kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Даярлықпен қоштасу ашық сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллоооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооддддддгггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггг

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Даярлықпен қоштасу ашық сабағы»



«Аққулы ауданының Ямышев жалпы орта білім беретін мектеп» ММ



Келісілді: Бекітемін:

Ямышев жалпы орта Ямышев жалпы орта

білім беретін мектеп оқу ісінің білім беретін мектеп

меңгерушісі______Н.В.Дмитриева. директоры_______Б.К.Балгина.

«__»______2019ж. «__»______2019ж.





«Қош бол, даярлығым, өзіңмен өтті қызықты күнім»

мерекелік сценарий





















Өткізген: Елтаева Дана Ержановна.













2018-2019оқу жылы.



Өткізу күні: 22.05.2019.

Өткізу орны: Акт.зал



«Қош бол, даярлығым, өзіңмен өтті қызықты күнім»

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту.Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз 
беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.

/Сахна ертеңгілікке сай безендіріледі, қанатты сөздер, шарлар, гүлдер ілінеді.
Музыка ойналып тұрады, сахнадағы гүл қауызының ішінде гүл боп киінген балалар отырады.
Тәрбиеші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Мектепалды даярлық тобының «Қош бол, даярлығым, өзіңмен өтті қызықты күнім» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
/ортада гүл боп киінген даярлық тобының балалары отырады, тәрбиеші - бағбан оларға су құйғышпен су сеуіп жүріп былай дейді:
Мен ұстаз атты - бағбанмын, менің кішкентай ғана гүлзарымда жұпар иісті, нәзік те үлбіреген, әдемі де сүйкімді 8 тал раушан гүлі өсіп, өніп, жайқала түсті. Мен оларға алғашқы күннен бастап күн болып жылуымды төгіп, жел болып маңдайларынан сипап, жаңбыр болып білім нәрімді сеуіп, алақаныма салып аялап, болашақта бұдан да әрі биікке талпынып, өмірге құштар болып өсе түсу үшін мейірім махаббатымды құйдым. Олар құлпыра түсті, олар еркелей жайқалды. Менің нәзік гүлдерім күннен күнге құлпыра түсетініне, күннен күнге ажарланып, бойларына жиған барлық нәрімен өз бағбандарының еңбегіне сызат түсірмей жайқалатына еш күмәнім жоқ.

/балалар орындарынан тұрып музыка әуенімен билеп ортаға шығады/
Олай болса, сіздердің құрмет, қошеметтеріңізбен осы кішкентай гүлдерімді ортаға шақырмақпын.

  1. Байтемір Жантемір

  2. Боранбай Бексұлтан

  3. Кәдірбек Інжу

  4. Құрманәлі Ақберен

  5. Латыпова Дильнура

  6. Мусай Ырысгул

  7. Сакиянова Сабина

  8. Уразбай Айша.



Тәрбиеші:
Айналайын, балалар,
Сендерде ой - сана бар
Өздеріңнен шығады
Өнерлілер, даналар
Өтті қызық көп күндер,
7жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті міне, ойларың,
Өсті міне, бойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың - дей келе ендігі кезекті түлектеріме бермекпін.
1 - оқушы Дильнура

Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Бір жасқа өсіп жасымыз,
Біріншіге барамыз
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз
Біздер үшін шаршаған,
Ұстазым сізге мың алғыс!
2 - оқушы Ырысгул
Үлкендердей тап - таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Қаламды ұстап жазуды,
Сандарды қосып, алуды
Үйретті бізге ұстазым,
Әдепті бала болуды.
3 - оқушы Бексұлтан

Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

4-оқушы. Інжу
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлықпенен
Мектепке кетіп барамыз
Жаздық, сыздық, оқыдық
Жақсыны бойға тоқыдық.
Бір сәт өмір белестің
Жол ашқан бізге даярлық

5-оқушы. Сабина
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке енді аштық жол
Әрдайым есте ұстаймыз
Даярлығым, қош сау бол.

6-оқушы: Ақберен

Қош бол, даярлық
Басайық алдыға қадам нық
Есейтіп бір жасқа өсірдің,
Біздерді мінеки адам ғып

7-оқушы: Жантемір

Ән салайық басқоса
Даярлықпен қоштаса
Қалам,дәптер,өшіргіш
Кітаптармен достаса
Мен де кітап аламын
Мен де оқуға барамын
«Жаман бала» дегізбей
Жақсы оқитын боламын

8-оқушы: Айша

Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер ,білім үйреткен
Даярлық топты қимаймыз

Ән: Ұстаз – ана!
Тәрбиеші: Балалар, сендердің даярлықпен қоштасып бірінші сыныпқа баратындықтарыңды естіп ортамызға білім елінің ханшайымы келіпті. Ол сендердің бірінші сыныпқа баруға қаншалықты дайын екендіктеріңді білгісі келеді екен. (Ортаға білім ханшайымы кіреді)
Білім ханшайымы: Меруерт Гарифоллаевна

Сәлем ,менің достарым,

Қауышқаныма қуаныштымын.

Мен сендерге қонаққа келдім .Сендердің 1 - сыныпқа қаншалықты дайын екендіктеріңді білгім келеді. Мен білімге құштар балаларды жақсы көремін, жалқауларды ұнатпаймын. Түрлеріңе қарасам бәрің де білімді, ақылды, алғыр сияқтысыңдар! Олай болса, сендердің қаншалықты білімді екендіктеріңді сынап көргім келеді, қалай келісесіңдер ме?

І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.

ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан

ІІІ тапсырма . Математика сабағынан

ІҮ тапсырма . Өз өнерлеріңді көрсетіңдер

І тапсырма

- Біз қай елде тұрамыз?

«Қазақстан».

- Біздің ауылымыз қалай аталады?

«Ямышево ауылы»

- Мектебіміз қалай аталады?

-Ямышев мектебі

- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?

«Елтаңба, әнұран,ту»

- Неше жыл мезгілі бар?

4 жыл мезгілі бар Қыс, Көктем, Жаз, Күз

- Табиғат нешеге бөлінеді?

2 ге Жанды, Жансыз табиғат

Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !

Білім ханшайымы: Енді мен ата – аналармен «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнағым келіп тұр. Келісесіздер ме ата-аналар?

1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

3. Тамағын уақытында бересіз бе?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

ІІ тапсырма

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2 ге бөлінеді

Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

Қызыл текшемен

Дауыссыз дыбыстарды ше?

Көк текшемен

Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла)

Тура және кері санап бер.1-ден 20-ға дейін.

Білім ханшайымы: Жарайсыңдар, балақандар! Өте білімді, алғыр екендіктеріңді көрсеттіңдер! Менің сендерге арнаған сый - сияпатым бар. (Ол балаларға дәптер қаламсап сыйлайды). Сендер өз білімдеріңді ортаға салып мені қатты қуанттыңдар, мен сендерді 1 - қыркүйекте Білім елінде қарсы алатын боламын!

Тәрбиеші: Балалар, сендер өздеріңнің 1 - сыныпқа дайын екендіктеріңді көрсеттіңдер,жарайсыңдар! Енді біздің Латыпова Дильнураның Білім ханшайымына арнаған әнін тыңдайық.
Ән: «Домбыра», қыздар биі

Музыка әуенімен ортаға Буратино жүгіріп келеді.

Буратино: Нуртай Бекзат

Сәлеметсіздер ме,ұлдар! Сәлеметсіздер ме, қыздар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мені таныдыңдар ма?

Мен -көңілді Буратиномын. Айдаршығым қысқа, ал мұрыным ұзын

Жер беті мен су астынан , Іздеп журмін кілтті алтын!

Бәріне! Бәріне! Бәріне! Құрметті достар!

Мен білім әлемінің алтын кілтін іздеп жүрмін.

Бұл өзі не деген сиқырлы әлем!

Ой-ой-ой ,мен қайда келдім?

Жүргізуші: -Демінізді басыңыз Буратино,сен мектепке даярлық тобына келдің.

Біздің балалар даярлық тобымен қоштасқалы жатыр.

Жүргізуші: - Не болды саған?

Буратино: -Артымнан мысық Базиломен түлкі Алиса қуып келе жатыр. Менің қалтамда тиындарым бар еді соны алмақшы. Ой,санай алмай жатырмын.

Жүргізуші:- Балалар санауға көмектесіңдерші. (Балалар қосылып бірге санайды.)

Жүргізуші:-Сен ақыры бізге келген екенсің,біздің балалардың әнін тыңдауға қалай қалайсын?

Ән: « Тұлпарым» Боранбай Бексұлтан мен Кәдірбек Інжудің орындауында

Мысық Базиломен түлкі Алиса келеді.

Мысық Базило: Латыпов Фархад

: -Сәлем, сәлем Буратино.

Түлкі Алиса:- Мағзам Сабина

Сәлем біздің сүйікті ұлымыз. Сен біздің туған ұлымыздайсың.

-Артыңдағы не,қолында не бар?

Мысық Базило: -Ия, біздің де көргіміз келіп тұр.

Буратино: Қолымдағы білім елінін есігін ашатын кілт.

Мен өте ақылды, білімді болғым келеді.

Түлкі Алиса:-Сен үшін өте қуаныштымын. Бірақта саған бір ақыл айтайын. Асықпа сен тұра тұр. Не бар саған мектепте (портфелін жұлып алады) лақтырып жібереді.Оданда сен бізбен бірге өте тамаша бір елге жүр.

Буратино: -Ол қандай ел?

Мысық Базило : -О,ғажап ел. Ол ақымақтар елі. Ол жерде өте көңілді, ол жерде ешкім жұмыс істемейді,есеп-қисап деп миларын ашытпайды.

Түлкі Алиса:-Ол жерде бәрі ойнайды, күледі, өте көңілді.

Буратино:Папа Карло керісінше айтады, мектепте оқу керек,ақылды болу керек деп.

Мысық Базило: Ия,ия. Сені біз өз мектебімізге шақырамыз.

Буратино: (Ойланады) Ой,ой , ол қандай ел екен? Өте қызық екен, таң қалып тұрмын .

Жүргізуші: Жоқ, жоқ, сен оларды тыңдама. Балалар қалай ойлайсыңдар? Білім елі ме әлде ақымақтар елі ме? Көрдіңбе, Буратино Мысық Базиломен түлкі Алиса сені алдап тұр. Сен оларға ерме. Оданда біздің балалар сияқты білім ордасынан білім алып,ақылға кел, ұлдардың биін тамашала.

Би : «Джентельмены» Жантемір, Бексұлтан, Ақберен

Жүргізуші: Буратино міне көптен іздеп келген білімнің кілті. (тәрбиеші қолына береді)

Буратино: Мәз болып алақай, алақай! Білімнің кілті менде. Қараңдаршы маған мен сияқты кілтті ешкім мұрынына қойып жүгіре алмайды,деп залды екі рет жүгіріп шығады.

Түлкі Алиса:-Кәне, кілтіңді маған бере тұршы, менде мұрыныма қойып,менде жүгіре аламын деп мақтанады.(мұрынынан түсіріп алады)

Жүргізуші: -Ай, қу түлкі қулығынды іске асырамын деп мақтанып едің, іске аспай қалды . Оданда сендер де ақылды болыңдар, мектепке барыңдар. Бізбен бірге қалыңдар!!!

Ей, бүлдіршін, бүлдіршін

Өмір бізді күлдірсін

Тойға келген мына жұрт

Ән мен биге бір тойсын

Би: Корей биі Ырысгул, Сабина, Інжу, Дильнура


Ендігі Ата - аналарға сөз кезегін беру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Даярлықпен қоштасу ашық сабағы

Автор: Елтаева Дана Ержановна.

Дата: 22.10.2019

Номер свидетельства: 523643

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Даярлы?пен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(23) "daiarlyk-pien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "217610"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433406096"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Даярлықпен қоштасу тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(39) "daiarlyk_pien_k_oshtasu_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "449786"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515872319"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Біз мектепке барамыз (даярлы? топпен ?оштасу) "
    ["seo_title"] => string(50) "biz-miektiepkie-baramyz-daiarlyk-toppien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "230905"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442311449"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Дайынды?пен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(23) "daiyndyk-pien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "226386"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1440239684"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ерте?гілік: "Даярлы?ым бал-б?ла?ым"."
    ["seo_title"] => string(33) "iertienghilikdaiarlygymbalbulagym"
    ["file_id"] => string(6) "272419"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451981144"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства