kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балабақшамен қоштасу кеші"

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценария для воспитателей. для предгруппы 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балабақшамен қоштасу кеші"»

Балабақшамен қоштасу кеші

Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.

Барлығы:Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)

Рамазан:Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңізде есен – аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманың

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Сымбат :Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің , әр айың

Рамазан: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.



Ортаға екі тәрбиеші шығады «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым

Бақшамыздан тәрбие алғандарым

Енді міне ер жетіп бәрің бірге

Достарыңмен мектепке барғандарың.

Қайырмасы.

Балаларым балапан балғындарым 2 рет

Кілең беске оқыңдар жарқындарым

Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар

Барлығыңда болашаққа аттаныңдар

Аттаныңдар жұптарың жазылмасын

Ешқандайда қиындық жолықпасын

Қайырмасы.

Балаларым балапан балғындарым 2 рет

Кілең беске оқыңдар жарқындарым

1-Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл- ойларың

Қуанышы бүгінгі

Құтты болсын тойларың

тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән. «Біз өмірдің гүліміз»

Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір – бірден қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымыздың тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз

Бағдат :Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың

Айзере:Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Айткүл : Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Едік аппақ нәресте

Көп- көп бөбек көргенде

Жұбанғаным есімде

Бейбарыс: Ботақаным бөбек деп

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.

Кәусар:Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ер жетті деп бзадаөбегің

Туған Отан қуансын

Диас: Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Мектепке біз барамыз

Ортаға «Білгішбек» келеді

Білгішбек: Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы білімдісіңдер мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді

Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .

Тәрбиеші: Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емспе?

Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.

Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.

Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Ертеңгісін тұрамыз ба?

7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

Тәрбиеші : Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?

Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?

Мұнда ата - аналар бар ма? Кәне, естімей тұрмын. Ендеше ойын ойнап жіберейік.

Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

3. Тамағын уақытылы бересіз бе?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Тәрбиеші: Рахмет көп- көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

«Көңілді би»

Азиада: Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

Іңкәр :Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,

Тәтті әуені ән думан

Мектепке кетіп барамыз

Білім алған бақшадан

Арсланбек: Баулап баптап өсірдіңіз

Балалық етсек кешірдіңіз,

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Ұмытпаймыз өзіңізді.

Диана:Бақша біздің панамыз

Мектеп біздің анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім аламыз.

Тәрбиеші:-Міне балалар,сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің де басталып кетті.Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға өзіңізден бір жас кіші құрбылырыңыз келіп тұр.

Мерей:Мектепке енді барыңдар

Кілең бестік алыңдар

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік алыңдар

Мөлтен: Тауды бұзып тас жарып

Мұхиттарды жалғаңдар

Күллі әлемді шарлаңдар

Ғарышқа да самғаңдар

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Тәрбиеші:Бойы да өскен,ойы да өскен,шат бәрі,

Барлығы да бақшамыздың мақтаны.

Еркелеген кешегі ұяң балдырған

Ұл-қыз болды талап отын жандырған-дей отырып бүгінгі түлектермен танысайық.

Мақтанышы бақшамыздың Рамазан ,

Ақырын басып,сөйледі ізетпенен.

Өзі әртіс,тумасынан дарынды,

Сайыстарда өнерімен танылды.

Жолың болсын жас өркенім

Жүрсең сен қайда да!

Топ басшысы бола білген Бейбарыс

Зеректікпен көш басынан көрінген.

«Қара жорға» әуеніне би билеп,

Сахнаның табылатын төрінен





Биязы біздің Бағдат деп,

Мақтан еттік бәріміз.

Инабатын,ізетін,

Үлгі етеміз бәріміз

Жақсы оқушы болады,

Бұл ақиқат наныңыз!

Қабілетті,сымбатты

Нұрсат деген бар жігіт,

Ақылменен іс тындырар.

Нұрсат нағыз нар жігіт,

Елім,жерім дегенде,

Күш қайраты тасыған,

Атағы мәлім әлемге

Ернар жігіт ,жас ұлан.

Сабағын жақсы оқиды,

Көңілге бәрін тоқиды.

Үндемей жүрген Кәусарымыз

Бәрін ойлап толқиды.

Ұнатамыз үнін біз,

Тобымыздағы жақсы қыз.

Күлкісі де жарасымды.

Ертүгел Сымбат–биші қыз.

Тәртіпті болып жүрегі

Жымиып қана күледі

деген баламыз.

Сабақты жақсы біледі

Ойлар күмбір күй сынды,

Ұнады бізге назы ұдай

Бегарыс біздің сүйкімді.

Томпиған тойған қозыдай.

Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы Нүргүлге

Әдемі есім теңгерген.

Айтқанда әнді әуелеп,

Ерекше шығар әуені.

Айткүліміз –әнші қыз

Мақтанамыз бәріміз.

Сыпайы қыз Айзаданы

Әр қылығы назы ұнады.

Құлпырады қызыл гүлдей,

Ақылы бар қазыналы.

Білімсіз ойы толмасын,

Біледі өршіл ол ғана.

Есімі Диас болғасын

Жігердей өткір бұл бала.

Ортамыздың ажары

Эльбина -ерке қыз

Әр қылығын көтеріп

Еркелете береміз

Бақ болар бәлкім қазаққа.

Жанында жалын бар алау

Біздің ересек тобында

Бекболаттың орны даралау.

Көңіл күйін ыңғайын

Келгенде байқап білеміз.

Айтарымыз, Шынар қыз

Еркесі ғой үйінің

Күн сияқты күлімдеген

Жұлдыз сияқты жарқыраған

Слан Сымбат тобымызда

Ерекшеленер мінезімен.

Ән «Үйретеді»

Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Мктепке барамыз деп енді баларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек

С Сымбат : Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы

Директор ағайға

Ырза шеше, әке де.

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі - бәрі дап - дайын.

Қамымызды ойлаған

Жамал апайға мың алғыс!

Балауса: Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Орыс тілін үйреткен

Қос тілді бірге меңгерген

Айсұлу Бухаровнаға көп рахмет!

Диана: Еңбек еткен еңселі

Сырты менен ішіне.

Балабақшаның қызметін

Иығына көтерген.

Дәмді, тәтті тағамды

Жеткізген бізге дүкеннен.

Қоймашы Бисен ағайға мың алғыс

Нүргүл: Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер Набат апайға мың рахмет

Ернар: Үйренгеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Үйреткен Азима апайға мың алғы

Нұрсат: Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Тәрбиеші Жазира апайға

Айтамыз біз мың алғыс

Айткүл: Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған

Күтуші Гүляйым апайымызға көп рахмет

Рамазан: Талай-талай баспалдақты аттармыз

Ата-ананың үмітінде ақтармыз

АНар апай сізден алған ақылды

Есімізде өмір бақи сақтармыз.

Кәусар :Дене шынықтыру сабағын

Асыға күтіп тұрамыз

Топ ішінде, далада

Бірге ойнап жүреміз,

Үйреткен Айгүл апайға

Рахмет бізден айтамыз!

Би: «Вальс»

Тәрбиеші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік,-дей отырып балабақшамыздың әдіскеріне,ата-аналарға сөз береміз.

«Қош бол,балабақшамыз!»атты ертеңгілігімізді аяқтау барысында бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілейміз!

















































Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы Нүргүлге

Әдемі есім теңгерген.

Әкеден ұлы ұғыпты.

Әкелген әдеп қуаныш.

------------- ұяң,ұқыпты,

Білімді оқушы мақтаныш.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Балабақшамен қоштасу кеші"

Автор: НУРКАНИЕВА ГУЛШАТ ИЗГАЛИЕВНА

Дата: 22.02.2023

Номер свидетельства: 626386

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Балабақшамен қоштасу кеші""
    ["seo_title"] => string(32) "balabak_shamien_k_oshtasu_kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "387065"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486053716"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Балаба?шамен ?ошатсу кеші"
    ["seo_title"] => string(28) "balabakshamienkoshatsukieshi"
    ["file_id"] => string(6) "291286"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455100726"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(27) "balabak_shamien_k_oshtasu_1"
    ["file_id"] => string(6) "415608"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494861200"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Сценари «?ош бол, Балаба?ша!»"
    ["seo_title"] => string(31) "stsienari-k-osh-bol-balabak-sha"
    ["file_id"] => string(6) "328363"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463600452"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Сценари "?ош бол,балаба?шам!""
    ["seo_title"] => string(32) "stsienari-k-osh-bol-balabak-sham"
    ["file_id"] => string(6) "328366"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463603803"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства