Просмотр содержимого документа
«"Ғарышқа саяхат" тәрбие сағаты»
«Ғарышқа саяхат»
Тәрбие сағаты
Мақсаты: : Балаларға ғарыш әлемі, ғарышкер, зымыран, аспан әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау.
Әдіс-тәсіл: Әңгімелеу,сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме,ойын.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Алдыменен қоңақпен
Амандасып аламыз.
- Ал, балалар, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі? Ал көктемнің қай айы? Сәуір айында қандай мерекелер бар? Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ
Жерде болса тұрағым, Марсқа ұшып тұрамын. \ғарышкер\
Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз? Балалар ғарышқа не үшін ұшады? Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады. /Слайд / Сендер білесіңдер ме, ең алғаш ғарышқа ұшқан Белка және Стрелка есімді иттер екен.
Содан сегіз айдан кейін, көктемнің сәуір айының 12-сі күні ғарышқа ұшқан – Юрий Гагарин.
Ал қазақ халқында тұнғыш рет ғарышқа ұшқан – Тоқтар Әубәкіров.
Талған Мұсабаев – ол екінші – болып ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері. Ал үшінші болып ғарышқа ұшқан – Айдын Айымқұлов
Олар ғарыш айлағы Байқоңырдан ұшқан.
Олар Қазақстан Республикасының тарихына жаңалық енгізген. Қазақ халқы оларды мақтаныш етеді.
- Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?
- Жер ғаламшарында.
- Біздің төбемізде не бар?
- Аспан әлемі бар.
- Ал аспан әлемінде не бар?
- Аспан әлемінде Күн, ай, жұлдыз, бұлт бар.
- Ғарышқа кімдер ұшады?
- Ғарышқа ғарышкерлер ұшады.
- Олар немен ұшады?
- Зымыранмен ұшады.
- Ғаламшарда ғарышкерлер арнайы киімдер киеді. Оны «Скафандр» деп атаймыз. Ғарышкерлерге арналған бұл киім арнайы жабдықталған, бұл киімнен ыстық та, суық та өтпейді және арнайы сөйлесу үшін жабдықталған.
- Ал сендер ғарышқа ұшқыларын келе ме?
- Ол үшін сендер қандай болуларын керек?
- иә, ғарышқа кез келген адам ұшыра бермейді. Ол үшін жақсы оқу керек, ақылды болу керек, білімді, денсаулықтарың мықты болу керек.
Аспан әлемі /видеоролик/
-Балалар қараңдаршы аспан әлемі қандай керемет! Мұнда не көріп тұрсыңдар? Қандай ғаламшарлар көріп тұрсыңдар?
- Жарайсыңдар балалар!
Ойын: «Суретті құрастыр» - Ал енді мына жерге орналасып ойын ойнайық. Қиындыларды құрастырып, ненің суреті шыққанын айтып отырады. - Жарайсыңдар!
Қорытындылау. - Аспан денелеріне нелер жатады? - Ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді ата. - Скафандр деген не? - Ғарышқа қандай көлікпен ұшады? - Аспан әлемінде не бар? - Міне көрдіңдер ме, балалар, сендер білімді, ақылды екендеріңді көрсетіп, сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, жұмбақ шешіп, суретті жақсы құрастырып, жақсы қатыстыңдар! Жарайсыңдар!