Ма?саты: ?азіргі кездегі баланы? дамуына, жеке т?л?а болып ?алыптасуына ата-ана т?рбиес?н?і ?діс-т?сілдерін жетілдіре отырып, ?арым-?атынас орнату ж?не ?лтты? сананы бойына сі?іру. Ата - аналарды? мектепке дейінгі ?йыммен, т?рбиешімен ты?ыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ?стамдылы??а т?рбиелеуді? жолдарын к?рсету. Бала т?рбиелеу сапасыны? аз да болса жо?арлауына ы?пал ету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? р?лі" »
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың мектепке дейінгі ұйыммен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру.ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Тренинг бағдарламасы: 1. Амандасу.
2. Есімдер аллитерациясы
3. Баяндама «Ата-ана махаббаты»
4. «Өтінемін!» ойыны
5. Сергіту жаттығуы. «Жанұя ойыны»
6. «Келесі кездескенше!» жаттығуы.
7. Қортындылау.
Көрнекіліктері: Тақырып, суреттер, күн
Тренинг барысы:
Психолог сөзі: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата- ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар!
Бүгінгі біздің «Ата-ана махаббаты» атты тренингімізге қош келдіңіздер!
1. Амандасу. Әр елдің өзіндік сәлемдесу рәсімдері болады екен, олай болса біздер ортаға шығып әуеннің ырғағымен билей жүріп, иықтарымен, құлақтармен, маңдайлармен, қолдармен, тізелермен, табандармен амандасып шығайық.
2. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Тренингке қатысушы адам өзінің есімін, отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де өз есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
3. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
4. «Өтінемін» ойыны. Мақсаты: Ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, ! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т,б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарын көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
- орында тұрып отырып тұрыңдар
- өтінемін «Қара жорға» биін билеп беріңіздер.
5. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:
1. Балаңыздың туған күні? 2.Тәрбиешісінің толық аты- жөні? 3. Балаңыздың топтағы досы кім? 4. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді? 5 Балаңыздың сүйікті асы қандай? 6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді 8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз? 9. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі? 10. Балаңыздың тобында бала саны қанша?
11. Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай?
Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
6. «Келесі кездескенше!» жаттығуы.
Мақсаты: Өзара түсіністік пен сенімді арттыру, қатысушылармен кері байланыс жасау.
Нұсқау: Менің қолымдағы сиқырлы күн. Ол жарық, жылу, қуаныш, бүгінгі күн шуағының бақытын шашады. Сіздер бір-біріңізге сиқырлы күнді жалғай отырып, бүгінгі тренинг жөнінде өзара алған әсерлеріңізді бөлісесіздер және қатысушыларға өз тілегіңізді білдіресіз.
Біздің бүгінгі тренингіміз аяқталып келеді. Міне, енді қоштасатын сәт те жетті. Күн шуағы әрдайым бізге жылу береді, ал адам жақсы сөздер айту арқылы жылу таратады. Менің қолымдағы сиқырлы күнді бір-бірімізге беру арқылы жылы сөздер айтып тренингімізді келесі кездескенше деп аяқтаймыз.
Мен осы күн бейнесін қолыма алып сіздерге тілейтінім: Өміріңіз ғажайып мекеннің табиғатындай, жақсылыққа, бақытқа, қуанышқа, байлыққа толы болсын! Көңілді қуанышты күнде кездесейік.