Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік " Бала жүрек жылуы-адамзат қуанышы"»
Ертеңгілік
Тақырыбы: « Бала журек жылуы – адамзат қуаныш!»
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға шын көңілден шаттық көңіл- күй сыйлап, балаларды қорғау мерекесімен таныстыру, білімдерін жетілдіру.
2. Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын, жеке қасиетін, сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Балалардың бір- бірін сыйлауға, қорғауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сәйкес безендірілген, түрлі- түсті шарлар, гүлдер.
I - Жүргізуші:
Армысыңдар балалар, бармысыңдар!
Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар,
Жас бөбектер сендерге арналады,
Бүгінгі мерекенің салтанаты.
II- Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата- аналар. Балғын балдырғандар!
1 маусым Балаларды қорғау күні-ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі.
Сіздерді 1 маусым Әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз. Өздеріңе қуаныш, шаттық сыйлайтын мейрамдарың құтты болсын!
I- Жүргізуші:
Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес, сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын, иманды да әділетті, қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке.
II- Жүргізуші:
Балаларға қамқор болып жүретін,
Бала десе бар байлығын төгетін.
Жас бөбектер болашағын көркейтер,
Аман болсын біздің жарқын бөбектер.
Бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін құттықтау сөзін орталығымыздың директорына беріледі.
Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізге өзінің үлесін қосып, көмек көрсеткен демеушілерімізге алғысымызды білдіреміз:
I- Жүргізуші:
Бала деген бал дерсің, ел еркесі,
Әрбір үйдің шаттығы берекесі.
Бүгінгі күн мінекей балғындардың,
Қуанышқа кенелген мерекесі.
Би: « Микки Маус»
II- Жүргізуші:
Барша халық мерекені тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Әнші болғым келеді бұлбұлдайын ,
Арманыма жақындап қалғандаймын.
Ән: Анашым
I- Жүргізуші:
Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады.
Би: « Менің қиялымдағы әлем»
II- Жүргізуші:
Балалар аман болсын әр үйдегі,
Таусылмасын ананың әлдилері.
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!
1- бала:
Біз тілейміз бар бөбек,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
2- бала:
Біздің топтың қыздары,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар жанға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
3- бала:
Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз бәріміз.
Қазақстан даласында,
Жарасады сәніміз.
4- бала:
Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
I- IЖүргізуші:
Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Оркестр: « Сағаттар»
Ойын: « Көңілді пойыз»
II- Жүргізуші :
Баршамызға бала тілмен байрайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата- ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.
Би: « Ха-фа-на-на»
I- Жүргізуші:
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным сен үшін.
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін.
Жігіт болар күні ертең,
Балдырғаным, гүл еркем.
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
II- Жүргізуші:
Бүгінгі күні балалар шексіз шаттық пен қуанышқа бөленді, жарқын да, кемел Қазақстанның көркейіп, өркендеуіне үлес қосып, жарық жұлдызына айналатын сендерсіңдер, бүлдіршіндер!
Бүгінгі «Бала жүрек жылуы- адамзат қуанышы» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Қуанышты күндеріміз көп болсын!