kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Біз табиғаттың достарымыз" атты ересектер тобына арналған экология негіздерінен ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

я разработала этот материал по экологии. на занятии учим детей оберегать природу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Біз табиғаттың достарымыз" атты ересектер тобына арналған экология негіздерінен ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы: «Біз табиғаттың достарымыз».

 Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Балаларға табиғат -біздің тіршілік көзіміз, баға жетпес байлығымыз

екенін ұғындырып, оны қорғау, аялау міндетіміз екенін

түсіндіру.

2.Дамытушышылық:

Балалардың қоршаған ортаға деген түсініктерін кеңейту,Табиғат Анаға сүйіспеншілікпен қарауға үйрету.

3.Тәрбиелік:Балаларға қоршаған

ортаны, елін жерін, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, мейірімділік-

ке, ізгілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.                                                         

Сабақтың барысы:

Зал іші табиғат көріністерімен дайындалған. Орман, ағаштар, шөптер, гүлдер т.т. Ғажайып орманның іші.Табиғатқа байланысты әуен ойнап тұрады. Табиғат аясында «Табиғат ханшайымы әндетіп, аралап жүреді,гүлдерді иіскеп көбелектерді ұшырады. Сол кезде балалар сиқырлы әуен арқылы ақырын жүгіріп  келіп, ортаға тұрады.

Ханшайым: Ой, сәлеметсіңдерме? Менің орманыма қонақтар келіп қалыпты ғой. Сендер кім боласыңдар? Ал, менітаныдыңдар ма? Мен орман ханшайымымын. Менің орманыма не үшін келдіңдер?

Балалар: Біз «7» топтың балаларымыз.

Біз сабақты осында өткізгелі келдік.

Ханшайым: А, сабақ дедіңдерме? Өте жақсы, бүгінгі күніміз көңілді өтетін сияқты.

Шаттықшеңбері:

                                Табиғатымыз тамаша,

                                Көз тоймайды қараса.

                                Табиғаттыаялап,

                                Жүрейікші балаша.

                               Сәлем сағаннұрлы Күн!

                               Сәлем саған ЖерАна!

                               Сәлеметсіз бе,Ханшайым!

Тәрбиеші: Балалар қазір

жылдың қай мезгілі?

-Оны қалай білдіңдер? Балалардың жауаптары.

-Балалар жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

Балалар: Күн, ай, ауа, тау,тас, су, өсімдіктер, адамдар, хайуанаттар, құстар, балықтар, жәндіктер, т.б.

Тәрбиеші: -Табиғат нешегебөлінеді екен, балалар?

Балалар:-Жанды табиғат  және жансыз табиғат деп екіге бөлінеді.

Тәрбиеші:-Жанды  табиғатқа жататындарды атаңдаршы?

Балалар: Адамдар, хайуанаттар,құстар,балықтар, жәндіктер, өсімдіктер.

Тәрбиеші:-Ал енді,жансыз  табиғатқа жататындарды атаңдаршы?

Балалар:-Ай, күн, жер,топырақ ,тау. тас, ауа, су, қар, жаңбыр......

Тәрбиеші: Балалар Табиғатханшайымы сендердің білімдеріңді тексергісі 

келіп, сұрақтар қойғысы келіп отыр.

Ханшайым:-Балалар, меніңсендерге қоятын бірінші сұрағым:

-Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі не? Онсыз өмірді елестету мүмкін бе?

Балалар: -Ол ауа.

 Табиғатбайлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі ол - ауа.

Тіршілікте недейсің ғой ең қымбат?  Тіршілікте адамиқымбат, сен қымбат.

  Ал, адамға ауақымбат бәрін, Ауа қымбат,алатұғын дем қымбат.

Ей, адамдар, Табиғат Ана саған дем ал деп ауаны сыйлады,

өйткені ол мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!   Ойлашы кімге керекболамыз біз,   Жұтудан таза ауаны

қалған күні?...

Тәрбиеші: -Балалар, ауанынелер ластайды?

Балалар: -Завод,фабрикалардан,машиналардың түтіні, майлары, бензині, қоқыстар ластайды.

Тәрбиеші:-Ауамыз таза болуүшін не істеу керек балалар?

Балалар:-Қоқыстарды әржерге тастап ластамау керек, өрттен сақ болу керек, ағаштарды , гүлдердікөбірек отырғызу керек.

Ханшайым:-Дұрыс балалар.

Менің екінші сұрағым: -Табиғат байлықтарының ішіндегі екінші тіршілік көзі  - табиғат көркін  ажарландырып, жер бетін саялы баққаайналдыратын байлық пен тіршілік көзі ол не?

Балалар:-Ол су.

Табиғаттың көркін ажарландырып,  жер бетін саялы баққа айналдыратын байлықкөзі –су. «Судың да сұрауы бар» - дейді дана халқымыз. Қазақстан

Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер  бар. Осы мол суды өлшеусіз, есепсізпайдалану  судың азаюына әкеп соғады. Көпжерлерде ауыз суы жеткіліксіз. Сонымен су – табиғаттың жаны, қара жердің –сәнісуды ластауға, ысырапсыз төгіп, жұмсай беруге болмайды.

Ханшайым: Өте дұрыс, ендігіменің үшінші сұрағым сендерге:

-Балалар табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не?

Балалар: Ол өсімдіктер.Табиғат байлығының бір тобы – жер бетіндегі әдемі

өсімдіктер.Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған

түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын ешаямаған. 

Тәрбиеші: «Әкеңнен мал қалғанша, талқалсын» деген  көрнекті сөз соның айғағы.Өз өлкеміздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Балалар:Көзін ашып, бақөсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Ханшайым: Дұрыс балалар.

Тәрбиеші: Ал, балалар

бәріміз сергіту сәтін орындап жіберейік.

Сергіту сәтіміз

«Мейірімділікті табиғаттан үйрен» деп аталады. Әр бала қасындағы көршісінеоның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, жүрекшені ұсынады.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Ханшайым: -Ал, балалар меніңтөртінші сұрағым:

-Сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не балалар?

Балалар:-Ол құстар.

Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай  ұшқан құстар: Олардың әсем әндері бойымыздыбалқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар – табиғатсақшылары. Егістіктің, бау – бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата – бабамызқұстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқар ға, сұлу қыздарын аққуғатеңеген. Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркіқұстарды қорғау әрқайсысымыздың парызымыз.

Тәрбиеші: -Балалар құстарбау-бақшамызды, егінімізді, ағаштарды неден тазартады?

Балалар: -Зияндықұрттардан, шегірткелерден, жәндіктерден тазартады.

Ханшайым: -Өте дұрысбалалар.  Ал енді сендерге қояр бесіншісұрағым бар:

-Балалар, құстардытабиғаттың әні мен қоғаушысы десек табиғаттың сәнін келтіретін тағы нелер депойласыңдар?

Балалар: -Ол хайуанаттар.

Табиғаттыңсәнін келтіретін ол – Хайуанаттар.

Табиғаттың сұлу мүсіні, көрікті келбеті – хайуанаттар.

Халқымыз ежелден – ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа

алған. Көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.

Ханшайым: Дұрыс, балалар.

Өте білімді балалар екенсіңдер, Рақмет сендерге.

-Балалар менің мазамкетіп тұр  ауырып қалған сияқтымын. Басым

суырып, асқазаным бүріп тұр. Көмектесіңдерші маған.

Балалар: Біз сізгедәріханадан дәрі-дәрмек әкеліп берейік.

Ханшайым: Ой , не дептұрсыңдар, мен дәрі ішпеймін ғой, менің орманымда, өзімнің шипалы дәрілікшөптерім бар. Сендер оны білесіңдер ме?

Балалар: Иә, білеміз. Бізсізге айтып береміз. Қалақай, итмұрын, бақбақ, түймедақ, жолжелкен, емен,жалбыз, аққайың, мыңжапырақ, облепиха, 

тмин, мойыл, ермен.

Бақбақтың- тамырының дәрілік қасиеті бар. Ол асқазан ,өтке, қуық ауруларына пайдасы зор.Ақ қайың қабығын,жапырағын, бүршігін, шырынын дәрілік мақсатқа пайдаланамыз. Оның құрамында Сдәруменмімен эфир майы бар. Асқазан, бүйрек, ішек ауруларына, ішек құрттарыншығаруға әсері зор екен.

Ханшайым: Ой, ендіжеңілденіп қалдым ғой, сендер шипалы, емдік шөптерді де жақсы біледі екенсіңдер.  Мені емдеп жібердіңдер ғой.Рахмет сендерге.

Ханшайым: Балалар флора

деген не, фауна деген не, соны айтыңдаршы.

Балалар: Флора дегенөсімдіктер әлемі. Оған – ағаштар, шөптер, гүлдер жатады. Фауна деген- жануарларәлемі. Оған аңдар, жануарлар жатады.

Ханшайым:-Жарайсыңдарбалалар, білімдерің мол екен. Рақмет сендерге!

Тәрбиеші: Ал, енді балаларкім табиғат туралы тақпақ біледі екен. Айтып берейікші , Ханшайымға.   

Милана:

Қандай сұлу табиғат!

Тіршіліктің анасы

Қорғай біл, ей адмзат

Табиғат – елдің анасы.

Абилмансур:    

Табиғат деген –Жер ана

Балалар оны бағалаң

Табиғат деген – Туған жер

Қорғайды оны барлық ел.

Ерасыл:     

 Табиғаттықорғайық, аялайық

Барды жоқты аямай баяндайық

Болашақта қызығын көру үшін

Қатысса деп ойлаймыз барша халық

Мансур:

Табиғаттың бауырысың, досысың

Аянбауда керек шығар дос үшін,

Екеуіңнің араңдағы байланыс

Өмір бақи үзілмесін, қосылсын.

Тәрбиеші: -Ал, балалар ендітабиғатқа байланысты қандай  мақал –

мәтелдер білесіңдер?

Мақал – мәтелдер.

Бекарыс:Таулы жер бұлақсыз болмас

Сулы жер құрақсыз болмас.

  Ақшолпан:

Су жер береке

Ел жер мереке.

Аружан:  

Жер көңді жақсы көреді,

Ат жемді жақсы көреді.

Елнұр

Табиғат – халық қазынасы,

Табиғатсыз адамның күні жоқ.

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Ален: 

Бір тал кессең он тал ек.

  Айкүміс: Орманға сен қалай қарасаң

Орман саған солай қарайды.

Тәрбиеші. –Жақсы балалар, аленді қандай ырым – тыйымдар білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.    

Құстың ұясын бұзба

 Аққуды атпа.

Жерді сабама, теппе.

Суға дәретке отырма.

Суға түкірме, суды былғама.   

Жұлдызды, адамды санама.     

Түнде суға барма.    

Көкті жұлма,

Ағашты кеспе.

Тәрбиеші: -Өте жақсы балалар. Ал , енді сендермен Ханшайым ойын ойнағысы келіп тұр. Ойын «Бола ма, болмай ма?» (ойын шартын түсіндіру).

Сабақтықорыту:

-Ал, балалар бүгін қайда болдық?

-Орманда кімді кездестірдік?

-Табиғатқа қандай жақсылық істеу қолымыздан келеді екен?

-Не істедік?

-Не үйрендік?

Сабақты қорытып, балалар табиғат Анаға жақсы тілектер айтады, Ханшайыммен қоштасады, орманнан топтарына қайтады.

1)     Гүлдей бер Жер-Ана!

2)     Аспаның ашық болсын!

3)     Орманың аң мен құсқа толсын!

4)     Суың мөлдір, таза болсын!

5)     Орманың қызыл, жасыл гүлге толсын!

6)     Күнің жарық болсын!

Хормен: Табиғат Ана, сені сүйеміз, Басымызды иеміз!

Ән: «Туған жер»






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Карагулова Жаныл Орынбасаровна

Дата: 16.01.2018

Номер свидетельства: 450221


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства