Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік.Тақырыбы: Алтын күз»
Балалар музыка әуенімен жапырқтармен билеп, орындарына отырады.
Жүргізуші: Қарсалайық бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күзде нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді ел іргесі Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз -ырыс береке ала келді.
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер.
Саяжан: Сарғайды тоғай, сап – сары маңай
Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге, қызық көп күзде
Альбина: Жаздай күткен бәріміз, сары алтын, сары күз
Алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз
Көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп
Асыр салып жүре бер, сары көйлегің желбіреп.
Камила: Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап
Көктен көзін бір алмай қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қия алмай, маужырап тұр сары күз
Ақкенже: Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз
Сайраңдаған күліп ойнап, келді міне алтын күз
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып
Сабрина: Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз
Саңырауқұлақ кіреді: Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таңыдыңдар ма?
Балалар: Иә таныдық.
Саңырауқұлақ: Мен сендерді мейрамдарыңмен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердің не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма? Балалар:Иә Саңырауқұлақ. Бірақ жаз қайта оралмайды.
Әуен: Күн күркірейді.
Саңырауқұлақ:( Қорқып кетеді) Бұл не?
Жүргізуші: Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.
Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем
Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсен ортаға Жаңбыр әнін тамашалайық.
Ән: Тамшылар
Музыка әуенімен Бағбаншы кіреді.
Жүргізуші: Сен кімсін? Қайдан келдің?
Бағбаншы: Мен бағбаншымын. Балаларды мейрамымен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда? Саңырауқұлақ: Біз сенімен келеді деп ойладық. Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар тосайық
Бағбан:Балалар мен сендерге көкөністер мен жемістерімді алып келдім. Бірақ олар араласып кетіпті. Сендер маған көкөністерді бір себетке, жемістерді бір себетке салып жинап бересіңдер ме?
Балалар: Иә
Ойын: Көкөніс пен жемістерді жинау.
Би: Жігіттер биі
Аружан: Мен ауырып тұрмын. Бойымнан әл құрып, көздерім бұлдырап, басым айналып барады! Қасымхан: Енді не істейміз? Сабыр сақта, саспайық! Дәрігер шақырайық! Аружан: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес! Өзім жазылып кетемін! Қасымхан: Онда дәрі ішіп ал. Менде міне, көп дәрі бар! Ауырмау үшін суық суға шомылу керек. Бұл - дәлелденген рецепт! Аружан: Ах! Қасымхан: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді) Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар. Қандай шағым, арыздар бар? Қасымхан: Дәрігер Біздің Аружан ауырып тұр оған дәрігерлік көмек керек! Дәрігер: Қазір қарап шығайын. Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды) Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді) Тістерің орнында, тамағың іспеген. Қол - аяғың әлсізденген. Қызуың ыссы екен. Білдім, неден ауырғаныңды...! Жеткілікті мөлшерде ағзаңа дәрумендер жетіспеген! Аружан: Енді не істеймін? Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс. Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс! Қазір күз мезгілі түсті ғой. Жемістер де, көкөністер де пісті ғой! Қасымхан: Қоймаға қоңырау шалайық. Күз өнімдерін осында алдырайық! - Алло, алло! Қойма ма? Бізге жемістер мен көкөністер керек. Машинаға тиеп жіберіңіз. Мүмкін болса тезірек! (Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді) Алма: Мен - алмамын, алмамын Таңдандырар бал дәмім Пісіп толдым, мінекей! Баптап ерек бағбаным Өрік: Мен - өрікпін, өрікпін Дәміммен тәтті еліттім Сүйіктімін сәбилерге Айтпасам да бөліп тым Жүзім: Мені бәрі жүзім дер Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер Қызықтырам көркіммен Қатар - қатар тізілген Шие: Мен шиемін, шиемін Күннің көзін сүйемін Қажеттімін адамға Оны жақсы білемін! Қияр: Мен қиярмын, сәндімін Салаттардың сәнімін Дәруменім мол менің Жегенге қуат сыйлаймын! Асқабақ: Таңдандырар бәрін Асқабақпын дәмді Кептірілген дәнім Таптырмайтын дәрі! Картоп: Мен картоппын, картоппын Бір қарасаң - доппын?! Немен жесең де жағам Мені қоссаң тәтті болар тағам! Қызанақ: Менің атым - қызанақ Тұзды сеуіп молырақ Банкілерге салыңыз Аузын мықтап жабыңыз Тағамға дәм қосамын Қыста тәбет ашамын
Жүргізуші: Бойға қуат нәрі Таптырмайтын дәрі Өнімдерді ортаға ала Тойлайық енді шаттана! Ән «Алтын күз»
Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы. Күз бен жел кіреді. Күз: Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер. Әуен: Сиқырлы Жел:Ақалай мақалай, ақалай мақалай Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды. Саңырауқұлақ пен Бағбаншы: Желдін артынан қуады.
Саңырауқұлақ: Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын. Күз бізге керек оны балалар тосып отыр
Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады, мен барлығын ұшырып жіберемін.
Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессін Жел: Жоқ мен мықтымын Саңырауқұлақ: Ондай болса мықтылығынды көрейік Ойын: Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты? Күз оянады: Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Алтын күз деген мен болам
Бағбаншы, саңырауқұлақ, жел шығып кетеді
Би: Ормандағы тиіндер
Амирлан: Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.
Арлан: Күн суытып келеді, жапырақтар түседі
Астық – жеміс жиылды, қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс, алдық өнім сыйыңды
Абзал: Алтын сары, қызыл көк
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбдырлайды қалтырап
Тимур: Алтын сары, қызыл көк
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырақ
Дидар: Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып – теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Қасымхан: Күн шуаққа маужырап, жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ
Әй алақай тамаша, шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып ап
Жүргізуші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында ән айтайық.
Ән: Күз келгенде
Ойын ата - аналармен
Жүргізуші: Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Би: Ха – ва – на
Күз: қоштасып, сыйлығын беріп кетеді
Жүргізуші: Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз
Ән: Күз тамаша
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар бүгінгі алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.
музыка әуенімен жапырқтармен билеп, орындарына отырады.
Жүргізуші: Қарсалайық бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күзде нұр төгіп Ф
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді ел іргесі Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз -ырыс береке ала келді.
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер.
тақпақ
Айару: Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді
Анасынан ажырап қалған бала секілді