Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Драматизация сказки "Теремок" на казахском языке»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқудан тыс жұмыстың конспектісі
Өткізу күні/Дата проведения: 20.11.2018 г.
Қазақ тілі мұғалімі / Учитель казахского языка Кенжебекова М.М.
Білім беру саласы/Образовательная область: «Коммуникация»
Пән/Предмет: Қазақ тілі
Тақырыбы/Тема: «Үйшік ертегісі»
Мақсаттары/Цели:
Білімділік: Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру.Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға, қимыл-қозғалыс, дауыс ырғағын көрсету.Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын дамыту.
Бүгін, ерте заманда, жазық далада болған бір қызық оқиғаны көрсетеміз.
Автор:
Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Тышқан қырмен келеді, келеді.
Есік алдына шиқылдап тоқтады.
Тышқан: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? Ешкім жоқ екен, мен осында тұрамын.
Автор:
Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Бақа сумен келеді, келеді.
Есік алдына жүріп жетеді.
Бақа: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан: - Кел, бірге тұрайық.
Автор:
Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Қоян қырмен келеді, келеді.
Есік алдына секіріп тоқтады.
Қоян: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!
Бақа: - Кел, бірге тұрайық.
Автор:
Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Орманмен түлкі келеді, келеді.
Есік алдына қызығып тоқтады.
Түлкі: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
Түлкі: - Мен қу түлкімін!
Қоян: – Кел, бірге тұрайық.
Автор:
Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Орманмен қасқыр келеді, келеді.
Есік алдына айқайлап жетеді.
Қасқыр: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: – Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: – Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: – Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: – Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
Қасқыр: – Мен сұр қасқырмын!
Түлкі: – Кел, бірге тұрайық.
Автор:
Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Орманмен аю келеді, келеді.
Есік алдына қорбаңдап тоқтады.
Аю: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: – Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: – Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: – Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: – Мен қу түлкімін!
Қасқыр: – Ал мен болсам, сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?
Аю:– Мен қорбаңбай аюмын!
Қасқыр: - Кел, бірге тұрайық.
Аю: – Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын,
Бәрі: – Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Аю: – Қорықпаңдар, түк те болмайды.
Жануарлар аюға жандары ашып, барлығы бірігіп үлкен үй салуға кіріседі. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!