kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дарабоз" балаларға арналған сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық ой- өрісін дамытатын сайыс түрі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дарабоз" балаларға арналған сайыс»

«Дарабоз» ортаңғы топ балаларына арналған интеллектуалды сайыс


Мақсаты: Балаларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, интерактивті үстел, сызба, сандар.
Түрі: интелектуалды сайыс.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
- Құрметті тәрбиешілер, ата - аналар, балалар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен ортаңғы топ балалары арасында «Дарабоз» атты интеллектуалды сайысын өткізгелі отырмын.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Жігер» ортаңғы тобы
2 «Бәйтерек» ортаңғы тобы
3 «Ақдидар» ортаңғы обы
- Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды сайыс 5 бөлімнен тұрады:
“Қас – қағым сәтте”

“ Ертегілер елінде ”
“Пішіндер сыры ”
“Көкпар”
«Ойлы болсаң, озып көр!»
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.
І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста интерактивті тақта арқылы әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
1 - тобы:
1. Қыс айларының ерекшеліктерін ата?
2. Жылдың қай мезгілінде қолшатырды қолданамыз?

3. Дөңгелекке ұқсайтын заттарды ата?

2 - тобы:
1. Жабайы жанураларды ата?
2. Көктем ерекшеліктерін ата?
3. Үй жанураларын атап беріңдер?


3 - тобы:
1. Жаз мезгеленің ерекшеліктері қандай?
2. Үй құстары мен дала құстарын ажыратып беіңдер?
3. Төрт бұрышқа ұқсайтын заттарды ата?


- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

ІІ кезең. Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп “Ертегілер елінде”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста нейтбуктар арқылы көрсетілген ертегілер туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр топқа 2 ертегі беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.


ІІІ – кезең «Пішіндер сыры»
Бұл кезеңде интерактивті үстел арқылы пішіндерді ұқсас заттармен сәйкестендіру керек. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.
- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.


IV - кезең. “Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал - мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Ананың көңілі балада, …
Досы көпті жау алмайды, …
Ақыл – тозбайтын тон,...

Білекті бірді жығар,...
Туған жердің күні де ыстық, …
Еңбектің наны тәтті,...

Оқу – білім бұлағы,...
Ырыс алды -...
Еңбек етсең ерінбей,...

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

ІV кезең – «Озып көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысы интерактивті еден арқылы аспан әлеміне саяхат жасайды, яғни еден арқылы аспан әлеміне төніп келе жатқан заттардан қорғайды. Әр жойған заты үшін ұпай беріледі.


Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.


Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Дарабоз" балаларға арналған сайыс

Автор: Анесова Индира Булатовна

Дата: 02.03.2018

Номер свидетельства: 460433

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "3-4 сынып?а арнал?ан «Дарабоз» атты зияткерлік ойыны "
    ["seo_title"] => string(54) "3-4-synypk-a-arnalg-an-daraboz-atty-ziiatkierlik-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "167073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423045719"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Конспект на тему "Қазақстаным менің мақтанышым""
    ["seo_title"] => string(52) "konspiekt_na_tiemu_k_azak_stanym_mienin_mak_tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "369386"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481655316"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Са?тарды? ?о?амды? ??рылысы"
    ["seo_title"] => string(25) "saktardynkogamdykkurylysy"
    ["file_id"] => string(6) "297367"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456167196"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Тіркесті с?здер"
    ["seo_title"] => string(16) "tirkiestisozdier"
    ["file_id"] => string(6) "297371"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456167702"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства