kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бейбіт күн жасасын әлемде" ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бейбіт күн жасасын әлемде" ертеңгілік»


Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.















Тақырыбы: « Бейбіт күн жасасын әлемде..... »







Орындаған :Мырзабекова Салтанат

Балтабаевна (тәрбиеші, 87079527503)

Директор :Сердобинцева Ирина Александровна



















2015-2016о.ж


«Бейбіт күн жасасын әлемде…»

9 мамыр Жеңіс күніне арналған ертеңгілік.

 

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

  Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі бүлдіршіндеріміздің ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар!

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Ән: «Қазақстан бақытты!»

Жүргізуші:

 Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

 

Сафия:

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

— Қуанышты мереке —

Жеңіс күні қай күн? — деп.

 

Айлана:

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

— Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де —

Жеңіс күні, шырағым!

Балахмет:

Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.

 Жансултан:

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

 Көрініс: Бала   атпен   шауып   келеді. Ауылға   зейнұр   күйші,   ауыл   ауылды   күй   тыңдауға   шақырамын. Балалар   келіп   дөңгеленіп   отырады,   күй   тыңдайды.
Осы   кезде   соғыс   басталғанын   хабарлайды.

Ән: "Майдан"  
 Ер   балаларды   соғысқа   шығарып   салады.

Сабина:Құрдан   қол   бұлай   отыра   бергеніміз  жарамас   азаматтарымыз  соғысқа  кетті,   еңбек   етіп   қол   ұшымызды   тигізейік,  жұмысқа кірісейік.

                Ашу   мен   кек   оятты   ел   намысын,
                Отан   үшін   жан   пида   болды   үлкен   сын
                Ер   азамат   жауменен   арпалыста,
                Әйелдер   терін   төкті   майдан   үшін
                Үдетіт   соғыс   оты   қайғы – мұңды,
                Төрт   жыл   өтті,   соғыс   әлі   бітпей   қойды
                Кемір – шал,   әйел –бала   ауылдағы
                Сеніммен   күтуші   еді   жеңіс   тойды.

Егін   даласындағы   әйелдердің   бірі.

Самал: Мына   сұрапыл   пәле,   соғыс   та   бітпеді –ау ...
               Азаматтарымыздың   хабары   да  жоқ,   ошарыда   жоқ.

Перизат: Қайта   соған   қуаншайшы. Өткен   жолы   білесің   бе,  анау  көрші  кемпірдің   баласынан   хабар   келеді   деп   жүргенде,   қара келгенін . Қазір   хабар   жоғына   қуану   керек. Әйтеуір,   тірі   дағы.
  (Осы   кезде   бригадир   келеді).

Бригадир:Ә,   Ә  беке,   амансыңдар   ма?   Балалар  да   шаршаған   болар?   Мен   сендерге    демалыс   бере   келдім.  Демалып   алыңдар   кішкене.

Манас:Беке-ау, Біздің   армия   жайлы,   маййдан   жайлы   қандай   хабарың бар,   айта  отыр.

1 қарт:  Бізге   қарағанда   сауаттысың   ғой.

2 қарт.Ой,   құдайға   шүкір   біздікілер   герман   жеріне   басыбайлы   кіріп   
               фашист   жауызыңды   ойсыратып   жеңіп   жатқанға   ұқсайды.

Манас: Әп,   бәрекелді. Арам   қамқырларға,   иттерге   де   керегі   сол.
             Ей   балам,   су   әперіп   жіберші. Тамағым   құрғыр   кепті – ау.
           отырған   балалардың   бірі   су   әперіп   сұрақ   қояды.

Нұржан: Ата,  осы   фашист   деген   ит   қандай   екен?

1 қарт: Ә беке,   мына   баланың   сауалына   жауапты   өзің   берерсің.

2 қарт: Балам –ау   "фашист"   деген   кәззап   қой. Басына  кішкене   қазанды  төңкере   киген,   үстіне   бүкіл   жер  бетіндегі   темір  терсек   атаулыны, мата   біткенді   жамыра  салған,   қолына   қайқиған   шолақ   мылтық   ұстаған   сайтанның   сапалағы   секілді. Өздері   адамда   емес,   жануар  да
емес   аяғы   қисиқ   бірдеңе   әркімнің   жерін   жаулап   аламыз   деп  еді,
енді   ауыздарына   құм   құйылыпты   ғой.

Осы   кезде   бір   бала   жүгіріп   келеді.

Нұржан: Пошташы   Наурызбай   атам   келе   жатыр.

Дауыстар:Мына   пошташы   Наурызбай  ақсақалдың   жүрісі   өзгеріп  кетті.

Қарлығаш: Ей,   мына  кісіге   не   болған?
Амина: Бұл   кісіге  не    болған,   бұлай   қатты   жүрмеуші   еді   ғой.

Наурызбай: Сүйінші!  Халқым,   жұртым,   сүйінші!

Камиль:Неміс   фашистері   кеше   тізе   бүгіп,   жеңілгендерін  мойындапты. Жеңіс!   Жеңіс!   Біз   жеңдік!

Әйел:О,  жасаған!   Аузыңа   май,   шыныменен   қарғыс   атқан   соғыстың   біткені ме?

Дауыстар:Ақсарбас!  Ақсарбас!  шынымен  тәңірім,  көз  жасымызды  көргені  ме?

Жүргізуші:Күткен   жеңіс   жарық   етті   сәуле   шашып,   Жеңіс  келді,  қуандық   тасып,   жауды   жойып   батырлар   елге   оралды,   Ата – анамен  
 қауышты   құшақ   ашып.

Соғыстан  келеді.  (бір – бірімен   қауышу).

Ән: "Соғыстан   қайтқан   салдаттар"
         (ана  тұрады   баласын   күтіп).

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

 Би: « Орыс биі КАТЮША»

Ануар:

Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған.

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Өр бабам-Бауыржан!

 

Томирис:

Халық легі куәсындай елдіктің,

Көптен бері осы күнді сағынған.

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медалдарын, ордендерін тағынған.

 

Альфия:

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса

Түрленіп бақша, бағы,

Тірлік те жақсарады,

Бейбітшілік болса.

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанаты. («Ден победы» әні жаймен қойылады )

 Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

 

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

 

Ән: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні ата-аналармен бірге.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Бейбіт күн жасасын әлемде" ертеңгілік

Автор: Мырзабекова Салтанат Балтабаевна

Дата: 14.10.2016

Номер свидетельства: 349096

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Реферат по тему "Бейбіт к?н жасасын ?лемде" "
    ["seo_title"] => string(47) "riefierat-po-tiemu-bieibit-kun-zhasasyn-liemdie"
    ["file_id"] => string(6) "196978"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428157958"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ұымдастырылған оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(26) "uymdastyrylgan_oku_kyzmeti"
    ["file_id"] => string(6) "551698"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1590643138"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Т?рбие са?аты " М??гілік ?шпес-отты жылдар""
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-m-n-ghilik-oshpies-otty-zhyldar-2"
    ["file_id"] => string(6) "336033"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466758616"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Т?рбие са?аты: "М??гілік ?шпес - отты жылдар""
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-m-n-ghilik-oshpies-otty-zhyldar-3"
    ["file_id"] => string(6) "336035"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466759186"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Т?рбие са?аты: "М??гілік ?шпес - отты жылдар""
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-m-n-ghilik-oshpies-otty-zhyldar-4"
    ["file_id"] => string(6) "336036"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466759193"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства