Білім күніне орай ІІ кіші «Гүлдер »тобында өткен ашық сабақ.
Мектеп жасындағы балаларың дұрыс тәрбиемен сапалы білім алуы балабақшадан басталады. Білім күніне орай Май ауданының Көктөбе ауылында «Ақбота» бөбектер бақшасында ашық сабақ өтті. Сабақ шаттық шеңбермен басталып, суреттер арқылы білім күні жайында әңгімеленді.Тосын сыйға қонаққа бірінші сыныпқа баратын Айгүл қыз келіп, балалармен «оқу құралдарын орналастыр» атты дидактикалық ойын ойнатылды. Балалар сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты.Бала- біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі болып табылады. Балабақша балаларды мектепке дайындайтын орта. Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемедегі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – балаларды мектепке дайындау болып табылады.Баланы жақсы қасиетке тәрбиелейтін құрал-сабақ десек артық кетпейміз. Осыған байланысты балабақшада күн тәртібіне сай ашық сабақтар жүргізіліп отырады. Балабақшаға келген балалардың шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәнерін, қол маторикасын дамыту үшін адамгершілік құндылықтарды талап етеді. «Бала- көңілдің гүлі, көздің нұры»- деген дана қазақ халқы. Сондықтан балабақшаларда бала тәрбиесіне аса мән беріп, бала тәрбиесін қолға алып, ой-өрісімізден тыс қалдырмаймыз.
Павлодар облысы
Май ауданы, Көктөбе ауылы
МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі
Омарова Гульзира Полатовна