Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік: "Қош,келдің Жаңа жыл"»
Қош келдің Жаңа жыл!
Персонаждар
Аяз ата –
Ақшақар – Мансур мамасы
Тышқан-Исламбек мамасы
Бақа-Ислам мамсы
Қоян-Ақерке мамасы
Түлкі –Дильназ мамасы
Қасқыр-Айзада мамасы
Аю – Айлин мамасы
Құттықтау сөзі – бөбекжай меңгерушісі: А.М.Маушева беріледі.
(Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата- аналар, қадірлі қонақтар! Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін!
Бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне келген бүлдіршіндерді қарсы алыңыздар!
Көңілді музыка әуені ойналады. Балалар музыка ырғағымен қолдарынан ұстап залға кіреді, шыршаның алдына жарты шеңберге тұрады.
Балалар,ортаға шығып «Жаңа Жыл» әннің орындап берейікші
Ән: Жаңа жыл әні
Тәрбиеші: Келіңдер балаларым, Ертегімді тыңдандар. Ертегімде сан қилы Қызық- Қызық сырлар бар. Жаңа жылдың кешінде Аңдар келіп 6ip шешімге Достаспақшы ниетпен Жиналыпты келісімге. Соныменен, балалар Жаңа жылға арналған Үйшік ертегісін көріңдер
Мерекелік музыка ойналады.) Шыршаның артынан тышқан ceкірin шығады да:
Сәлеметсіздер ме құрметті балалар!
Мында не болып жатыр?
Балалар: Жаңа жыл
Тышқан: Менде осы жаңа жылға қаттысам боладыма?
Балалар: Әрине
Мен тышқандарға құрмет пен мақтау болатын жылмын.Менің жылым келе жатырғанына өте қуаныштымын.
Балалар біз тышқандар өте көңілді,тамақ іздеумен айналысқанды,сонымен қатар ән айтқанды, билегенді, ойнағанды ұнатамыз.
Тышқан жылы – береке мен ырыстың, татулық пен тыныштықтың жылы.
Қәне тышқанға өнерімізді көрсетейік.
Тақпақ:
Ақерке: Жасыл шырша орманнан, Бізге арнайы келіпті. Ойыншығын балалар, Шыршаға әсем іліпті.
Назия:New day,good day
Good day to you
Good day Father Frost
We are glad to see you.
Айлин:
Пришла зима,вокруг снега
Огни,игрушки,красота
Елки все пушистые
Стройные,душистые!
Бақа келеді: Сәлемсіздерме мұнда не болып жатыр?
Жаңа жыл
Мұнда кімдер бар?
Мен тышқан және балалар,қонақтар бар.
Менде осы жаңа жылға қаттысам боладыма?
Әрине болады келіңіз.
Ал енді балалар бақаға өнерімізді көрсетейік:
Ән:
Жүргізуші: Балалар жаңа жылдың болатын уақыты таяп қалды.
Біздің ортамызға кімдер жетіспей тұр! Айтыңдаршы?
Балалар: Аяз Ата *Ақша қар
Ортаға көптен күткен Аяз ата мыз бен Ақшақарымызды шақырайық.
Барлығымыз бірге.
Балалар: (айқайлап )Аяз ата - Ақшақар
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық.! Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар! Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ, Дайындалдым жыл бойы, Жолға шығар келді уақыт! Шақырымды жүздеген Басып өту мен үшін Жаңа жылдың түнінде Жасыл шырша түбінде. Кездессем деп сендермен, Таратсам екен сыйлықтар, Одан асқан не сый бар. Қуаныш сыйлау балаға Одан зор бақыт бола ма! Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Жүргізуші:Аяз атаға арнап әнімізді айтайық Ән: «Аяз ата»
Аязата: Бәрекелді,балалар!
Қоян келеді. Сәлемсіздерме мұнда не болып жатыр?
Балалар:Жаңа жыл
Мұнда кімдер бар?
Мен тышқан, мен бақа және аяз атамен ақшақар,балалар,қонақтар бар.
Менде осы жаңа жылға қаттысам боладыма?
Әрине болады келіңіз.
Ақшақар: Менің ұлпа қарлар қыздарым қайда екен?
Менімен бірге билеуге шақырамын.
Би: «Ұлпа қарлар»
Жарайсыңдар балалар жақсы билейді екенсіңдер!
Майысып түлкі келеді: Сәлемсіздерме мұнда не болып жатыр?
Жаңа жыл
Мұнда кімдер бар?
Мен тышқан,мен бақа,мен қоян және аяз ата ақшақар балалар,қонақтар бар.
Менде осы жаңа жылға қаттысам боладыма?
Әрине болады келіңіз.
Ән: «Ақшақар»
Қасқыр келеді: Сәлемсіздерме мұнда не болып жатыр?
Жаңа жыл
Мұнда кімдер бар?
Мен тышқан,мен бақа,мен қоян,мен түлкі және балалар,қонақтар бар.
Менде осы жаңа жылға қаттысам боладыма?
Әрине болады келіңіз.
Қасқырға арналған өнерімізді көрсетейік:
Би: «Тышқандар»
Аю келеді: Сәлемсіздерме мұнда не болып жатыр?
Жаңа жыл
Мұнда кімдер бар?
Мен тышқан,мен бақа,мен қоян,мен түлкі ,мен қасқыр және балалар,қонақтар бар.
Менде осы жаңа жылға қаттысам боладыма?
Әрине болады келіңіз,бірақ шыршамызды сындырып тастамаңызшы.
Аю: Сындырмаймын,сындырмаймын сендермен жақсылап жаңа жылды өткізгім келеді.
Жүргізуші: Ал,балалар барлығымыз жиналып қалдық енді аяз атаға арналған тақпақтарымзды айтайық.
Аяз атаға тақпақтар:
Айлин:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Ақбота:
Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер,
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болып өсіңдер!
Амангелдіұлы Мансур:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз!
Бахтыгерей Ислам:
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ көрпеге оранып.
Кәусар:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Куангали Ислам:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да,
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Ақмерей:
Жаңа жылмен, Жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде!
Қуандық Ақерке:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын Жаңа жыл.
Ата-әже, аке-ана,
Құтты болсын Жаңа жыл
Умбет Мансур:
Тауда туып, тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Исламбек:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны!
Би: «Жаңа жылдық би»
Тақпақтар:
Батыр:
Тақпақтарды жаттадық.
Би биледік көрсін деп.
Аяз ата қуанып,
Бізге риза болсын деп.
Нұрланқызы Ақерке:
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Дильназ:
Елочка,елочка
Вот она какая,
Стройная,красивая,
Яркая,большая!
Айзада
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Жаңа жылды би билеп,
Әнмен қарсы алайық!
Никита:
Ал, балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Тақпақ айтып берейік!
Алихан:
Аппақ тоңға оранып
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Ксения
Снег идет, снег идет!
Значит,скоро Новый год!
Дед мороз к нам придет,
Всем подарки принесет!
Сабыржан:
Келді міне Жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп ойнап, би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Нұрсезім:
Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз
Шаттанып, қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Назия:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Инабат:
Әкелсін жыл ырыс-құт,
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша!
Аруна:
Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер!
Алим:
Қараңдар мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға,
Аяз ата келіпті.
Қолғанат:
Жаңадан тақпақ, Айтамыз жаттап, Жаңа жыл келді, Жаңа жыл аппақ
Аяна:
Кел, балалар тақпақты , Тақылдатып айтайық, Аяз ата таң қалсын, Сыйлық алып қайтайық. Алинұр:
Аяз ата келді, Тамашаны көрді, Риза болып қуанып, Бізге сыйлық берді.
Нұр
Қараңдар шыршаға,
Неткен әсем көрікті?!
Жаңа жылдық думанға
Аяз ата келіпті.
Ақнұр:
Тамаша сый алып
Келді аяз атамыз,
Шаттанып қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емсепе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер. Аспандарын ашық болсын. Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді)
Жүргізуші:Міне ортамызға тағы да бір жаңа жыл келді. Жаңа жылда не тілесең сол орындалады дейді. Сондықтан да ата аналар, балалар бір –бірімізге жақсы сөздер айтып, жақсы тілектер тілеп жүрейік. Жаңа жыл құтты болсын! Қош сау болыңыздар.
Щапов ауылындағы Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі «Бөбек» бөбекжайы
Ертеңгілік:
«Қош келдің Жаңа жыл!»
Өткізген: «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі: Мендіғази Г.М