kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Даярлықпен қоштасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Даярлық топпен қоштасуға арналған әзірлеме

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Даярлықпен қоштасу»

Мұстахым Нұрайым Дулатқызы.

Мектепалды даярлық топ

Аманкелді жалпы негізгі білім беру мектебі. Шоқтал ауылы

Тәрбиеші: Оразбаева Айдана Бекмуратовна

«Әкеме»

Әкетай, сағындым гой, сен қайдасың?!

Қыздарың өсіп қалды, білесің бе?

Білмедім сағыныштың мен пайдасын

Түсіме ғана кіріп жүресің бе?

Келсеңші, құшақташы, еркелетші

Өңім емес жүресің түсімде сен.

Қаындағы әкенің шын қадірін

Әкесі бар балалар түсінсе екен.

Жан Әке, елесіңді қалам ұстап,

Қызың қазір ақын болды, саған ұқсап.

Әкетайым, бар арманым бір өзіңсің аңсаған

Сағыныштан мен жыр жазам, бір өзіңе арнаған.

Жайдарлы кез, бірге өткізген күндерімді сағындым

Елеспенен жүрегімде үлкен орын қалдырған!.















«Қош бол, даярлығым!!!»

Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар.Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Бүлдіршіндерімізге сәт- сапар тілей отыраып, «Қош бол, даярлығым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса сіздердің қошеметтеріңізбен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Апасының еркесі

Атасының төресі

Келеді міне Нұрасыл

Мектепке биыл барам деп.

Әкесінің қара қызы,

Анасының дара қызы .

Нұрайым атты қыздарыңыз

Келіп қалды ортаңызға.

Отбасында кенже бала

Өзі сондай ерке бала

Бибарысымыз келді міне

Біріншіге барамын деп.

Анасының көмекшісі,

Назеркедей қыздарыңыз

Тобымызда ұшқыр ойлы

Назеркеміз ұзын бойлы.

Тәрбиеші: Айналайын, балалар,

Сендерде ой-сана бар

Өздеріңнен шығады

Өнерлілер, даналар

Өтті қызық көп күндер,

6 жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер.

Өсті міне, ойларың,

Өсті міне, бойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың, дей келе ендігі кезекті түлектеріме бермекпін.

Нұрайым:Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып даярлықпенен

Мектепке кетіп барамыз

Жаздық, сыздық, оқыдық

Жақсыны бойға тоқыдық.

Бір сәт өмір белестің

Жол ашқан бізге даярлық.

Бибарыс:

Назерке:

Нұрасыл:

Келесі сөз кезегін мектебіміздің директоры Қайрамбаева Бақыт Батаевнаға береміз

Тәрбиеші: Балалар сендер бүгін даярлықпен қоштасып, 1-сыныпқа қадам басасыңдар. Бір жыл бойы не үйренгендеріңді қайталап көрейік.

Қ.Р-ның бас қаласы: Астана

Рәміздерді ата: Елтаңба, Ту,Әнұран

Бір аптада неше күн? Ата:7 күн

Бір жылда неше мезгіл бар, Ата: 4 Күз,Қыс,Көктем,Жаз

Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 4

1-ден 20-ға дейін тура және кері сана

Қазақ тілінде қанша әріп бар ? 42

Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 дауысты және дауыссыз

Дұрыс балалар . Шаршаған боларсыңдар сергіту сәтін жасап, демалып алайық.

Ал енді кезекті балаларымызға берсек

Бибарыс: Директор Бақыт Батаевнаға

Сізді сирек көреміз,

Құрметтеп сізді жүреміз.

Сыртымыздан жағдайды

Жасап жүр деп сенеміз.

Назерке: Аспазшы Алмагүл апайға

«Ас- адамның арқауы»,

Аспазшы апай біледі.

Алмагүл апай әрқашан

Күліп қана жүреді.

Нұрайым:Оқу ісінің меңгерушісі Әсел мұғалімге

Оқу менен тәртіпті,

Қатар алып жүресіз.

Сізден өнеге алып біз

Тура жолмен келеміз.

Нұрасыл:Кітапханашы Бақыт апайға:

Ертегіге қанық боп,

Көп нәрсені үйрендік.

Бақыт апай үнемі,

Қалімізді біліп жүреді .

Тәрбиеші: Ендігі кезекте слайд көріге шақырамыз, Балалардың мектептегі өмірінен.

Тәрбиеші:

Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл- қызын.

Ата-анамызды ерекше,

Қуантамыз біз бүгін.

Ән: «Қос бәйтерегім» орынд:Бибарыс, Нұрайым

Тәрбиеші:

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Мың бұралған биімен,

Балалар қарап тұрмасын, деп кезекті «вальс» биіне береміз.

Тәрбиеші:

Бір ата , бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз,- дей отырып, құттықтау сөз ата-аналарға береміз.

Тәрбиеші:

Қызықтырып өнерге

Жетелеймін баланы.

Ұлттық өнер емеспе,

Дамытыатын сананы,

Әнші , биші баланы

Адам етіп бағалы

Өнерпаз қып баулысам,

Өнер отын жарады

Балаларды марапаттау, сыйлықтарын ұсыну.

Айналайын гулдерім

Айым менен күндерім.

Маған қызық тілдерің,

Естен кетпес күндерің.

Сендердікі болашақ

Өтер балғын жастық шақ

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар

Тәрбиеші:Осымен біздің «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен –көп рахмет!!!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Даярлықпен қоштасу

Автор: Оразбаева Айдана Бекмуратовна

Дата: 24.05.2017

Номер свидетельства: 418330

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Даярлы?пен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(23) "daiarlyk-pien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "217610"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433406096"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мектепалды даярлы?пен ?оштасу"
    ["seo_title"] => string(36) "miektiepaldy_daiarlyk_pien_k_oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "343666"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1473790533"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Біз мектепке барамыз (даярлы? топпен ?оштасу) "
    ["seo_title"] => string(50) "biz-miektiepkie-baramyz-daiarlyk-toppien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "230905"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442311449"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Даярлықпен қоштасу тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(39) "daiarlyk_pien_k_oshtasu_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "449786"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515872319"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Дайынды?пен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(23) "daiyndyk-pien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "226386"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1440239684"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства