Мектеп туралы түсініктерін тақпақтар,өлеңдер айту арқылы бекіту
Просмотр содержимого документа
«Біз мектепке барамыз»
«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі» МКМ
«Біз мектепке барамыз»
(ашық тәрбие сағаты)
Мектеп алды даярлық тобы
Айтақынова. Гүлмира Серікқызы
Өтеген батыр кенті
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Көрнекіліктер: қабырғада шарлар, гүлдер. «Біз мектепке барамыз» әнұраны ілінген.
Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар!
Бүгін сендер мектепалды даярлық тобының «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігінің куәсі болып отырсыздар.
Айналайын балалар
Алдарыңда мектеп ана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер, даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Хор. «Біз мектепке барамыз»
1 бала.
Міне менде үлкен болдым
Жасым толды жетіге,
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен.
2 бала.
Алақай-ау, алақай
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай балақай
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді.
3 бала.
Мектепке ертең барамыз.
Оқимыз, сауық құрамыз,
Алыс емес арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
4 бала.
Өз аузына қаратқан
Ұстаз ойын ұғамыз
Сөйтіп әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамыз.
5 бала. Міне менде үлкен болдым
Жасым толды жетіге
Кітаптағы ертектерді
Оқимын мен шетінен.
бала. Алғаш ептеп именіп,
Ауласына келеміз.
Желкілдеген гүл болып
Құшағына енеміз.
бала. Жасым толды енді ғана алтыға,
Асығамын білім алып оқуға,
Кітап, дәптер бетін ашып жазуға
Сурет салып, құрастырып ойнауға.
бала. Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
бала. Халқым бізге сенеді
Ұрпақ оған қуаныш,
Ұстаз жақса көреді
Балаларды тіл алғыш.
бала Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш
Әріптер мен суретпен.
бала. Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды.
Бала Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз алғысты
Тәрбиеші апайым.
Ән: Туған жер.
13бала. Құшағыңда жарқылдап.
Өтті сәби күндерім
Өсті талап-талғамым
Көп нәрсені үйрендім.
14бала. Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мектепке барам мен енді
Даярлық тобы қош енді.
бала. Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым.
бала. Ойыншығым қаларсың.
Берем енді ініме
Дейін бе әлде аларсың
Қыркүйекетің бірінде.
бала. Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың!
18бала. Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетип барамыз.
бала. Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды-ой.
Балалар, сендер тамаша өлең-тақпақтар айттыңдар. Осы кезде есік қағылады.
Балалар сендер білесіңдер ме, бізге кімнің келгенін?
Ол жай келмепті бізге тапсырмалар, сый-сияпаттар ала келіпті.
Бестік: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар: Бестіксіз.
Бестік: Қандай ақылды едіңдер. Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім. Жақсы оқитын балаларды ғана мектепке аламын.
Жүргізуші: Біздің балалар мектепке дайын. Бүгін өзіңіз көресіз.
Бестік: Дайын болмаса маған ренжімесін. Мен мектепке қабылдамаймын.
Ал балалар бастаймыз ба?
Балалар: Ия.
Бестік: Онда бастайық.
Математикадан:
1-10дегі сандарды тура және кері санап өту.
2. Қызықты есептер.
Хормен «Санамақ» айтқызу.
Жүргізуші: «Бестік» байқадыңыз ба біздің балалар ақылды, білімді. Тағы қандай сынақтан өткізесіз?
Бестік: Кезекті сауат ашуға берейік.
«Сөз ойла, тез ойла»
«Бұл қандай дыбыс?»
«Қай буынды жоғалттым?» ойыны.
Бестік: балалар менің ойымнан шықтыңдар, енді сендерге ұлттыұ ойын ойнатайын.
Ұлттық ойындар: «Тақия тастамақ», «Арқан тарту».
бала. Бақшасында балалар
Іні, әпке, аға бар,
Ойыншықтар мол мұнда
Машина, арба, шана бар.
Хор: Ойыншықтар.
Бестік: Балалар енді сендерді достарыммен таныстырайын. Менің сендерге дайындаған тосын сыйым осы. Ортаға әліппе, математика, күнделік дәптер шығады.
Би: Қоштасу вальсі
Жүргізуші:
Қош балалар, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар,
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Жүргізуші: «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.
Қорыту. Балаларға, ата-аналарға алғыс хат тапсыру.