Просмотр содержимого документа
«Даярлы? топпен ?оштасу 2016жыл»
Күні:
Тақырыбы: «Қош бол, даярлығым!»
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.
1Айгерім: – Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Қош даярлық !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2Жанаргүл: Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер. Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
1: Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Қоштасатын кешімізді біз бастайық. Жүздеріңде көркем шаттық арайы, Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
2:Бүгінгі мерекелік кешіміздің шымылдығын ашатын «Жұлдыз» тобының өнерін тамашалаңыздар!
1: Қызықтырып өнерге, Жетелеймін баланы. Ұлттық өнер емес пе, Дамытатын сананы, Әнші, биші баланы Адам етіп бағалы Өнерпаз қып баулысам, Өнер отын жағады.
Алдарыңызда «Өркен» тобының бишілерінің орындауындағы Махаббат вальсін қарсы алыңыздар!
2: Талай қызық той өткіздік, Бірақ орны ерекше. Даярлықпен қоштасатын, Бүгінгі той ерекше.
1:Айналайын, балалар, Алда мектеп- ана бар. Өздеріңнен өседі, Өнерпаздар, даналар
«Өркен» тобының тәрбиеленушісі Асылбекұлы Ерасылдың орындауындағы «Тұлпарым» әнін қабыл алыңыздар!
2:Жұлдыз тобының орындауындағы «Көңілді гномдар» биі. Тамашалайық!
(Өркен тобының тақпақтары)
Жұлдыз тобы хор:Біз бақытты баламыз
1: Өркен тобының тәрбиеленеушісі Пірімбетов Алишердің орындауында Менің анам алтын әнін қарсы алыңыздар!
2: Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, Даярлықпен қоштаспақ
Өркен тобының биші қыздарының орындауында «Ақ көгершін» биі.
1:Алдарыңызда вальс. Орындайтын Жұлдыз тобының жас бишілері
2:Асылбекұлы Ерасылдың орындауында Елбасы әні.
1: Құрметті осы мерекеге жиналған ұстаздар, ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Құттықтау сөз мектеп директоры Құрманғалиева Бақытгүл Қадылбекқызына беріледі.
2: Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.(Әр топтан бір ата – ана)
1:
Айналайын гүлдерім, Айым менің күндерім. Маған қызық тілдерің, Естен кетпес күндерің.
2: Сендердікі болашақ, Өтер балғын жастық шақ. Озат болып оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар. Осымен біздің «Қош, даярлық!» атты ашық ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!