1-қыркүйек
№10 «Ақбота» балабақшасы
атты эстафеталық жарыс
Тексерген әдіскер: Тикеева Р. Н
Өткізген дене шынықтыру маманы:
Муханбетова Ж
Даулет - 2017жыл
«Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің»
Алғыс айту күніне орай өткен «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл - күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш - қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл - ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне достық қарым - қатынастарын дамыту. Денешынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Қажетті құралдар: доптар, секіргіш доптар, жалаушалар, кегли.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін №10 «Ақбота» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен дене тәрбиесі жетекшісінің ұйымдастыруымен екі топ арасында мерекелік сауықтыру іс - шарасын өткізгелі отырмыз.
Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, денешынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгін балабақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі ұйымдастырылып отырылған эстафеталық жарыс «Құлыншақ» және «Күншуақ» ІІ кіші сабилер топтары арасында болғалы отыр. Ендеше,
Намысы бар балапандар қайдасың,
Білген дұрыс бұл спорттың пайдасын, -дей отырып ортаға екі топты шақырамыз.
- «Қырандар» тобын ортаға шақырамыз.
- «Сұңқарлар» тобын ортаға шақырамыз.
Жарысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейік:
1.Тәрбиеші: Есенбаева Айзада
2.Медбике: Нұрбергенова Наузызхан
Спорттың жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады. Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық:
- «Жалауды тез жеткіз»
Балалар қолдарына жалаушаны ұстап, кедергілер арасымен жүгіріп келу керек.
- «Кім жылдам»
Балалар құрсаулар астынан өтіп, допты алып келу керек.
- «Секірмелі доппен секіру»
- «Шабандоз»
Балалар есекке мініп кедергілер арасынан секіріп келу керек.
- «Допқа тез жет» балалар кеглилер арасынан жүгіріп допты алып келу керек.
Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Әділ қазылардың бағасы, марапаттау, қорытынды сөзі.
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!