Музыка залы мереке сай безендірілген.
Алтын күз:Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Іннің бейнесіне келтірілген шиырмаға келіп.(таңданады) Мында кім тұрады екен?
Кірпі:Мен ертегіден кеткенмін,
Мен әннен де жоғалғанмын.
Мен орманнан қуылғанмын.
Мені мүлде ұмытқан
Үйшігімді таптап кеткен
Езіп жаншып,шашып кеткен
Кім мұнда бұзық болған
Ал,үйім менің осы орман!
Алтын күз: кірпі,сені біреудің ренжіткені өкінішті.Қаласаң біз сенің көңілің ді көтерейік?
Жүргізуші:Біздің балалардың алтын күз мерекесіне қатысып,өнерлерін тамашалап көңіліңді көтер.Балалармен билеуіне болады.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Балалар кіреді :(қолдарында жапырақ би билейді)
Бәрі:Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырады жарқын күз.
Сайрандадық күліп ойнап,
Келді міне алтын күз.
Алтын күз:Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен боламын.
Сәлеметсіздер ме,кішкентай бүлдіршіндер,мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші:Алтын күз балалардың әнін тыңдаңыз.
Ән:Күз келді алақай
Жүргізуші:Кірпі сенің көңілін көтеріле бастады ма?
Кірпі:Рахмет сендерге,мен жаңадан достар таптым және қазір менің көңілім көтеріңкі.
Алтын күз:Кірпі балалармен бірге ойын ойнаймыз ба?
Ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Аю пайда болады.
Жүргізуші:Ой,аюжан!Неге сен көңілсізсің?
Аю: у,у,у (жылайды)
Жүргізуші: Тұра тұршы жыламай!Мен сені түсінбедім.Мүмкін болса,сен бізге не болғанын түсіңдіресің?
Аю:Бал жегім келіп еді,аралар мені шағып шағып тастады.У,у,у!
Жүргізуші: Міне,енді түсінікті.Аралар кінәлі екен ғой!Аралар шақпасын десең,біреудің омартасына тиіспеуің керек шығар?Бізбен бірге қалып «Алтын күз»мерекесін тамашаласаң аралардың шаққанынан ізде қалмай сауығып кетесің.
Аю:жарайды,жақсы.
Жүргізуші: Ендеше аюжан ормандағы достарынның биін тамашалайық.
Би: «белочка»
Алтын күз: Балалар сендер тақпақ білесіңдер ме,мен тыңдағым келіп тұр.
Қыздардың тақпақтары
Бұлт келеді:
Ойын: «Қолшатыр»
Аю мен кірпі не істеп жүр ?
Жүргізуші:Аю мен кірпі бізбен бірге мерекеде болды.Бұлт сен аю мен кірпіні орманға ала кетесің бе?
Бұлт:Жақсы,бірақ мен бір ән естігіп келеді.
Ән: «Жаңбыр»
(бұлт аю мен кірпіні әкетеді)
Ұл балалардың тақпақтары
Би: «Қолшатыр»
Ән: «Жемістер»
Күз:Балалар бәрін өнерлі екенсіңдер.Өнерлеріңді тамашалап,тәнті болдым.Мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер.Сендерге көп рахмет.Қош сау болыңдар!
Жүргізуші:Осымен алтын күз мерекеміз аяқталды,тамашалағандарыңызға рахмет!