Жүргізуші : Уа, халайық, халайық! Бәріңе жар салайық, Бүгінгі кеш төрінде, Математика елінде, Есеп шешіп жарысып, Жұмбақ шешіп аңдысып, Шабыт тасып, шалқысып, Көңілді кеш жасайық. ( Сайыскерлер өздерін таныстырады) Сайыскерлерге тілек : Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Серігің болсын бойыңда. Қадамдарың оң болсын, Сәт сапар, сайыс жолында! 1 – кезең. « Бәйге » Бұл кезеңде Сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға болады. Сонымен бәріңізге табыс тілейміз. 1 . Мемлекеттік тіл ( қазақ тілі) 2. Басты байлық не ? ( денсаулық) 3. Күйді орындаушы адамды кім дейміз?( күйші ) 4. Наурыз мерекесі қай күні , қай мезгілде болады?(22 наурыз күні, көктемде ) 5. Елбасымыз кім? ( Н. Ә. Назарбаев ) 6. Жеміс неден пайда болады? ( гүлден ) 7 . Құстар қалай көбейеді ? ( жұмыртқа салу арқылы ) 8. Төрт түліктің төлдерін атап бер. (қозы, лақ, бота, құлын) 9. Көктем мезгіліне қайсы айлар жатады, ата! ( наурыз, сәуір, мамыр ) 10. 1 жылда неше ай бар ? ( он екі ай) 11. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата(Туы, Елтаңбасы, Гимні) 12. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер ( Тоқтар Әубәкіров ) 13. Жұмадан кейінгі күн ( Сенбі ) 14. Жылдан құр қалған жануар ( Түйе ) 15. Көру мүшесі ( көз ) 2 – кезең. Тіл - өнер сайысы Мұнда Сіздер сөздерді қазақша, орысша, ағылшыншаға аударсаңыздар - 30 ұпай, ал бірі аударылмай қалса - 20 ұпай , екі тілге де аудара алмасаңыздар - 10 ұпай ғана беріледі. Сәттілік тілейміз ! 1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі ( көктем – весна –spring) 2. Мұрты бар иегінде сақалы жоқ, Тоны бар , киеріне шапаны жоқ. Пайдасы үй ішінен табылған соң, Далаға кіріп – шығар сапары жоқ. ( мысық – кот - cat ) 3. Жүз теңгең болғанша, Жүз ............ болсын ( дос – друг - fr i end ) 4. Қабат – қабат қаттама, Ақылың болса аттама. ( кітап – книга - book ) 5. Футболшының алаңдағы ойын заты ...... ( доп - мяч - lall ) 6. Жеті қазынаның бірі - Адамды қорып жүретін досы ...... ( ит – собака - d od) 7. Ұшқан ....., жүгірген аң ( құс - птица - b irk ) 8 . Шағын мемлекет ( отбасы - семья - family ) 3 - кезең. « Дода » арнайы сұрақтар. А )Бұл сұрақты сендерге « Қазақ радиосынан » Жұмбақбай аталарың жіберіпті . Тал басында тізіліп , Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, Ұшып кетті біреуі, Ізінше оның үзіліп, Түсті тағы бесеуі, Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі ? ( 4 жапырақ ) Ә ) Атасы немересіне бос бөшкені көрсетіп: - Мына бөшкенің ішінде не бар ? - деп сұрады . Немересі үңіліп қарап : - Ешнәрсе жоқ қой , деді. – Жоқ балам мұнда бәрімізге керекті зат бар. Атасы нені жұмбақтап тұр? (ауа )
4-кезең Жоғалған әріптер. Бұл кезеңде оқушылар сөз арасындағы жетпей тұрған мына әріптің ,біреуін жазады.
I топ
М Б О Ы Л
Қ
А
С
Қ
II топ
С М Т Н Ж
М
Ы
Ы
Қ
III топ
Д Ұ Ә Ж Ғ
С
А
А
Т
5 – кезең. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Үш топқа бірдей сөздер беріледі, қай топ тез әрі қатесіз орындаса сол топ жеңімпаз болады.
Қ а р м а қ
Ж а р ы с
К ө й л е к
Қорытындылау:Жеңген топтың ұпайын қазылар алқасы хабарлайды. Үш орын белгіленіп әр топқа сыйлықтар беріледі.
Наурыз – думан Наурыз, наурыз күн игі, Күн игі жердің түрі игі. Бауыры жылып, науат қар Бабымен ғана жібиді, Наурыз, наурыз күн игі Шашылып ырыс шанақтан Шақырып бір үйді, бір үйді, Шаттанушы еді бір игі
Қайырмасы: Наурыз айы туғанда Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда.
Айгөлек Гүлдей шалқып жас өмір Тасып жатқан шағымда Кемерінен шалықтап Асып жатқан шағымда. Ойын ойнап ән салмай, Өсер бала болар ма ? Күміс күлкі көрмей ол, Кемеліне толар ма?
Қайырмасы: Айгөлек – ау, айгөлек Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде Би, билеймін дөңгелеп.
Қазақы дастарханым
Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған Татулық белгісімен Жағалай молдас құрған
Ей менің асқар тауым Қазақы дастарханым Өзіңсің бақ берекем Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді Иілсе келін балаң Ықылас ізет еткен Сыйластық елін табар.
Сабақтың тақырыбы: Наурыз – Ұлы мерекем. Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақ халқының барша салт – дәстүрлерін , ырым, кәделері мен ұлттық ойын және өзге де мұсылман халқының да салт дәстүрлерін салыстырмалы түрде ұғындыру. Сабақтың барысы : Ата - бабам ардақты, Кең даланың ежелгі, Жамандыққа бармапты. Қазақ деген халықпыз. Ардақ тұтып , үлкенді, Өзге ұлттай біздің де, Ата жолын жалғапты. Бар дәстүр мен салтымыз.
Тілім бар да, қазағым бар , халқым бар, Дәстүрім бар , ата жолы салтым бар. Кең даладай ,жиналмаған шалғайы, Аңқау ашық , мінезім бар, аңқылдақ. Көк байрағым, ар – намысым , жігерім. Ән ұраным – қайрат, күшім, тірегім. Елтаңбамда – бүкіл елдің тарихы, Тұрмыс - салтым , тағы соны білемін.
Наурыз – жыл басы. Наурыздың 22 күні барша мұсылман халқы мыздың Жаңа жылы. Бұл мейрам, дін мейрамы емес, ұлт мейрамы. Наурыз парсы тілінде – жаңа күн деген сөз. « Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар ». « Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар ! » - деген екен атам қазақ. Ал балалар біздер енді Наурыз туралы ән – шумақтарымызды бастай – ық. Шашу шашылады. Балалар өз тақпақтарын айта бастайды. Тыңдаңыздар , тыңдаңыздар, Малдар төлдеп, қой қоздап, Босқа қарап , тұрмаңыздар. Сүтке бұлақ ағызған. Наурыз тойы басталды. Жаңа жылдың сипаты, Көрмегендер де арманда, Молшылыққа аңыз боп, Қызықтан тыс қалмаңдар.! Басталыпты Наурыздан.
Ақ қар кетіп, қыс өтіп, Күн менен түн теңелді, Шырайлы шуақ жаз жетіп. Жер шуаққа кенелді, Шаруаның Ұлы кенелген, Соны тойлар ел енді, Күн мейрамы ежелден, Наурыз тойы салтымыз. Құтты болсын, бұл Наурыз. Көгерсін деп, халқымыз Көшеге тал егеді.
Жаңарғаны сананың Бір анадан туғандай, Ұмытады мұны кім? Бір ұядан ұшқандай. Ата салтын бабамның Бір аспанның астында, Алып келді Ұлыс күн. Бір дастархан басында.
Береке – бірлік болсын деп, Наурыз – көктем тойымыз, Көп көжеден дәм таттым. Той дәмі мол тойыңыз! Күшейтейік бірлікті, Күн ұзарар жылынып, Еңбек пенен тірлікті. Өсер біздің бойымыз.
Күн мен айға әлемнің Төлдеді де, малымыз, Берем ыстық сәлемін, Тамыр жайды талымыз! Қарттарыма сүйсініп, Наурыз - өнер жарысын, Сәлем берем иіліп, Бастады жас – кәріміз Орындалды ойларың, Тойын жасап ел енді, Құтты болсын тойларың, Қуанышқа бөленді, Жарқыраған жас нұрлы, Жарқыраған жас нұрлы, Жаса , Наурыз, дәстүрі. Жаса , Наурыз дәстүрлі.
Наурыз тойы - береке, Келе жатыр жылымыз, Наурыз тойы – жыр , аңыз , Мейрамдаймыз мұны біз, Қызық думан құрамыз, Жас балаша нұрланып, Күн әкелген жыл құсым, Жадырайды күніміз. Күллі дүние жайдары, Күннің жаңа нұры бар, Желпілдетіп , гүлдерін , Мұның ғажап сыры бар, Жер анамыз жайнады. Халық сүйген мейрам бұл, Қарсы алайық тұрыңдар!
Ерте жайнап атты таң, Ертеде мен жүдедім, Естіліп тұр шаттық ән . Елге бақыт тіледім, Жұрағатым қуанып, Халыққа бақ келген соң, Рақатын тапты жан. Қайта туып, түледім.
Енді міне көркім бар, Кел балалар , ойнайық, Ел тойласа еркім бар, « Наурыз тойын тойлайық» Жырларым көп айтатын, Баянды боп мереке , Сырларым көп ел тыңдар ! Қыр гүліндей жайнайық !.
Қош келіпсіз , Наурыз ! Ашық болса Күніміз , Арман тойы ананың , Ашылады нұрымыз ! Қуанышы ғаламның, Бай тұлғалы өңірді, Құтты болсын қадамың ! Айтылады жырымыз. Сені тойлап қарсы алып, Күн менен түн теңелді, Бар әлемге жар салып , Гүлмен жерді жайнатып, Бейбітшілік тойы ! – деп , Гүлдендірем мен енді Қол соғады барша жұрт. Жайнатамын гүл – гүлді, Сайратамын бұлбұлды.
Той әкелген ғаламға , Арайы бар даланың, Наурыз айым аман ба? Амансың ба ? , Жаңа күн! Бас иеміз , бабамыз, Сәлем , Халқым тірегім ! Бас иемін саған да , Сендермен бір – жүрегім! Барша жұртым аман ба ? Орындалды ойларың : Құтты болсын Наурыз! Құтты болсын! Тойларың!
Берекелі жайымның, Сәлем, ата- аналар ! Мерекелі айымын ! Айналайын балалар! Тойларыңа дайынмын ! Қыдыр баба аман ба? Жаса , Наурыз айымыз! Жаса жайлы заманда, Жаса ! көктем тойымыз! Уақыт іздеп келдім мен Адамдар тойды тойласын ! Бақыт тілеп адамға! Алқалы той басталсын! Қудым жерден суықты.
Наурыз тойын әдемі , Ашылды да кебеже, Әжем еске түсірді. Дәм әзірлеу басталды. Біздерге арнап әдейі, Әжем Наурыз көжеге, Наурыз көже пісірді. Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар, Ащы құрты тағы бар, Бар сүр ет пен шұжығы. Көже елдің ырзығы. Хор: Наурыз айы туғанда.
Біздің сынып қыздары өнері асқан, Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз, Билейді мың бұралып, бала жастан. Ортаға шығыңдаршы тартынбастан. Ұжымдық би : « Ақ дастархан ». Ұлт тірегі – білімді ұрпақ қолында, Ізденіңдер білім алу жолында. Еліңді сүй, жеріңді сүй, құрметте, Жас қырандар алау оттай жалында. Демекші енді кезекті « Әкемнің күнделі гі » атты сахналық көріністі сіздерге тарту етеміз. Қол соғып қарсы алыңыз- дар.
Наурыз айы туғанда той болушы еді бұл маңда, сақталушы еді сыбаға , сапарға кеткен ағаға дегендей кезек енді ұжымдық хор : « Шілдехана бесік той ». Балалардың сүйіп қызыға да, ойнайтын ойыны ол асық ойыны : Ендігі кезекті қазақ халқының салт – дәстүрлі ойындары : асық ойыны, арқан тартыс, күрес сияқты көріп тамашалайық.
Жаңа жыл сіздерге жаңа бақыт , жаңалыққа толы болсын , үйлеріңіз шатыққа толы болсын ! асыңыз мол , өмірлеріңіз ұзақ әрі қызықты күнге толы болсын! – деп тілек тілей отырып , ер балалардың « Қара жорға » биіне береміз. Қошеметпен қол соғып қарсы алайық!