ананың басты міндеттерінің бірі. Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. «Қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол», «Ұл туса елдің қорғаны, Қыз туса елдің көркі» деп халқымыз бекер айтпаған шығар. Мұның бәрі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне де тікелей байланысты болмақ. Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата – ана балаға сыншы». Үлкенді құрметпен қадір тұту, ілтипатты қарым-қатынаста болу, сыйласа білу, ата-ананы қартайғанда қарау, кішіге қамқор болу-бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заңдар. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», «Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті» т. б. мақалдардан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиеге ерекше назар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Балабақшам-бақытым!"»
«Таңшолпан» бөбек жай-балабақшасы
«Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы»
2017жыл
«Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы»
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар
Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке қуанышты балалар,
Хош келдіңдер, хош келдіңдер, ата- аналар, қонақтар!
Құрметті «Таңшолпан» балабақшамыздың көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз!Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар.
Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата- ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Бүгінгі 1- маусым Балалар күніне арналған «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы»атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Б.К.Қабанбаеваға береміз.
Ән шашу : «Біз бақытты баламыз!»
Жүргізуші : Балалар, бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге жарық жылу беретін күн келу керек еді. Бірақ күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты. Жарық, жылу беретін күнге көмектесеміз бе? Қанекей қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма?
-Күнге нелер кедергі болып тұр? Бұлттар күнді бізге қарай жібермей тұр. Күнді құтқару үшін бәріміз бірігіп сиқырлы сөздерді айтайық.
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда күн күлсін
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!
Жүргізуші: Айтқұрман Нұрайдың орындауында «Балақан» әні. Қарсы алыңыздар!
Сол емеске тіршіліктің мәні де!- дей келе ата-аналар сіздерді ортаға ойын ойнауға шақырамыз.
Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып
Қыран биік самғайды қанат қағып
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
«Джентельмендер» биі
Жүргізуші: Бүгін қызық бүгін той
Бәрін оны біліп қой
Ән де салып би билеп
Жалғастырсын ойды ой
Бірге болсын ойымыз
Құтты болсын тойымыз
Қыздарымыз шаттана
Би билесін шаттана
«Көбелек биі» биі
Ән шашу: Дәріпхан Әсемгүлдің орындауында «Сол бақыт» әні
Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын әрбір күнің арайың
Қадамдарың сәтті болсын балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!
Бақшаға біз гүл ексек ,
Балдырғаным, сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар, күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең! –деп, «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтай келе, балаларды мерекелік дастарханға шақырамыз. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.