Просмотр содержимого документа
«Б?О Орал ?аласы, Сырым ауданы "Балдыр?ан" балаба?шасы»
Мақсаты: Балаларға Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, Балаларды елін, Отанын сүюге, Қазақстан тәуелсіз ел екенін білуге, достыққа, татулыққа тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, домбыра, көрпешелер.
Ұйымдастыру кезеңі: Бөлме іші мерекеге сай безендіріледі. Балалар биге сай киімдер киеді. Балалар Қазақтың ұлттық киімдерімен, Өзбек киімімен келеді. Көктем мен Наурыз қонаққа келеді.
(Ән әуенімен қонақтар, балалар бөлмеге кіріп жайғасады. )
Жүргізуші (Көктем): Бұлбұлдар сайрап бақтарда, өзендер тасып жатқанда.
Осындай ғажап сәтте Менде орталарыңа келдім, Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші (Көктем): Құрметті қонақтар, балабақша ұжымы, балалар, ата-аналар! Мінекей, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі де келіп жетті. Наурыз барша халықтың ұлттық мерекесі. Наурыз қазақ халқында жыл басы болып есептеледі. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Нұрлы елдегі әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Біздің бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Алтынай:
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге нұр болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Шамшырақ:
Наурызым ұлы мереке
Әлемге әкелген береке
Сау саламат боларсың
Құтты болсын мереке.
Нуртас:
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Махаббат:
Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін артады.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Чингис:
Келді Наурыз жар салып
Би билейік ән салып.
Жылда келсін ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың, Чингис. Кәне барлығымыз қосылып, бірге ән салып, Наурыз мерекесін қарсы алайық.
Ән: «Наурыз тойы»
(Өзбек әуені ойналады, Өзбек халқы қонаққа келеді )
Өзбек: Баршаңызға сәлем. Біз Өзбекстаннан сіздерге арнайы құттықтауға келдік. Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші (Көктем): Төрлетіңіздер, жоғары шығыңыздар.
Теңіздей тербетіліп жер бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіліп.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Ендігі кезекте қазақтың ұлттық биі: «Қамажай»
Жүргізуші (Көктем): Тамаша! Жарайсыңдар, қыздар. Әрдайым осындай әдемі болып жүріңіздер.
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан мемлекеті)
Ел ордамыз қай қала? (Астана қаласы)
Қазақстан қандай ел? (Тәуелсіз ел)
Дұрыс айтасыңдар.
Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз – тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Елбасы Нұрсұлтан атамыздың еңбегінің арқасында халқымыз – тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын жайнатып, Астана – шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз бейбіт. Күндеріміз нұрлы. Біз де Нұрсұлтан атамыздай болу үшін не істеуіміз керек? Қандай болуымыз керек? (Ақылды, білімді, ұқыпты, таза ... ) Жарайсыңдар.
Алдарыңызда:
Нұржанат:
Өзімдікі елім де,
Өзімдікі жерім де.
Би - билейтін күн бүгін,
Тәуелсіздік төрінде.
Ердос:
Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.
Нурали:
Тақпақ айтып, ән айтып,
Жырлайықшы бүгін біз.
Тәуелсіздік төрінде,
Билейікші бүгін біз.
Адилжан:
Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін.
Алдияр:
Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.
Өзбек: Біз құр қол келмедік. Біздің де сіздерге көрсетер өнеріміз бар. Сіздерге өзіміздің бір биімізді билеп бергіміз келіп тұр.
«Өзбек» биі.
Жүргізуші (Көктем): Керемет! Өнерлеріңіз үстей берсін. Рахмет!
Айжан:
Наурыз көктем тойымыз
Той дәмі мол тойыңыз
Күн ұзарып жылынып
Өсер біздің бойымыз.
Мерей:
Көктем деген көк екен
Көгеретін шөп екен
Көк жусанға жайылып
Қозы лағым тоқ екен.
Нұрәділ:
Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді
Бау-бақшада орманда
Құстар әні төгілді.
Ринат:
Сағынтып келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Би: «Көкпар биі»
Жүргізуші (Көктем): Сонымен қатар, алдарыңызда өзбек халқының бүлдіршіндері:
Лейла:
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Рахат:
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Алишер:
Наурыз тойы, көктем тойы,
Сені тойлап, қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
Арина:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап!
Әділхан:
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Шуағын бізге шашады.
Жүргізуші (Көктем): Қазақстан – біздің туған өлкеміз, Қазақстан – біздің туған жеріміз, атамекеніміз, .... (Барлығы: Отанымыз)
Алихан:
Бақыт елі – бұл Отан,
Бәріне мен иемін.
Біздің Отан – Ұлы Отан,
Ұлы Отанды сүйемін.
Бибі:
Отан - сенің ата - анаң,
Отан - сенің бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Нурислам:
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Жүргізуші (Көктем): Отанымызға арнап ән шырқайық.
Ән: «Менің Отаным»
Жүргізуші (Көктем): Балалар, әр ұлт осы Наурыз мейрамында өз ұлттық ойындарын ойнайды. Қазір сендерге ұлттық ойынымыздың бір түрі «Арқан тартыс» ойынынын ойнау шартын түсіндіремін.
(Әуен қосылады.)
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші (Көктем): Жүректер жылуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын – Достық мерекесі. Халықтар бірлігі мен татулығының бастауы.
Балалар Дос қандай болуы керек? (Жауап береді)
Жүргізуші (Көктем): Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Бір-бірімізге деген достықтарымыз мәңгі болсын.
Айша:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріне сенімді боламыз!
Даниал:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Достар бір бірімізге
Сенімді боламыз
Айнара:
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Жүргізуші (Көктем): Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Осымен «Нұрлы елдегі әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт-түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын! (Шашу шашылады)