тез жинап алуға болады?».
Мазмұны мен құралдары: Ыдысқа манна жармасын салып, оған темір скрепкаларды көміп қояды. Оларды қалай жылдам жинап алуға болады? Балалар бірнеше тәсілді ұсынуы мүмкін: сипалап, жарманы төгіп барып немесе магниттің темірді тартып алатын қасиетін пайдаланып.
№3 «Магнит алыс қашықтан әсер ете алады».
Мазмұны мен құралдары: Қағаз бетіне сызық сызып, үстіне скрепка қоямыз. Сосын осы сызыққа ақырындап магнитті жақындатады. Қай жерге келгенде скрепка магнитке жабысса, сол жерді сызып белгелеп қояды.
Енді тәжірибені қайтадан басқа магнитпен жасау ұсынылады. Одан кей магнит кушті екенін – скрепканы алыс қашықтықтан тартатынын, ал екіншісі әлсіз – затты жақын жерден тартатынын көреді. Және ол ара қашықтық магниттің көлеміне емес, оның магниттік қасиетіне байланысты екенін түсінеді.
Қорытынды: Магниттің айналасында заттарға қашықтан әсер ететін бір нәрсе бар. Ол «магнит өрісі деп атады».
№4 «Скрепканы судан қолды сулап алмай қалай алуға болады?».
Мазмұны мен құралдары: Ыдысқа 2 см – дей су құйып, оған скрепка тастау қажет. Балалардан енді қолды немесе басқа затты суламай скрепканы қалай алуға болатынын сұрайды. Алдыңдағы тәжіриберелерді мұқият бақылаған балалар магниттің қашықтықтан әсер ететін қасиеті арқылы алуға болатынын айтады.