Просмотр содержимого документа
«Cценарий "Алтын күз"»
№ 23 «Балауса» МДҰ
АЛТЫН КҮЗ
Орындаған: Умарова Г. М.
2016 ж.
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін қызықты өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту, ой-өрісін,тілін дамыту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сіздер үшін ән-жырымыз күйіміз. Ағылсын тек тәтті әуенмен әніміз Ақ пейілді жақсы адамдар күн жарық Сәлем достар, армысыңдар бәріңіз. Күз - мереке, күз ырыстың белгісі Қайтып барады, мекеніне жыл құсы Әнге ұлассын жырға ұлассын даламыз Алтың күздің той думаның бастайық. Кәне ортаға «Балапан» тобының еркетайларын қол соғып,кошеметпен қарсы алайық. Балалар,бәрімізде бауырсақ ертегісін білемізғой? Сол ертегідегі бауырсақ біздің ертеңгілімізге қатты келгісі келген екен,ендеше бауырсақтың бізге қалай жол тартқанын тамашалайық.
Ертегінің көрінісі: «Бауырсақ»
Жүргізуші: Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Ата мен Әже болыпты.
Ата: Кемпірім бауырсақ пісірші.
Әже: Жарайды пісірейін.
Жүргізуші: Әже қойма тырмалап
Екі уыс ұн жинап
Бал қаймаққа былғап
Пісіріп маймен сылап
Бауырсақты терезенін алдына қояды.Бірәз уақыт өткен сон,бауырсақ көзін ашып күздің керемет көрінісін көреді.Бір кезде ұшып бара жатқан құстардан Күз Ханшайымы туралы естіп қалады.Әжесінен Күз Ханшайымын көруге сүранады.
Бауырсақ: Әже мен Күз Ханшайымын көргім келеді,мені жіберіңізші!
Әже: Жарайды,жолын болсын!
Жүргізуші: Бауырсақ әндетіп,билеп,жерден жапырақ теріп келе жатса,алдынан қоян шығады.
Қоян: Сен кімсің? Қандай әдемісің? Иісіңқандай керемет?
Бауырсақ: Мен бауырсақпын.
Қоян: Дәмді шығарсын, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Қоян мені жемеші,менКүз Ханшайымына бара жатырмын. Қоян: Жарайды, бара ғой.
Жүргізуші: Бауырсақ әндетіп,билеп,жерден жапырақ теріп әрі қарай жол тартты,алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Сен кімсің? Қандай әдемісің? Иісіңқандай керемет?
Бауырсақ: Мен бауырсақпын.
Қасқыр: Дәмді шығарсын, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Қасқыр мені жемеші,менКүз Ханшайымына бара жатырмын. Қасқыр: Жарайды, бара ғой.
Жүргізуші: Бауырсақ әндетіп,билеп,жерден жапырақ теріп кете берді,алдынан аю шығады.
Аю: Сен кімсің? Қандай әдемісің? Иісіңқандай керемет?
Бауырсақ: Мен бауырсақпын.
Аю: Дәмді шығарсын, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Аю мені жемеші,менКүз Ханшайымына бара жатырмын.
Аю: Жарайды, бара ғой.
Жүргізуші: Бауырсақ әндетіп,билеп,жерден жапырақ теріп кете берді,алдынан қоян шығады.
Түлкі: Сен кімсің? Қандай әдемісің? Иісіңқандай керемет?
Бауырсақ: Мен бауырсақпын.
Түлкі: Дәмді шығарсын, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Түлкі мені жемеші,менКүз Ханшайымына бара жатырмын.Жұріңіз менімен бірге түлкі әпке!
Түлкі:Ха-ха-ха.Жоқ бауырсақ мен бара алмаймын сенімен,орманды кім қарайды.Сен оданда
орманнын барлық аңдардан салем айта бар.Жолын болсын! Бауырсақ: Жақсы түлкі әпке.Сау болыныз!
Жүргізуші: Міне осылай бауырсақ Күз Ханшайымымен кездесті.
Жүргізуші: Ендеше Күз Ханшайымын ортаға шақырайық.
Күз Ханшайымы: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе,Күз Ханшайымы!
Күз Ханшайымы : Береке бақ дарыған, жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,Күз Ханшайымы мен болам.Менің жанымда ертегідегі кейіпкер бауырсақ,ол орманнан барлық аңдардың сәлемін алып келді.
Армысыздар құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер.Біз мерекеге кешігіп қалған жоқпызба?
Балалар: Жоқ.
Бауырсақ: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі,Шықса жасыл
Түссе–сары.Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Бауырсақ: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші: Күз Ханшайымы,бауырсақ,сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жаңбырдың дыбысы естіледі. Жүргізуші:Ой балалар! Естіп тұрсыңдар ма, жаңбыр жауайын деп тұр. (Жаңбыр болып су шашу). Балалар, сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?»деп аталады.Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Ойын «Кім жылдам»
Жұмбақ шешу
Бір аяғы,қалқиған қалпағы бар.
Ағаш түбінде тұрағы бар.
Ол не балалар?
Балалар: /Cаңырауқұлақ/
Жүргізуші: Дұрыс таптындар!
Би: «Саңырауқұлақтар»
Жүргізуші: Күз келіпті дегенше Алма пісті дегейсің Бағымызға ендеше Алма теру көбейсін- деп ортаға Дәрумендерді шақырамыз. ( Асылзат, Айша, Бейбарыс, Анель ) Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың. Асылзат
Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім . Айша
Өрік Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін. Бейбарыс
Алма Мен алмамын, алмамын
Тандайда қалар бәр дәмім. Н.Анель
Күз Ханшайымы: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма?
Ойын:«Күн» мен «Жанбыр» Ойынның шарты: Балалар ойнап жүреді,жанбыр дегенде балалар қолшатырдың астына тығылады,күн дегенде ойнауға шығады.
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар!Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік
«Ұйқасын тап» ойыны.
1.Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Онын аты (Шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін аиырып,
Танисын ба? (Шиені )
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері-бақша-бақ
Күрен қызыл шіркін-ай
Оның аты…(Танқұрай )
4.Уылжыған албырт,
Дәмi ғажап… (Алмұрт)
5.Бақта өскен сәнi бар,
Гүлi майда көрiктi.
Жемiсi бар дәмi бал,
6.Жақсы көрем… (Өрiктi)
Көз алмай күнге алыс,
Қарайды… (Күнбағыс)
«Алтын күз» өленің тамашалыныздар
Жүргізуші: Күз Ханшайымы,бауырсақ, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз Ханшайымы: Рахмет,балалар,бізге мереке қатты ұнады.
Солай емеспе,бауырсақ?
Бауырсақ:Ия,ұнады.
Күз Ханшайымы: Ал енді біздің орманға баратын уақытымыз болды.
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып.
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін, балаларға таратып бересіз.
Балалар: Сау болыныз!
Жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын Алдымызда мәңгі үміт ақталсын Тату-тәтті бірлік болсын қашанда Бейбіт өмір бар халықпен сақталсын. Аспанымыз ашық болсын Бейбіт, тыныш заман болсын! Елбасымыз аман болсын Балабақшамыз өркендей берсін! Ата-анамыз аман болсын, Қазақстанымыз гүлдей берсін. Осы тілектеріміз қабыл болсын. Қатысқан «Балапан» тобы бүлдіршіндері. Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет!