kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Береке-бірлікте,ырыс- ынтымақта"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Береке-бірлікте,ырыс- ынтымақта"»

Жалпы білім беретін №4 орта мектебі



Тәрбие сағаты

Тақырыбы:« Береке – бірлікте, ырыс ынтымақта»

Дайындағандар: «Балбұлақ» тобының тәрбиешілері Баймурзина Қ.Н





Арқалық 2017-2018 оқу жылы



Тақырыбы: «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.

(Ән ұран орындалады.)

Жүргізуші:

Бірлік пен ынтымағы халықтың –

Көгімізде жарасқан жарық күн!

Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! - дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші: Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі. Оқушылар әр ұлттың киімдерін киіп, сахнаға шығады.

Нұржан: Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер-дүние тербеліп,

Дала, қала құлпырды.


Абдулла: Болсын жер мен су да ортақ.

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.


Айару: Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Біз Отанда тұрамыз,

Біз мектепке барамыз.


Самир: Алтай, Кавказ ұласып,

Бауырайы кең жатыр.

Бақытты әні асқақтап,

Құлаққа даусы кеп жатыр.


Ерхан: Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.


Би:Өзбек биі орындайтындар өзбек ұлтының өкілдері


Айзере: Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.


Рамазан: Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала тауымыз.


Нұрайым: Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Хормен: Отан ортақ, Жер ортақ, Еңбекпен қостық тағдырды.


Әділхан: Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,

Дос байыса қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.


Әлихан:Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт өмір сүреді.


Гүлназ: Бір-бірімен тату тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан - тұрағы.

Туған жерге тебіренген сәттерде.

Ағаларды өлең-жырдың бұлағы.


Санжар: Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!

Ән: «Туған жер» орындайтын қалалық «BobekStar» байқауының жеңімпазы Жұматай Ақпейіл

Жүргізуші: Отаным ордасы ғой игіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.

Шаңырағы кең биіктен Отанымның,

Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың! -демекші біздің Республикамызда әр ұлттың өкілдері тұрады.

Ойын:
Үндістан ойыны.
Келесі Азия мемлекеттерінің бірі Үндістан.Оның үңгірлерінде әлі күнге дейін бағалы тастар жасырылған,онда қазіргі күні де бекзадалар мен раджалар өмір сүреді,ал туристер ғажайып ғибадатханаларына барғанды ұнатады.Үндістан орманында өте шапшаң қимылдайтын маймылдар мекендейді.
«Бөтелкеге құйрығын салған маймыл» ойыны
Ойынға үш ойыншы қатысады.Олардың әрбірі белдеріне арқан байлап,бір шетін құйрық сияқты қалдырады.Ал сол арқанның ұшына қарындаш байланады.Қатысушының арт жағына бөтелке қойылады.Бөтелке аузына бірінші болып қарындашты салған ойыншы жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз. - дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

Ән: «My Bonnie Lies Over The Ocean» орындайтындар Алуа, Айару

Жүргізуші: Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында: «Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшына алу керек» делінген.

Ойын:

Енді өзіміздің ұлттық ойынымыз: «Ақ сандық,көк сандық» ойынын ойнайық.
Ойын шарты:Екі жаққа теріс қарап тұрған ойыншылар, бірін-бірі арқаларымен көтерулері керек.Кім көтере алмаса,сол бала жеңілген болып есептеледі.

Жүргізуші: Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Айнала жасыл кілем жамылған жай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.

Күй толқын көңіліне жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,

Секілді адамзаттың ынтымағы.

Би:Үнді биі орындайтындар үнді ұлтының өкілдері

Жүргізуші: Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.

Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.

Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,

Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.

Жүргізуші: Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады». Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,

Биік ұшып самғасын.

Тілегімізді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын.

Ән: «Ақ көгершін»

Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру. Барлық қатысушылар бірге шығып, көрермендермен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Береке-бірлікте,ырыс- ынтымақта"

Автор: Баймурзина Қарлығаш Нұрланқызы

Дата: 28.04.2018

Номер свидетельства: 467983


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства