Просмотр содержимого документа
««Біз мектепке барамыз!» та?ырыбына сыныптан тыс ж?мыс »
Тышымова Марал Сатылгановна
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі
Үлкен орта мектебі МДШО
Жамбыл ауданы
Алматы облысы
Тақырыбы:«Біз мектепке барамыз!» Топ бөлмесі салтанатты ертеңгілікке сай безендірілген. Қанатты сөздер және шарлар ілінген. Тәрбиеші: Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар, балалар. «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер! Айналайын, балалар, Сендерде ой сана бар Өздеріңнен өседі, Өнершілдер даналар. Өсті міне бойларың Өсті міне ойларың. Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың.
Өтті қызық көп күндер, 6 жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер. (Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру) Тобымыздың сүйкімді де сүйікті қыздары:Рабия, Аяжан, Ақбота, Әсем,Әдемі,Айгерім Тобымыздың спорт шеберлері: Мирас, Ерсултан,Үмітәлі,Мұхамед, Мұхали Аңсар,Санжар, Әнуар,Арман, Айдар, Нурым,Ислам,Дияс,Бекнұр. Ән: «Мен мектепке барамын»
Ислам Адам етіп баптаған, Ардақтап бізді мақтаған. Даярлыққа мың алғыс
Алғаш қадам аттаған
Рабия Біз балауса баламыз Жетілді ой - санамыз Даярлықпен қоштасып Біріншіге барамыз.
Мұхамед Оқимыз білім аламыз Болашақ жолын саламыз Мектепалды тобымен қоштасып Біз мектепке барамыз
Арман
Өз үлгіңді ұстаймын Айтқаныңнан шықпаймын Мен балапан құстаймын Баулыдың сен мұғалім
Әдемі
Жеті жасқа толамыз Әдепті бала боламыз, Ата - ананы қуантып, Кілең бестік аламыз
Бекнұр
Күннің нүры шуақты Сергітеді денемді Құрдастарым сияқты Оқушымын мен енді.
Айгерім Бізге тәртіп үйреткен Ән салдырып билеткен Таныстырған ең алғаш Әріптермен, суреттермен Ол тәрбиеші тәтеміз
Мирас
Қуанышты көңілді Нағыз жақсы мереке Шығарып салмақ мектепке.
Тәрбиеші көңілді
Санжар Құшағыңда жарқылдап, Өтті сәби күндерім Би биледім ән тыңдап Алаңдауды білмедім.
Ән:Балалық шақ
Әсем Қуанамыз сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін, Алғашқы топты қимай біз Қоштасатын күн бүгін Үмітәлі Жақсылыққа құмармыз Жақсы адам болып шығармыз Қуантып ата - ананы Таза сәби жүрекпен Айтамыз сізге мың алғыс
Мұхали Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз.
Жүретіндей мақтана.
Ақбота
Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзінді
Балабақшам қош сау бол!
Нурым
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз
Аңсар
Қуанамыз сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін, Алғашқы топты қимай біз Қоштасатын күн бүгін
Айдар
Мектепке енді барамыз Оқимыз, сауық құрамыз. Қашық емес арамыз Бақшаға келіп тұрамыз
Аяжан
Бақшамызды ұмытпай
Келіп-кетіп тұрайық
Сондай кезде апайлар
Қалады гой қуанып
Дияс
Мен енді улкен боламын
Апаның тілін аламын
Әжемнің барлық айтқаның
Миыма құйып аламын
Әнуар
Әкелген гүлді сый көріп
Қолыма алдым ермек қып
Оқуда журген ағама
Хат жазам әріп үйреніп
Ерсултан
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық ,көп білдік
Ел мен Отан жайында
Ән:Тәрбиеші
Би:Маряк
Көрініс:Маша мен Аю
(Маша жүгіріп айналып шығады)
Аю:Маша сен қайда барасын?
Маша:Мен мектепке барамын
Аю:Сен мектепке қалай барасын?
Көп жылайсың, көп ойнайсың ,тіл алмайсың, оқу-құралдарын танымайсын
Маша:Жоқ, мен барамын,барамын,барамын
Аю:Олай болса ойын ойнап көрейік.
Ойын:Сөмкеге кім жылдам оқу -құралдарын салады?
Ойын: «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.
Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
БИ:Папури
Ән:Біл кітаптың қадірін
БИ:Вальс
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!
Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып құттықтау сөзді мектеп директорына береміз!