kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балдыр?ан балалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Балдыр?ан балалар

Ма?саты:

1. Білімні? сара жолы бастауыштан басталатын, бастауышта ал?ан білімні? негізі болып ?алатынына к?з жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, ал?аш ?олына ?алам ?стат?ан ал?аш?ы ?стазымен ?оштаса отырып, ?р баланы? ерекшелігін таныта отырып, с?т – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы – мектепті, ?стаздарын ??рметтеп, білімге деген ??штарын арттыру. ?з Отаныны? адал ?лы мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.

К?рекілігі: «Шуа?ын т?ккен т?рт жыл» фотосонтаж. Слайдтар. ?анатты с?здер мен та?ырып.

М??алім: (Музыка ойнап  т?рады)

?ош келіпсіздер, ??рметті ата -аналар, ?ымбатты ?ріптестер, о?ушылар!Б?гінгі к?н осында отыр?ан б?ріміз ?шін ерекше к?н. Оны? ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл б?рын мектеп табалдыры?ын ж?рексіне атта?ан балалары?ыз білімні? негізі болатын бастауышта о?ып, білім алып, ?анаттары ?атайып бастауышпен ?оштас?алы отыр. Олай болса «Бастауышым – балб?ла?ым» атты ерте?гілікті бастау?а ?ры?сат еті?іздер.

Тол?имыз, тол?ып т?рсыз барша?ыз да

М?ндай к?й бол?ан сір? ?аншы?ызда

?ол со?ып ?ошеметтеп ?арсы

 4 – сыныптарды ортамыз?а!

Музыка ?уенімен бастауыш сынып т?лектері бір – бірден орта?а шы?ады.

?стаз боп ?ділдікті жа?тап ?тем,

Ананы? а? ?мітін а?тап ?тем

?деппен инабатты са?тап ?скен

?аза?ты? ер жігіті ?лиді ма?тан етем – деп орта?а бастауыш сыныбын бітіруші 1 – т?лек Ерсайын ?лиді орта?а ша?ырамыз.

Мінезі ашы?, жар?ын, ж?зі жылы,

Т?рінен к?рінеді ішкі сыры

Н?рс?лу ?зі с?лу, ?нерлі ?ыз

Аспаннан шашыл?андай к?нні? н?ры! - деп орта?а бастауыш сыныбын бітіруші 2  – т?лек Мельс Н?рс?луды орта?а ша?ырамыз.

Ер бала?а берілер ?кесінен ?асиет

Ерге аманат ата – анадан ?сиет

?лкендерден ?лгі ?неге алатын

Ортамызда с???а? бойлы М?хамед - деп орта?а бастауыш сыныбын бітіруші 3 – т?лек

Бопаш М?хамед?лиді орта?а ша?ырамыз.

Даусы ?сем, н?зік биші ?йкендей,

С?йкімді ?ыз ?ріп ауыз?а сал?андай.

?нерімен ал?а тартып сыныбын

?ара?даршы ?йкен атты ?ыз ?андай! - деп орта?а бастауыш сыныбын бітіруші 4 – т?лек Аманова Айкенді орта?а ша?ырамыз.

Атына а?ылы сай б?л ?лдары?

?скенде ?уантар ата -анасын

С?йкімді кішіпейіл, ?арапайым

Белсенділікпен білімге ??штар ?рдайым! - деп орта?а бастауыш сыныбын бітіруші 5 – т?лек Женис Аллабергенді орта?а ша?ырамыз.

М??алім: Армандаса?да, ?иялдаса? да балалы? ша?ы? к?з алды?а келеді. ?йткені биік асу?а беттеген аяулы ??мыр, ?ажайып ?мір осынау бал к?лкілі балалы? ша?тан басталады. Міне, б?гін бізді? б?лдіршіндер ?міріне ?шпес із ?алдыр?ан бастауыш сыныбымен ?оштасып, бір жыл?а та?ы да есейгелі отыр. Ендеше ?ызы?ты да ?аламат ?згерістер ?нерлерін к?рсетуге дайын. Олай болса, орта?а ж?ргізушілерімізді ша?ырайы?!

Ернар:

Армысыздар ?р т?л?алы ?келер!

?ыран ??стай балапанын м?пелер.

Б?гін міне, бастауышпен ?оштасады

Азамат боп, кешегі – еркелер!

М?дина:

Армысыздар ?желер мен аналар!

?рпа?ы?ыз к?нде ?зі?нен бата алар.

Ел т?ст?рін м??гі сыйлап о?ы деп,

?йреткен ?ой Абай, Ыбырай бабалар.

Ернар:

- Шашу, шашу шашайы?

А? санды?ты ашайы?

Б?л мереке, б?л тойды?

Баста??ысын жасайы?! - деп шашу шашылсын! (Екі жа?тан екі ?же шашу шашады)

М?дина:

Бірдей бізді? ойымызда, сырымыз

Бір мектепті? ?лыменен ?ызымыз

Бірдей ?стік о?уда да е?бекте

К?ліп ойнап бірімізбен – біріміз

Ернар:

Армысы? сен? алтын ?я мектебім

Са?ан айтар жыр – ал?ысым к?п мені?

Ж?ректерге жа??ан білім шыра?ын

Мектебіме арналады б?л биім! - Алдары?ызда «мектеп вальсі» орындайтын 4 «А» сынып о?ушылары.

М?дина.

- Ернар, мынау жау?азындай жайна?ан балалар?а ?арап, мені?де мектеп табалдыры?ын атта?ан ша?ым есіме т?сіп т?р. Ех, шіркін балалы? ша?ым!

Ернар.

- И?, М?дина ?ркектей басып, біріміз жылап, біріміз анамызды? ?олынан ?атты ?ысып ?стап, мектеп табалдыры?ын атта?ан ал?аш?ы с?тін  кім ?мытар дейсі?!

- Олай болса мектебімізге ?андай ?н, ?андай жыр арнаса?та жарасады. Ендеше с?з кезегін 4 – сынып бітіруші т?лектерге берейік.

Айкен:

- Б?рі есімде мектепке ал?аш бар?ан к?н

К?лімдеп н?р ж?зіміз жан?ан к?н

Сы??ыр ?а?ып ?уанышты ?о?ырау

Ша?ырады ал?а бізді арман мы?

М?хаммед?ли:

- Кіріп келді, сынып?а ?стаз к?нді іліп

Б?лме іші кетті лезде шын жылып

С?лем берді ?стаз бізге жымиып

Бар шуылын балаларды? тындырып

Аллаберген:

- ?сем б?лме терезелер жап – жары?

?ой?ан дерсі?

Шыра?даннан шам жа?ып

Отырды? біз сипап б?рін та??алып!

?ли:

- К?нде осылай ?тіп жатты ?р саба?

Таразы?а т?сті талай ?анша ба?

Білімді а?сап ш?ліркеген сана?а

??йылды екен сонда ?анша бал шарап

Н?рс?лу:

- Парта?а т???ыш отырдым

?алам алып ?олыма

Сызы?тар?а толтырдым

?алдырмай д?птер жолында

М??алім: Олай болса бастауыш бітіруші т?лектеріміз ?здеріні? ?алай 1 – сынып табалдыры?ын атта?андарын, ал?аш?ы ?стаздары ?алай ?арсы ал?анын еске алып жатыр, ол с?ттерді с?здерде еске т?сіруге тырысып к?рі?іздер. Б?л балалар бірі?ізді? т?ла бой т???ышы?ыз, бірі?ізді? с?ткенже?із. ?алай айтса?та ?р баланы? отбасында ?зіндік ысты? орны бар. Сонды?тан мен сіздерге балаларды? ал?аш жатта?ан та?па?тарын о?имын сіздер тауып к?рі?іздер. Себебі олар ол кезде о?у да, жазуда, сызуда білмейтін еді. Біра? 1 – ?ырк?йекте ?ле?дерін жат?а айтты б?л кімні? е?бегі? ?рине сіздерді? е?бектері?із. Сіздер бірге жаттады?ыздар.!

(?ли)

Іші тол ?ріпке

Жа?сы кітап ?ліппе

?ліппені аламыз

Мектепке біз барамыз.

(М?хаммед?ли)

Біз жазамыз ана деп

Біз жазамыз дана деп

Біз жазамыз ?ала деп

Біз жазамыз дала деп..

(?йкен)

Аралап елді біз

Жаз бойы демалды?

К?лідеп келді к?з 

Мектепке оралды?..

(Аллаберген )

Анам менен ?кем де

Атам менен апам да

Шопан, ?ш?ыш, ?алым да,

Небір мы?ты дарын да

Тіл сындырып ?ріпке

Аш?ан ал?аш ?ліппе

(Н?рс?лу)

Бір алла?а сыйынып

Кел, балалар о?ылы?

О?ыса??ыз балалар

Шамнан жары? жа?ылар.

Экранда слайдшоу ?ткен ша?тардан естелік баяу ?уенмен

?ли:

Мен б?гін б?рын?ыдан саналымын

?о?ырау боп к?мбірлейді жа?а к?нім

Д?птерді? жазылма?ан а? пара?ы

Аяулы он бір жасар балалы?ым

Н?рс?лу:

Мектеп деген киелі ??ым, ?ажап ат

Тынысы мен тіршілігі ?аламат

Балалы?тан болаша??а ?мтыл?ан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балдыр?ан балалар »

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Кирилловка орта мектебі











Сыныптан тыс жұмыс




Бастауышым -балбұлағым

( Мектепішілік іс- шара)













Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Мағзұм Манат











2014 жыл.

Тақырыбы: БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатын, бастауышта алған білімнің негізі болып қалатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрекілігі: «Шуағын төккен төрт жыл» фотосонтаж. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.

Мұғалім: (Музыка ойнап тұрады)

Қош келіпсіздер, құрметті ата -аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттары қатайып бастауышпен қоштасқалы отыр. Олай болса «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілікті бастауға ұрықсат етіңіздер.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншыңызда

Қол соғып қошеметтеп қарсы

4 – сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері бір – бірден ортаға шығады.

Ұстаз боп әділдікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өтем

Әдеппен инабатты сақтап өскен

Қазақтың ер жігіті Әлиді мақтан етем – деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 1 – түлек Ерсайын Әлиді ортаға шақырамыз.

Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,

Түрінен көрінеді ішкі сыры

Нұрсұлу өзі сұлу, өнерлі қыз

Аспаннан шашылғандай күннің нұры! - деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 2 – түлек Мельс Нұрсұлуды ортаға шақырамыз.

Ер балаға берілер әкесінен қасиет

Ерге аманат ата – анадан өсиет

Үлкендерден үлгі өнеге алатын

Ортамызда сұңғақ бойлы Мұхамед - деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 3 – түлек

Бопаш Мұхамедәлиді ортаға шақырамыз.

Даусы әсем, нәзік биші Әйкендей,

Сүйкімді қыз үріп ауызға салғандай.

Өнерімен алға тартып сыныбын

Қараңдаршы Әйкен атты қыз қандай! - деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 4 – түлек Аманова Айкенді ортаға шақырамыз.

Атына ақылы сай бұл ұлдарың

Өскенде қуантар ата -анасын

Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым

Белсенділікпен білімге құштар әрдайым! - деп ортаға бастауыш сыныбын бітіруші 5 – түлек Женис Аллабергенді ортаға шақырамыз.

Мұғалім: Армандасаңда, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, ортаға жүргізушілерімізді шақырайық!

Ернар:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі – еркелер!

Мәдина:

Армысыздар әжелер мен аналар!

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел тәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Ернар:

- Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық! - деп шашу шашылсын! (Екі жақтан екі әже шашу шашады)

Мәдина:

Бірдей біздің ойымызда, сырымыз

Бір мектептің ұлыменен қызымыз

Бірдей өстік оқуда да еңбекте

Күліп ойнап бірімізбен – біріміз

Ернар:

Армысың сенғ алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр – алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл биім! - Алдарыңызда «мектеп вальсі» орындайтын 4 «А» сынып оқушылары.

Мәдина.

- Ернар, мынау жауқазындай жайнаған балаларға қарап, меніңде мектеп табалдырығын аттаған шағым есіме түсіп тұр. Ех, шіркін балалық шағым!

Ернар.

- Иә, Мәдина үркектей басып, біріміз жылап, біріміз анамыздың қолынан қатты қысып ұстап, мектеп табалдырығын аттаған алғашқы сәтін кім ұмытар дейсің!

- Олай болса мектебімізге қандай ән, қандай жыр арнасақта жарасады. Ендеше сөз кезегін 4 – сынып бітіруші түлектерге берейік.

Айкен:

- Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн

Күлімдеп нұр жүзіміз жанған күн

Сыңғыр қағып қуанышты қоңырау

Шақырады алға бізді арман мың

Мұхаммедәли:

- Кіріп келді, сыныпқа ұстаз күнді іліп

Бөлме іші кетті лезде шын жылып

Сәлем берді ұстаз бізге жымиып

Бар шуылын балалардың тындырып

Аллаберген:

- Әсем бөлме терезелер жап – жарық

Қойған дерсің

Шырағданнан шам жағып

Отырдық біз сипап бәрін таңғалып!

Әли:

- Күнде осылай өтіп жатты әр сабақ

Таразыға түсті талай ұанша бақ

Білімді аңсап шөліркеген санаға

Құйылды екен сонда қанша бал шарап

Нұрсұлу:

- Партаға тұңғыш отырдым

Қалам алып қолыма

Сызықтарға толтырдым

Өалдырмай дәптер жолында

Мұғалім: Олай болса бастауыш бітіруші түлектеріміз өздерінің қалай 1 – сынып табалдырығын аттағандарын, алғашқы ұстаздары қалай қарсы алғанын еске алып жатыр, ол сәттерді сәздерде еске түсіруге тырысып көріңіздер. Бұл балалар біріңіздің тұла бой тұңғышыңыз, біріңіздің сүткенжеңіз. Қалай айтсақта әр баланың отбасында өзіндік ыстық орны бар. Сондықтан мен сіздерге балалардың алғаш жаттаған тақпақтарын оқимын сіздер тауып көріңіздер. Себебі олар ол кезде оқу да, жазуда, сызуда білмейтін еді. Бірақ 1 – қыркүйекте өлеңдерін жатқа айтты бұл кімнің еңбегі? Әрине сіздердің еңбектеріңіз. Сіздер бірге жаттадыңыздар.!

(Әли)

Іші тол әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз

Мектепке біз барамыз......

(Мұхаммедәли)

Біз жазамыз ана деп

Біз жазамыз дана деп

Біз жазамыз қала деп

Біз жазамыз дала деп.......

(Әйкен)

Аралап елді біз

Жаз бойы демалдық

Күлідеп келді күз

Мектепке оралдық........

(Аллаберген )

Анам менен әкем де

Атам менен апам да

Шопан, ұшқыш, ғалым да,

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе

(Нұрсұлу)

Бір аллаға сыйынып

Кел, балалар оқылық

Оқысағңыз балалар

Шамнан жарық жағылар....

Экранда слайдшоу өткен шақтардан естелік баяу әуенмен

Әли:

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім

Дәптердің жазылмаған ақ парағы

Аяулы он бір жасар балалығым

Нұрсұлу:

Мектеп деген киелі ұғым, ғажап ат

Тынысы мен тіршілігі ғаламат

Балалықтан болашаққа ұмтылған

Түлеп ұшты талай – талай азамат

Аллаберген:

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен

Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен

Мектеп, сенсің жақсылықты ұран ғып

Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы еткен

Айкен:

Мектеп деген білім кені, жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Мұхамедәли:

Аялаған аптаған

Асыраған сақтаған

Аттандырып күнде ептеп

Айтып бәрін үйреткен

Мектебіме мың алғыс!

Түлектер хормен

Мектеп - кеме, білім – теңіз

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін

Азық етіп ер жетеміз!

Ернар:

Ән «Мектебім» орындайтын 4 «А» сынып оқушылары.

Ернар:

- «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.

Мәдина, сен ұстаз жайлы недередің?

Мәдина:

Әрине әр ұстаз шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазу,а үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Ернар:

-Дұрыс айтасың Мәдина, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшыда, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі -бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Мәдина:

- Иә, Ернар, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Мұхамедәли:

- Сырымды менің бес саусақтай біледі

Бір мен үшін бөлек жаны жүрегі

Ұстаздан асқан қамқор жанды көргем жоқ

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді

Айкен:

- Үйретіп бізге алғаш әліппені

Ұстазым ғылымға жол салып берді

Адамның ой – арманы мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Әли:

- Білімді бол, оқы үйрен – деп өсірді

Жақсылыққа баулыпта жүр не түрлі

Бала үшін бәйек болған күн – түні

Құрметтейік ұстаз деген есімді

Нұрсұлу:

- Байсалды мінезіңнен бір қалыпты

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті

Аллаберген:

- Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап

Хормен:

Жарқылдап тойға келген асыл жандар

Гүлдей боп көзімізге басылғандар

Қол жетпес арманды іске асырғандар

Ұстаздар асыл жандар, асыл жандар

Мәдина:

Ән «Ұстазым айтар әнім» Оқушылардың пән мұғалімдеріне арнау өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жакина А.Қ арнау

Орыс тілі сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі ол санаңның

Мәнісінен ой табамын

Музыка пәнінің мұғалімі Ошанова Г.С арнау

Әр сабақ өтіп жатыр білінбей

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей

Бәрі бірге: Мың алғыс сізге біздей түлектерден

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ернар: Келесі орындалатын «Өзбек биі» орындайтын Амаова Айкен

Мәдина: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, 6 жастағы сәби – балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Ернар:

- Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Осындай биікке көтерілгеніміз бірден – бір көмекші болған кімдер?

Оқушылар: - ата -аналарымыз

Мәдина. Иә,иә «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » деген гой. Қазақ халқында отбасында дұрыс алған тәрбие – баланың бар өміріне азық деген сөз бар.

Ернар:

- Олай болса осы баладарды өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аялап, мәпелеп өсірген ата – аналарына деген құрметтері қандай екен соны тамашалайық!

Ән «Мама» орындайтын 4 «А» сынып оқушылары

Мәдина: Осында отырған ата – әжелеріміздің құрметіне орай ән «жақсы көрем » орындайтын Женис Аллаберген

Ернар:

- Сонымен қатар біздің оқушыларымыз жан -жақты қоғамдық іс – шараларғада белсене араласады соның бір дәлелі оқушылар мектепте жүргізіліп жатқан кекушанкэй карэто үйірмесіне қатысуда. Алдарыңызда 4 «А» сынып оқушылары

Мәдина: Ән «Отаным»

Ернар:

- Бастауыш сыныппен қоштасушы 4 «а» сынып оқушыларының бастауыш буынға айтар алғысы.

Аллаберген:

Бастауышым - балқұрағым

Лаулап жансын шам шырағың

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраның

Әли:

Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым – балбұлағым

Қоштасар күн жетті мінезіңнен

Қимастықпен қол бұлғаймын

Айкен:

Бастауышым – балбұлағым

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын

Мұхамедәли:

Төрт жыл бойы нұрын төккен

Аттандырған ақ тілекпен

Ұстаз үмітін ақтаймыз деп

Серт береміз шын жүректен

Нұрсұлу:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын

Болармын күні ертең ақ мақтанышың

Білім алып,тер төгем, еңбек етем.

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін

Мұғалім:

- Олай болса келесі сөз кезегі Мектеп директоры Акишев А.А беріледі

(түлектерді мақтау қағаздары және ленталар табысталады.)

Мәдина:

- Сонымен бізге берілген уақытта өз мәресіне жетті – ау деймін.

Ернар:

- Бүгінгі түлектер бастауыш сыныпта көп нәрсені меңгеріп, енді орта буын қатарына өтті. Осымен «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Мұғалім:

- Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында

Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар дей келе сөз ата -аналарға беріледі.

Қорытынды: (Мұғалім)

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне

Сенімдердің айналыңдар серперіне

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін

Тек сәттілік шәкірттерім ертеңіңе

Айналайын жап -жарқын жүздеріңне

Аластайтын жаныңды күз көңілден

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Балдыр?ан балалар

Автор: Магзум Маржан

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176431


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства