kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"до свидания детский сад!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

УТРЕННИК ДЛЧ ДЕТСАДА. НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ. МЕТОДИЧКА ДЛЯ ВОСПИТАТЕЛЕЙ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"до свидания детский сад!"»

Қош бол,балабақшамыз!

Тәрбиеші:Армысыздар,құрметті қонақтарІ Шағынорталығымыздың 2022 жылғы түлектерінің «Балабақшамен қоштасу мерекесіне» қош келдіңіздер!

Той дегенде жыр дейміз, өлең дейміз,

Бастайды деп кім тойды елеңдейміз.

Елімізде той-думан бола берсін,

Той бастаудан өзіміз де бөгелмейміз.

Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар, қонақтар!Шағынорталығымыздың 2013 жылғы түлектері өмірге араласпақшы.Бұлар – көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі.Бұлар-ел бірлігін ойлайтын,өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз.Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.Бүгінгі той иелерін-шағынорталығымыздың түлектерін ортамызға шақырайық.

(Балалар өздерінің жұптарымен ортаға шығып,жылы лебіздерін айтады)

-Бүгін біз үшін мереке!м (Нұрлыбек)

-Біз үшін есте қалатын күн! (Алинур)

-Біз-балабақша түлектеріміз! (Назерке)

-Біз-білімді балалармыз!(Сандуғаш)

-Біз-Қазақстанның болашағымыз! (Салтанат)

-Балабақшамызды қимай барамыз! (Жасұлан)

-Біз бақытты балалармыз! (Бәрі)

Тәрбиеші:Ақ тілекті ағытып бір тойлайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздерінен көрем шаттық арайын,

Болсын ссолай әрбір күнің,әр айың!-деп,бүлдіршіндерімізге сөз кезегін береміз.

Досалы Диана:Қош келдіңіздер, құрметті меймандар!

Бізбен бірге қоштасуды тойлаңдар.

Гүлдей жайнап өстік балабақшада,

Енді бізді есейді деп ойлаңдар.

Нариман:Мектепке ертең барамыз

Оқимыз сауық- құрамыз

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

Ділназ : Баулап баптап өсірдіңіз

Балалық етсек кешірдіңіз,

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Ұмытпаймыз өзіңізді.

Даниял :Бақша біздің панамыз

Мектеп біздің анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім аламыз.

Мейіржан :Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше

Тәрбиеші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында «Біз мектепке барамыз» әні.

Жадыра :Жеті жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамыз.

Сандуғаш:Қуантып әрі қинайды,

Бақшамнан алыс кеткенім.

Қажет қой бірақ білімнің

Теңізінен өткенім.

Ауез::Оқимыз,білім аламыз

Болашақ жолын саламыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Тәрбиеші: Абайда бүгін мереке,

Мектепке алғаш барады.

Барша жұртты қаратып,

Адамдар кетіп барады.

Бірақ, Абай жалғыз емес,

Соңында кім келеді?

Қараңдаршы, балалар поезд жүріп келеме?

Жүргізуші: Абайдың артында асығып келе жатқан кім?

Мамасы: Мен мамасы боламын.

Жүргізуші: Абайдың соңында кім жүгіріп келеді?

Әкесі : Мен ғой, папасы.

Жүргізуші: Абайдың соңында кім ақсаңдап келеді?

Әжесі: Мен ғой, әжесі.

Жүргізуші: Кім бұрқылдап сүйретіліп келеді?

Атасы: Мен ғой атасы.

Жүргізуші: Айтыңдаршы, неліктен Абайға тіркесіп алдыңдар?

Немене Абай Паровоз ба, вагондарын сүйреп жүретін?

Мамасы: Көйлегінің ілгегін кім салады?

Әкесі: Портфелін кім ұстап жүреді?

Әжесі: Қарны ашса, бауырсақты кім жегізеді?

Атасы: Бәтеңкесінің бауын кім байлап береді?

Балалар: Өзі

Мамасы: Ол әлі кішкентай ғой

Әкесі : Ол әлі әлсіз ғой

Әжесі: Ол әлі жүдеу ғой

Атасы: Ол көп ауыра береді.

Мамасы: Менің кішкентай ғана баламды аяңдаршы.

Әкесі: Мен әдейі жұмыстан сұрандым, портфелін көтеру үшін.

Әжесі: Немерем жүдеп кетеді – деп бауырсақ алып жүрмін.

Атасы: Жіберіңдерші мені бауын байлап берейін.

Жүргізуші: «Білім»- деген теңізде,

Желкенді ақ қайықтай

Абай біздің қалқиды.

Абай біздің мектепке,

Дайындықпен барады.

Қорықпаңдар үлкендер,

Абай нық басып барады.

Шақырады асу арманға,

Аппақ асқар сағымдай.

Сол білімнің шыңында,

Толқындайық тынбайық.

Болашағы елімнің,

Ертеңі сен, ұл - қыздар.

Жүргізуші:Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

Көңілді биді көріңіздер,

Өнерге баға беріңіздер демекші, «Сарбаздар » биі.

Тәрбиеші:Бойы да өскен,ойы да өскен,шат бәрі,

Барлығы да бақшамыздың мақтаны.

Еркелеген кешегі ұяң балдырған

Ұл-қыз болды талап отын жандырған-дей отырып бүгінгі ересек тобының түлектерімен танысайық.

Топ басшысы бола білген Нұрымды,

Зеректікпен көш басынан көрінген.

«Қара жорға» әуеніне би билеп,

Сахнаның табылатын төрінен

Биязы біздің Дана деп,

Мақтан еттік бәріміз.

Инабатын,ізетін,

Үлгі етеміз бәріміз

Жақсы оқушы болады,

Бұл ақиқат наныңыз!

Қабілетті,сымбатты

Әділет деген бар жігіт,

Ақылменен іс тындырар.

Әділет нағыз нар жігіт,



Елім,жерім дегенде,

Күш қайраты тасыған,

Атағы мәлім әлемге

Нариман ол,жас ұлан.



Кеше ғана қосылдың арамызға,

Айналдың бір сүйкімді баламызға.

Ақ жарқын,көпшіл,алғыр,мінезіңмен,

Ұяладың мәңгіге санамызға.

Демеген ұлды өмірге алып келген,

Мың алғыс,Тілектестей анамызға!



Сабағын жақсы оқиды,

Көңілге бәрін тоқиды.

Үндемей жүрген Сандуғаш

Бәрін ойлап тоқиды

Жібектейін мінезі

Мектептің жарық жұлдызы

Жасұлан сондай дарынды

Сурет салу шебері



Ұнатамыз үнін біз,

Тобымыздағы жақсы қыз.

Күлкісі де жарасымды.

Гүлданамыз –биші қыз.

Тәртіпті болып жүрегі

Жымиып қана күледі

Нұрқадам деген баламыз.

Сабақты жақсы біледі

Ойлар күмбір күй сынды,

Ұнады бізге назы ұдай

Мейіржан біздің сүйкімді.

Томпиған тойған қозыдай.

Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы Рахманбердиева Дианаға

Әдемі есім теңгерген.

Айтқанда әнді әуелеп,

Ерекше шығар әуені.

Назеркеміз –әнші қыз

Мақтанамыз бәріміз.

Әкеден ұлы ұғыпты.

Әкелген әдеп қуаныш.

Еркебұлан ұяң,ұқыпты,

Білімді оқушы мақтаныш.

Сыпайы қыз Дианамыз

Әр қылығы назы ұнады.

Құлпырады қызыл гүлдей,

Ақылы бар қазыналы.

Білімсіз ойы толмасын,

Біледі өршіл ол ғана.

Есімі Даниал болғасын

Жігердей өткір бұл бала.

Бақ болар бәлкім қазаққа.

Жанында жалын бар алау

Біздің ересек тобында

Ақтанның орны даралау.

Көңіл күйін ыңғайын

Келгенде байқап білеміз.

Айтарымыз,Алтынай қыз

Еркесі ғой үйінің

Күн сияқты күлімдеген

Жұлдыз сияқты жарқыраған

Жадыра қыз тобымызда

Ерекшеленер мінезімен.

Балабақшадан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды

Ән мен биді баптайтын

Нұр біздің осындай



Ер жүректі Асланбек бар,

Жүйрігіміз ол болар.

Асланбек топтың жүрегі.

Бар жағынан танылған



Бойында үлкен намыс бар

Әрқашан алға ұмтылған

Сегіз қырлы,бір сырлы

Намысшыл жігіт Алихан .



Біздің топтың сұлуы

Салтанат болар қараңыз

Өткір де ер мінезіне

Қызағамыз бәріміз.



Мәнерлеп оқу шебері

Ақылына көркі сай

Төрт қыздың бастығы

Ол,әрине,Толғанай.



Өзі сондай ұқыпты

Топта ең көрікті

Қошеметтеп шақырайық

Ауездей жігітті.



Қандай да болсын игі іс

Онсыз сірә бітпейді

Гүл жайнаған Ділназды

Жауқазын гүлге теңейміз.



Биікке самғау мақсаты

Алғыр,зерек,талапты

Көркем шығарма оқудан

Алдына жан салмайтын

Қошеметтеп қанекей

Қарсы алайық Нұрлыбектей жігітті

Ортамыздың ажары

Арайлымдай ерке қыз

Әр қылығын көтеріп

Еркелете береміз.



Сабырлы,жайсаң мінезі

Адалдықты сүйеді

Бәрі де бәрі сыйлайды

Топтас құрбы Ернарды



Спортты жаны сүйеді

Салауатты өмір сүреді

Ортасында жүреді

Алинур топтың жүрегі





Би «Өзбек биі»

Тәрбиеші:-Міне балалар,сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің де басталып кетті.Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға өзіңізден бір жас кіші құрбылырыңыз келіп тұр.

Фаида:Қош,балалар,сәт сапар,

Бақытты бәрің болыңдар.

Жақсы оқып сабақты.

Кілең бестік алыңдар.

Айгерім:Бірге ойнап,бірге жүрген,

Күндерімізді қимаймыз.

Естелік болсын біздерден,

Кітап,қалам сыйлаймыз.

Қуантай :Өздеріңді ұмытпай,

Есімізге аламыз.

Ұмытпасын деп әр қашан,

«Балабақша» әнін саламыз

Дәрігер (осы мезетте есікті қағып кіреді)

-Сәлеметсіздер ме балалар

Тәрбиеші:-Сәлеметсіз бе дәрігер жолдас.

Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Сұрақ қойып,жауап ал,

Жарамсызы қалады

Дәрігер:Жарайды онда балалар,

Қане бәрің тұрыңдар

Тапсырманы ұғыңдар!

Көтер қолды,түсір қолды

Бұрыл жедел оңға,солға,

Енді отыр,қайта тұр

Баяу жүгір,қайта жүр.

Сабыр енді тоқтай тұр

Қан соғысын көрейік.

Бәрінің қолын ұстап,дәрігер қан соғысын тексереді.

Дәрігер:Бәрі тегіс қаралды,

Бәрі тегіс жарамды.

Бәрі түгел саламат.

Бәріне де рұқсат!

-Ал,балалар жолдарың болсын!-деп шығып кетеді.

Есікті қағып бестік кіреді.

Құрметті де, сүйкімді балаларМені сендерге Білім ханшайымы жіберді. «Балалардың мектепке барардағы дайындығын тексер!»- деп тапсырды.Менің қолымда тапсырмалар жазылған.Сол тапсырмаларды оқып,орындауларын талап етемін.

Бестік :-Отан туралы өлең білесіңдер ме?

Толғанай:Отан деген-Атамекен

Отан деген –туған жер.

Отан –ана,Отан-өлкең,

Қазақстан-туған жер.

Бестік:Ал,математикамен сендер балабақшада достастыңдар ма?Онда көрейік!

Мұз айдында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап

Енді осы бар баланың,

Санын айтсаң жарадың!

Балалар:тоғыз

Бестік:Өте жақсы балалар.

Осы уақытта есік қағылады.Қатармен әліппе,математика,дәптер,күнделік кіреді.

Әліппе:Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен.

Бауыржан да,Мәншүк те.

Математика:Біздің келер шамамыз,

Бестен үшті аламыз.

Төртті бөліп екіге.

Жауабын тез табамыз

Дәптер:Ел құрметтеп бағалар,

Досың бар,ол-тазалық.

Кел,дәптерге балалар,

Тап-таза етіп жазалық

Күнделік:Жазулы менде әр күнің

Бар міңезің,тәртібің.

Дос болайық,жарқыным!

Жолдасымсың сен менің.

Мен өзіңмен біргемін.

Екеуімізде намыс бар.

Жаман оқып жүрмегін,

Жалығуды білмейміз

Жабығуды білмейміз

Бестік:Енді балалар,сендермен қоштасатын сәт те келді.Мен Білім ханшайымына сендердің мектепке дайын екендеріңді айтамын.

Тәрбиеші:Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің.

Сүйкімді балғын бала шақ.

Сендердікі болашақ,

Озат болып оқыңдар.

Ойға білім тоқыңдар!

Би «Вальс»

Тәрбиеші:Келесі кезекте сөз өздеріңе беріледі, балабақша түлектері.

Жасұлан: Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектере сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен

Өздеріңді қимаймыз

Нұрлыбек : Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы

Директор ағайға

Ырза шеше, әке де.

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі - бәрі дап - дайын.

Қамымызды ойлаған

Ескендір ағайға мың алғыс!



Назерке:Біздің апай Ляззат

Маманы оның әдіскер.

Бұл апайға қарасақ,

Ақылына көркі сай.

Мақтан етем әрдайым,

Аман болшы апатай.



Дана: Талай-талай баспалдақты аттармыз

Ата-ананың үмітінде ақтармыз

Анар апай сізден алған ақылды

Есімізде өмір бақи сақтармыз.

Баулап,баптап өсірдіңіз

Бұзықтық етсек,кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз сөзіңізді,

Ұмытпаймыз өзіңізді.



Алинур: Еңбек еткен еңселі

Сырты менен ішіне.

Балабақшаның қызметін

Иығына көтерген.

Дәмді, тәтті тағамды

Жеткізген бізге дүкеннен.

Қоймашы Бисен ағайға мың алғыс!



Салтанат: Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер Набат апайға мың рахмет



Әділет: Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған

Гүляй апайға көп рахмет

Өздеріңді қимаймыз

Демеген:Дене шынықтыру сабағын

Асыға күтіп тұрамыз

Топ ішінде, далада

Бірге ойнап жүреміз,

Үйреткен Айгүл апайға

Рахмет бізден айтамыз!

Нұрым :Тамылжыта ән салдырып үйреткен,

Мың бұралта биімізді билеткен.

Азима апай сізге де алғыс айтамыз,

Мың қайтара сәби бала жүректен.

Гүлдана:Орыс тілі біз үшін

Ана тілмен пара-пар

Тілді үйренген балалар,

Бар сайыста жан алар

Орыс тілде бізді сайратқан

Нұрия апайға мың алғыс!



Еркебұлан:Күннен күнге біздер өсіп барамыз

Үлкен болып қиындықты жеңеміз

Сіздердің біздер үшін сіңірген

Еңбегіңіз еш болмасын деп сенеміз

Есепші Ақжарқын мен Мира апайға мың алғыс

Иіліп рахмет айтамыз!

Рах.Диана:Балабақшам бесігім,

Қайсысын айта берейін.

Қабыл алшы гүлімді,

Сіздерге сыйлап кетейік.

Ақтан:Біздер алты жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырды,

Қош бол,әсем бақшамыз



Алтынай :Бар баланың сенгені өздеріңіз

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз

Құтты болсын ұстаздар,әрбір жылың

Жана берсін,жасампаз еңбегіңіз!



Ән «Үйретеді»

Тәрбиеші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік,-дей отырып балабақшамыздың әдіскеріне,ата-аналарға сөз береміз.

«Қош бол,балабақшамыз!»атты ертеңгілігімізді аяқтау барысында бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілейміз!


























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"до свидания детский сад!"

Автор: ДОСТЫГУЛОВА ЖАМИЛЯ

Дата: 22.02.2023

Номер свидетельства: 626363

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Сценарий выпускного бала " До свиданья, детский сад!" "
    ["seo_title"] => string(53) "stsienarii-vypusknogho-bala-do-svidan-ia-dietskii-sad"
    ["file_id"] => string(6) "219695"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434344855"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "ДО свиданья детский сад"
    ["seo_title"] => string(21) "dosvidaniadietskiisad"
    ["file_id"] => string(6) "290579"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454988174"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Сценарий выпускного праздника "До свидания детский сад" "
    ["seo_title"] => string(58) "stsienarii-vypusknogho-prazdnika-do-svidaniia-dietskii-sad"
    ["file_id"] => string(6) "144619"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418752617"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Сценарий выпускного утренника "До свидания, детский сад""
    ["seo_title"] => string(59) "stsienarii_vypusknogho_utriennika_do_svidaniia_dietskii_sad"
    ["file_id"] => string(6) "416061"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494959576"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Сценарий утренника "До свиданья, детский сад!""
    ["seo_title"] => string(47) "stsienarii_utriennika_do_svidan_ia_dietskii_sad"
    ["file_id"] => string(6) "473178"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1528879369"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства